Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia lekcia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
276.48 Кб
Скачать

4 бөлiм. Дәрістердің қысқаша мазмұны

1 Модуль. Әлемдік философия: қалыптасуы және тарихи дамуы

1-тақырып. Философия пәні, қызметтері және зерттеу объектісі

Дәрістің мақсаты:Философия ғылымы жайлы түсінік, дүниетаным типтері, философияның қоғамдағы ролі жайлы студенттерге жалпы мағлұмат беру.

Дәріс жоспары: (2сағат)

  1. Дүниетаным туралы түсінік, оның қоғамдық тарихи сипаты.

  2. Дүниетанымның тарихи түрлері: мифология, дін, философия.

  3. Философия, оның мәдениеттер жүйесіндегі орны. Философия және ғылым.

  4. Философияның қызметі, оның қоғамдағы орны.

Дәріс мазмұны:

Философия – өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sohpia – даналық, екеуі қосылып “философия” деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп “фәлсафа” деп атаған. Бірақ қазірде “философия” деген сөз бұл ұғым шеңберімен шектелмейді. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика (гр. logos – ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология (гр. ontos – мән туралы ілім), гносеология (гр. gnosis – білім, таным туралы ілім), аксиология (гр. axios – құндылық туралы ілім) еді. Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Философияда екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда деп түсінеді. Екіншісі, метафизикалық (гр. ta meta, ta phyzika деген екі сөзінен құралған) әдіс. Бұл – біріншіге қарама-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым.

Философия мен нақты ғылымдар арасында тығыз байланыс бар. Олар бірінсіз бірі өмір сүрмейді. Өйткені философия – жалпы теориялық ілім. Ол объективтік шындықтың жалпы заңдылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Әрине, ол үшін нақты ғылымдардың жетістіктерімен ұдайы қаруланып отыру қажет. Нақты ғылымдармен тығыз байланыс жасамайынша философия өмірден қол үзіп, алшақтап, схоластикалық ілімге айналады.

Сонымен философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой-санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой-пікірдің жиынтығы. Ол философияның негізгі мәселесін әрқилы түсіндіретін түрлі философиялық ағымдар мен бағыттардан тұрады.

Әдебиеттер:

  1. Абишев Қ. Философия. (Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.

  2. Ильенков Э.В. Диалектическая логика. – М., 1984.

  3. Кессиди К.Х. От мифа к логосу. – М., 1972.

  4. Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. – М., 1991.

  5. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию. – М., 1990.

  6. Мир философии. Ч.1., - М., 1991.

  7. Мифы народов мира: Энциклопедия в 2 томах. – М., 1991.

  8. Ортега-и-Гассет Х. Что такое философия? – М., 1991.

  9. Хайдеггер М. Что такое философия? – М., 1967.

  10. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.

2-тақырып. Көне Шығыс философиясы.

Дәрістің мақсаты:Ежелгі Үнді, Қытай топрағындағы философиялық ойлар, бағыттар жайлы деректер алу.

Дәріс жоспары: (3сағат)

  1. Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы және кезеңдері.

  2. Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері.

  3. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, өзіндік болмысы.

  4. Даосизм және Конфуций ілімі – Қытай философиясының негізгі ағымы.

Дәріс мазмұны:

Ол біздің заманымызға дейінгі Х ғасырда басталды. Бұл қола дәуірінен темір дәуіріне көшу, рулық-тайпалық құрылымның ыдырауы, товар-ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттің пайда болуы кезеңдері болатын.

Үнді қоғамында веда кейін өз алдына брахмандар дамытқан кітапта жазылған діни – ареньяк (тоғай кітабы), оны таратқан шайқыларға, сондай-ақ – упанишада (ұстаз қасында отырып дәріс тыңдау) дәстүрлеріне айналды. Бірақ веданың нағыз шын берілген қолдаушысы жоғары каста – брахмандар болды. Кейін осылардың негізінде тұңғыш үнділік философия қалыптасты. Жайнизм – этикалық ілім. Оның негізі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Жайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат атом, не атомдар қосындысы) субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеңістік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Жан – мәңгі, оның мүмкіндіктері шексіз. Бірақ ол денемен бірге өмір сүреді. Бұл оны шектегендік болып табылады.

Буддизм – біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырларды діни ілім ретінде дүниеге келді. Ол брахманизмге қарсы әділдік көксеген төменгі таптар арасында пайда болды. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты, дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха немесе Гаутама Будда. Ол б.з.б. VI ғасырда өмір сүрген. Бұл дін Шығыс елдеріне (Қытай, Жапония, т.б.) кең тараған. Буддизм теориялық философиядан гөрі діни этикаға негізделген. Мақсаты адамдарды түрлі рухани азаптардан босату және оған жетудің жолын іздестіру. Буддизм кейін бірнеше ағымдарға бөлінеді. Ертедегі Үнді философиясында материалистік ағым да болды. Оны локаята (немесе чарвактар) дейді. Локаята бұл дүниеден басқа о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді. Табиғаттағы заттар: ауа (жел), от (сәуле), су, жерден тұрады дейді.

Ертедегі Қытай философиясында конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам Конфуций (б.з.б. 551-479 жж.) ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған орны ерекше. Ол бірнеше кітаптар құрастырды (“Өлеңдер кітабы”, “Көктем және күз” жылнамасы, т.б.) бұл кітаптарда Қытай мәдениеті жинақталған.

Идеализм мен мистикаға қарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Лао-Цзы (VI-V ғ.) ілімі дүниеге келді, өмір сүрді. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын Көк Аспан емес, Дао деп қарады. Дао – заттардың табиғи заңы, ол цзи субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, деді.

Өзіндік бақылау үшін сұрақтар:

  1. Ведалар философиялық ойдың бастауы ретінде.

  2. Буддизм философиясы.

  3. Ежелгі Үндідегі философиялық мектептер.

  4. Даосизм мен конфуцийлік ілімдегі (конфуцианство) адам мәселесі.

  5. Ежелгі Қытайдың философиялық мектептері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]