
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттері:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттері:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (2сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Дәріс жоспары : (3 сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3 сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Реферат және баяндама тақырыптары:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары: (3 сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •2 Модуль. Философияның теориялық және методологиялық негіздері
- •Дәріс жоспары: (3 сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары : (3 сағат)
- •Дәріс мазмұны:
- •Өзіндік бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Дәріс жоспары : (3 сағат)
Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:
Абай философиясындағы адам және еркін таңдау мәселесі.
Ауыз әдебиетіндегі философиялық мәселелер.
Ә.Бөкейхановтың философиялық идеялары.
М.Дулатовтың әлеуметтік-антропологиялық ойлары.
М.Жұмабаевтың шығармаларындағы эстетикалық-философиялық толғаныстар.
М.Әуезовтың философиялық көзқарастары.
Ш.Құдайбердиев философиясындағы сенім және парасат мәселесі.
Дулати Хайдаридің «Тарих-и-рашиди» кітабындағы тарих философиясы.
Әдебиеттер:
Әуезов М. Шығ. Жинағы. Т.14-15. – Алматы, 1974.
Абай. Шығ. Жинағы. – Алматы, 1995.
Алтынсарин Ы. Мұсылманшылық тұтқасы. – Алматы, 1991.
Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1991.
Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. – Алматы, 1989.
Бөкейханов Ә. Таңдамалы. – Алматы, 1995.
Досмұхамедов Х. Аламан. – Алматы, 1991.
Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, 1991.
Есімов Ғ. Хакім Абай. – Алматы, 1994.
Есім Ғ. Сана болмысы (саясат пен мәдениет туралы ойлар) 1-кітап, (екінші басылым). – Алматы, 1998.
Жұмабаев М. Таңдамалы. Алматы, 1992.
Қазақ. Бас ред. Ә.Нысанбаев. Құрастыр. Ү.Сұбханбердина және т.б. – Алматы, 1998.
Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы. Алматы, 1996.
Құдайбердиев Ш. Шығ. – Алматы, 1988.
Сегизбаев О.А. Казахская философия 15-начала XX в.в. – Алматы, 1996.
2 Модуль. Философияның теориялық және методологиялық негіздері
12-тақырып. Онтология: негізгі ұғымдары және принциптері
Дәрістің мақсаты: Болмыс туралы философиялық түсінік пен философия тарихындағы болмыс мәселесінің өзектілігін қарастыру, материализм және идеализм мәселесіндегі қайшылықтарға назар аудару.
Дәріс жоспары: (3 сағат)
Болмыс туралы философиялық түсінік. Болмыстың негізгі формалары.
Субстанция мәселесі. Дуализм және монизм.
Материяның ғылыми-философиялық ұғымының қалыптасуы.
Материя қозғалысының формалары. Кеңістік және уақыт.
Дәріс мазмұны:
Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі – “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдар бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді.
Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік – әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанда бұл өзінен-өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататынына қарамастан, дүние біршама тұрақты тұтас нәрсе ретінде сақталатынын да анық аңғарады.
Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады. Ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі. Сана-сезім дегеніміз – адамның өзін ойлай алатын, сезе білетін, әрекеттенетін субъект ретінде түсіне бастауы. Дүние – табиғат, заттар дүниесі болсын, рухани дүние болсын – үздіксіз өзгерісте, қозғалыста, дамуда бола ма, жоқ, онда тыныштық, тепе-теңдік, өзгермеушілік басым ба деген сұрақ философияның көкейтесті, оның сананың материяға қатынасын қарастыратын дүниетанымдық, методологиялық маңызы зор мәселелердің бірі болып табылады. Кез-келген философиялық ілімнің ғылыми жүйесіне теория мен әдіс кіреді. Ғылыми теория (ертедегі гректің – зерттеу, ілім деген сөзінен алынған) затарды, процестерді талдайды, шын мәнінде олардың қандай екендігін түсіндіреді. Теория – белгілі бір білім саласында басшылыққа алатын идеялар жүйесі, адамдардың жинақталған тәжірибесі.