Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
avtomat_referat.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.2 Mб
Скачать

4.2. Қысқа және қайталанбалы - қысқа уақытты режимдер үшін қозғалтқыш қуатын таңдау. Ілеспелі жетек үшін қозғалтқыш қуатын таңдау.

Жылыту және суыту жағдайына тэуелді болатын қозғалтқыштың жұ-мыс жасау кезінде оның жұмысының негізгі үш: ұзақ уақытты, қысқа уақытты жэне қайталама қысқа уақытты режимдерін бөліп көрсетуге болалы.

Ұзақ уақытты деп қозғалтқыштың жұмыс уақытында оның қызу температурасы мүмкін болатын мәнге жетпейтін режимді айтады (8.1-суреттегі Qз режимі). Мұндай режим t > (3+4) Тт- болғанда орындалады.

Қысқа уақытты деп қозғалтқыш жүмысынын, уақытында оның тем-пературасы орнатылған мэнге жетпейтін, ал үзіліс уақытында температура қоршаған орта температурасына дейін төмендейтін режимді айтады.

Мұндай режимдегі температуралық қисық түрі 8.3-суретге келтіріл-ген. Әдетте, қысқа уақыттық жұмыс режимінің қозғалтқыштарына арнал-ған каталогтарда оның қосылуының мүмкін болатын уақыты көрсетіледі.

Егер ұзақ уақытты жұмыс режиміне есептелген қозғалтқыш қысқа уақытты режимде жұмыс жасайтын болса, онда ол жүктемелік иінкүшті номиналдыдан асырып жібереді және үлкен қуатты номиналдыға қарағанда, қысқа уақытга тарата алады. Қосылу жағдайының ұзақтығы 1В термиялық қайта жүктемелеу коэффициентінің көмегімен анықталады, ол қысқа уақыттық режимде Q п ұзақ уақытты режимдегі номиналды жоғал-туларға Q п қатысты алғандағы қозғалтқыштағы жылытуға кететін шығындардан қанша есе асуға болатынын көрсетеді:

(8.7) теңдеуін (8.8) тендеуіне Коя отырьш және алынған теңдеуді тдоп қысқартып, мынаны аламыз:

Қайталама-қысқа уақытты деп қосылу жағдайының уақытында tкос қозғалтқыш температурасы орнатылған мәнге жетпейтін, ал үзіліс уақытында tүз қоршаған орта температурасына дейін төмендеп үлгермейтін режимді айтады.

8.4-суретте қайталама - қысқа уақытты режим кезіндегі температура өзгерісінің қисығы көрсетілген.

Бұл режим, әдетте, пайызбен өрнектелетін қосылу үзақтығы (ПВ) деп аталатын салыстырмалы коэффициентпен сипатталады:

Өнеркәсіптік борттық қозғалтқыштардың қосылу ұзақтығы 15,25 немесе 40%, көбінесе авиациялық қозғалтқыштар үшін үш түрін шығарады, ПВ=10%(кейде ПВ=1,5%).

Егер жылыту мен суытудың уақыттық тұрақтыларын Тт-ға тең деп алатын болсақ, онда термиялық жүктемелердін, коэффициенті келесі теңдеумен анықталады:

8.3. Жүктеме иінкүштерінің түрлері

Өндірістік механизмді қозғалысқа келтіретін қозғалтқыш жұмысын қарастырған кезде, ең алдымен қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары өндірістік механизмдерінің сипаттамаларына сәйкестігін қаматамасыз ету қажет. Сондықтан жобалауды дұрыс жасау және электр жетегін дұрыс пайдалану үшін осы сипаттамаларды білген жөн. Жүктемелік иінкүш пен (кедергі иінкүші) айналу жиілігінің арасындағы тэуелділік Мс=f(w) ендірістік механизмнің механикалық сипаттамасы деп аталады.

Қозғалтқыш жүктемелік иінкүшті, яғни оның білігіне келтірілген жүктемелік иінкүш пен кедергі иінкүшінен Мс және қозғалтқыштың өзінің үйкеліс иінкүшінен құралатын иінкүшті жеңе алуы керек. Түрлі өндірістік механизмдер әртүрлі механикалық сипаттамаларға ие болады. Кейбір жағдайларда жүктемелік иінкүш кездейсоқ шама болып табылады.

Соған қарамастан жүктеменің көп түрлілігін айналу жиілігі немесе механизмнің бұрылу бұрышына тәуелді болатын иінкүш өзгерісінің сипатгамасы бойынша жүйелеуге болады жэне бірнеше типтік заңдылық түрінде көрсетуге болады.

1. Айналу жиілігіне шамасы бойынша да таңбасы бойынша да тәуелді болмайтын жүктемелік иінкүш, яғни тұрақты иінкүш (8.5а-сурет); Мс=сопtі. Жүктеменің мұндай түріне мысалы ретінде жүктің көтерілуі мен түсуі; жылжымалы материалдың тұрақты көлемінің конвейерлерін алуға болады.

2. Жүктемелік иінкүштін, тағы бір түрі құрғақ үйкеліс иінкүші болып табылады (8.5б-сурет), ол шамасы бойынша өзгеріссіз, бірақ айналу жиілігінің бағытына қарама қарсы бағытталған: Мсс signwс болады. Аз қуатты ілеспелі жүйелерде жэне электр жетектерінде бұл түрі негізгі болып табылады.

Вентильдер, дроссельдер, температураны автоматты реттеу жүйелеріндегі клапан, газ бен сүішқтық шығынның, кейбір станоктардың винттері, потенциометр щеткалары жэне т.б. құрылғылардың жетектері үйкеліс иінкүшімен анықталады.

3. Тұтқыр үйкеліс иінкүші деп Мс=кwn жүктемелік иінкүшін айтамыз (8.5в-сурет), мұндағы к — пропорционалдық коэффициент. Мүлдай сипат-тама, мысалы, тұрақты ток генераторының жетегінде болады.

4. Жүктемелік иінкүштің айналу жиілігіне тәуелділігі, мысалы, желдеткіштің ортадан тепкіш насостың, әуе винтінің иінкүші 8.5г-суретте көрсетілгендей тәуелділікте болады. Мұндай жүктемелік иінкүшті Мс=кwn формуласымен сипатгайды, мұндағы n=1,7-2,05 және оны желдеткіштік деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]