
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттері:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттері:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (2сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Дәріс жоспары : (3 сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3 сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Реферат және баяндама тақырыптары:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3 сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •2 Модуль. Философияның теориялық және методологиялық негіздері
- •Дәріс жоспары: (3 сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары : (3 сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары : (3 сағат)
Дәріс жоспары : (3 сағат)
1. Идеалдық және руханилық – адам және қоғам өміріндегі құндылықтар.
2. Адамның адамзаттық рухани тәжірибесіндегі мәні. Еркіндік ұғымы. Еркіндік адамның мәні және құндылығы ретінде.
3. Адам – қоғамның ең жоғарғы құндылығы.
Аксиология (гр.axia-құндылық және logos-ілім)-құндылықтар табиғаты туралы философиялық ілім.Аксиология 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында құндылықтар мәселесін шешуге ұмтылыс ретінде қалыптасты.
Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.«Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді.Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді.Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады.Диалектикалық материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнен, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнін, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ.
Индивидтің (жеке адамның, кісінің) өмір тәжірибесімен баянды етілген құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды бөліктеріне (элементтеріне) айналып, оның әсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам үшін олар мәнді мен мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге көмектеседі.Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері, терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады.
Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық
құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық
ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра отырып,әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады.Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз. Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз ьқосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға (идеяларға )берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі ,мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады.Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) әсер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы, білім ғылым және басқа жақтарға бөлуге болады.Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әр -дайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіптікейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл әлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты.
Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен - өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана - сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ.Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады. Аксиология құндылықтар табиғаты, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.
Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады. Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.Диалектикалық – материализм құндықтарды олардың қоғамдық – тарихи, экономикалық және әлеуметтік – саяси себептіліктерімен қоса қарастырылады.Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы , үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі.Бірақ, адамзат тәжірибесі белгілі бір қоғамдық – тарихи параметрлерде шекті және абсолютті болып көзге түсетін құндылықтар құлықтылық белгілерін тудырады.
Өзіндік бақылау сұрақтары.
1. Құндылықтар жүйесі туралы түсінік.
2. Адам және қоғам өміріндегі идеалдар, нормалар, заңдылықтар логикасы мәні.
3. Қоғамның болашағы үшін белгілі бір құндылықтар жүйесі, принциптерінің қалануы.
4 Құндылық, аксиология
5 Гуманистік дәстүр, адам, тұлға, мән, тарихи формалар.
15 тақырып. Философиялық антропология
Дәріс жоспары :
1.Руханилық және адам әлемі.
2.Рухани даму – ақиқатқа барар жол.
3.Рухани құндылықтар адам болмысының өзегі.
4.Қазақ халқы мәдениетнің қалыптасуы.
Негізгі ұғымдар:
Әлеуметтік, антропология, биологиялық, табиғат, қоғам, биосфера, ноосфера, экология, прогресс, ғылым, логика, методология, этика, мәдениет, өркениет, болашақ, ғылыми-техникалық төңкеріс, ақиқат.
Дәріс мазмұны:
Біздің білуімізше, философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай – осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолын салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша – бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады, олар: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б) ой-парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат берген қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты жеңудің жолы – аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін жөнге салып, дұрысын дамыту, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасатын оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже туғызатын дәрежеге көтеру. Мұны іске асыру, бір жағынан, адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан, мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай болса да іс-қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, ұшқарылықтан сақтануы керек. Себебі, әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттердің аралығынан туады.
Адам – феномен. Оның табиғатын түрлі ғылымдар, айталық, антропология, тарих, филология, саясаттану, этнография, саяси экономия, психология, дәрігерлік т.б. ғылымдар, сондай-ақ философия зерттейді. Ғылымда адам басты проблема болғанмен, көп жағдайда ол соңғы кездерге дейін тап, тап күрестері, өндіріс әдісі, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар, бизнес және қондырма, революция т.б. проблемалар көлеңкесінде қалып келді. Енді адам проблемасы арнайы қаралатын болды. Ең алдымен айтарымыз, адамда екі түрлі: табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) сипат болады. Әрине, адамның басты қасиеті оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады. Адамды адам еткен еңбек дейтін болсақ, сол еңбек нәтижесінде адамның санасы, тілі пайда болады. Олай болса еңбек, сана, тіл – бәрі де қоғамдық құбылыс, олар қалыптасқан, даму тарихы бар.
Қоғамдық-экономикалық формациялар деген не? Ол белгілі тарихи дәуірдегі тұтас қоғамдық құбылыс. Оның өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай буындары мен кезеңдерін формация дейміз. Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Тарихта бір формация екінші бір формациямен алмасып отырған. Оның негізі өндіріс тәсілінде жатыр. Олай болса олардың өзгеріп, дамуының объективті заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс-әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш-қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізін алғанда материалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Оның негізінде өндіргіш күштер: құрал-саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар. Оларға адамды адам арқылы өңдеу жатады. Олар саяси, құқылық, моральдық, діни, эстетикалық, философиялық қатынастар болып бөлінеді. Айталық, әрбір қоғам алдында оның өзіне тән мақсат, міндеттер қойылады. Соған сәйкес адамдарды бейімдеу, ұйымдастыру, жұмылдыру қажет болады.
Диалектикалық көзқарастың қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. progressus – ілгері қозғалу, табыс деген сөзден алынған). Прогресс – қоғамның материалдық күш-қуатының артуы, оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан-жақты жетілуіне қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарыға қарай өрлей дамуының түрі, сипаты.
Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі айрықша екені белгілі. Екінші жағынан алғанда, ғылым – қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы мен әдістері туралы сөз еткенде міндетті түрде логика, методология және әдіс деген ұғымдардың мазмұнын ашып көрсету қажет. Ғылым логикасы деп материалистік диалектиканы түсінеміз. Өйткені, ғылыми танымдағы негізгі мақсат – толық емес, дәл емес білімнің толығырақ, дәлірек білімге айналуы, жаңа теорияға көтерілу, яғни ғылыми таным – қайшылықты, күрделі әлеуметтік процесс.
Мәдениет – философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Мәдениет – адам болмысының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылысы. Оның екі түрі бар: бір материалдық жасанды дүние, екіншісі рухани дүние. Біріншісіне үй, өндіріс, киім-кешек т.б., екіншісіне – қисса, ертек, өлең-жыр, діни, ғылыми ұғымдар т.б. жатады