Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia lekcia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
276.48 Кб
Скачать

Дәріс жоспары: (3сағат)

  1. Араб тілді философиясының бастауы және теологиялық дамуы.

  2. Әл-Кинди және араб тілді философиясының бастауы.

  3. Әл-Ғазали араб тілді философияның теологиялық дамуы.

  4. Ибн Рушд: дін және философия.

  5. Ибн Сина: таным теориясы. Материя және форма. Құдай және дүние мәселесі.

Бұл кезеңде схоластика мен дін қағидаларын сынаған ғалым әрі ақын Омар Хайям (1040-1123) өмір сүрді. Ол рубаилармен қатар математика, астрономия ғылымдарында үлкен із қалдырды. Ол кездегі атақты ғалымдардың бірі – әл-Хорезми (ІХ ғ.). Ол математика, астрономия, жағрапия ғылымдарының көрнекті өкілі болды. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінен шыққан ірі ғалымдардың ішінде әл-Фараби, әл-Бируни, ибн-Сина (Авиценна) ерекше орын алады.

Шығыс елдерінде дамыған ғылымдар ислам елдері арқылы Батыс елдеріне жетіп жатты. Таяу Шығыстағы араб елдерінде философия мынадай төрт бағытта болды; 1) “таза ағайындар” ілімі; 2) перипатетизм немесе материалистік бағыт. Өкілдері: Закария Рази (864-925), әл-Кинда (800 - 870), ибн-Рушд (1126- 1198) А в е р р о э с.

Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:

  1. Құрандағы философиялық және этикалық ойлар.

  2. Ислам, оның негізгі бағыттары.

  3. Ортағасырлық мұсылман философиясындағы кемелденген адам мәселесі.

  4. Ибн-Синаның ғылыми-философиялық мұрасы.

  5. Ибн-Рушдтың діни философиясы.

Әдебиеттері:

1. Григорян С.Н. Из истории философии Средней Азии и Ирана. – М., 1960.

2. Гусейнов А.А. Апресян Р.Т. Этика: Учебник для студентов высших учебных заведений. – М., 1998.

3.Есім Ғ. Фалсафа тарихы. //Сана болмысы./Саясат пен мәдениет туралы ойлар.// - 5 кітап. – Алматы, 1998.

4.Есім Ғ. Суфизмге кіріспе. //Сана болмысы./Саясат пен мәдениет туралы ойлар.// - 5 кітап. – Алматы, 1998.

5.Ибн-Сина. Избранные философские произведения. – М., 1980.

6.Игнатенко А.А. В поисках счастья. – М., 1989

7.Ислам: Энциклопедический словарь. – М., 1991.

  1. Соколов В В. Средневековая философия: Учебноепособие. – М., 1979.

  2. Сулейменов О. АЗИЯ. – Алматы, 1975.

6-тақырып. Қайта өрлеу дәуірі философиясы

Дәрістің мақсаты:Ренессанс дәуірінің ерекшелігіне тоқталу және негізгі аспектілерін ашу.

Дәріс жоспары: (3сағат)

  1. Қайта өрлеу дәуірі философиясы. Антропоцентризм және гуманизм. Өнер мәселесі.

  2. Николай Кузанский диалектикасы және пантеизм.

  3. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым.

  4. Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік – саяси философия.

Дәріс мазмұны:

ХV ғ. басталған бұл дәуірге Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шынғысқан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Европа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіруі және жаңа географиялық ашылымдарға байланысты су жолдарының дамуына себеп болды. Сол іздестіру нәтижесінде Америка ашылды, оңтістік Африка арқылы Үндістанға, Қытайға су жолы ашылып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес, енді сауда жолдары сөнген Орта Азия мен Таяу Шығыс орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Жан-жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бұзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты. Мәселен протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін, тірідей екі сағат шыжғырып өлтірілді. Сондай-ақ инквизиция Джордано Бруноны (1548-1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды: “Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолдарға бөгет бола алмайды”. Николай Коперник (1473-1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Бұл кезде ғалымдар Жер Күнді айналып қозғалатын гелиоцентрлік жаңалықтар ашты. Пантеистік, Натур-философиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401-1465) салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]