Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕСЖ 1,2,3..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.08 Mб
Скачать

Профильді салу

Нивелирленген трассаның нүктелерінің есептеліп шығарылған биіктік белгілері бойынша оның профилі салынады. Профильді жол-жол сызықты қағазға нивелирлеу журналы мен пикеттік кітапшаның мәліметтері бойынша сызады. Бойлық профильге көбірек көрнекілік беру мақсатымен, әдетте вертикаль масштабты горизонталь масштабпен салыстырғанда 10 есе үлкейтіп қабылдайды.

Бойлық профильді салу мына тәртіп бойынша жасалады (1-сурет):

1. Шартты горизонтты (ШГ) таңдайды, оның сызығынан профильдің_ең аласа нүктесі 4—5 см-ден артық қашықтықта

1-сурет

болмауы керек, шартты горизонттың (ШГ) биіктік белгісі 10 м-ге еселі болуы тиіс.

Шартты горизонттың сызығынан төмен профиль торын орналастырады, ол қажетті мәліметтерді енгізуге арналған жол-жол сызық болып саналады.

Ара қашықтық графасына қабылданған масштабқа сәйкес пикеттер мен аралық нүктелер арасындағы горизонталь ара қашықтықтарды салады. Содан кейін осы ара қашықтықтарды көшіру арқылы профиль нүктелерінің орнын шартты горизонттың сызығында белгілейді. Осы нүктелердің перпендикулярларында вертикаль масштабта профиль биіктік белгілерін тұрғызады, олар нүктелердің абсолют биіктік белгісі мен шартты горизонттың айырымы болып саналады, яғни

Перпендикулярлардың шеттерін сызықтармен қосып трассаның шын профилін алады.

4. Профильге инженерлік жұмыстар нәтижесінде табиғи профильдің орнын басатын қолдан жасалатын жобалау сызығын салады. Жобалау сызығын грунтты қазу және толтыру жөніндегі жер бетіндегі жұмыстардың минимумын ескере отырып таңдайды. Оның өзі де жобада таңдап алынған көлбеулік құрылыстардың осынау түріне қойылатын техникалық талаптарға сәйкес берілген шамадан артық болмауы тиіс.

Трассаның жобалық көлбеулігін мына формуламен есептейді:

мұндағы һ — жобалау сызығы шеттерінің салыстырмалы биіктігі; d — осы сызықтың горизонталь ұзындығы; Нжб, Нжс, жобалау сызығының басы мен соңының профильден графикалық түрде алынатын жобалық биіктік белгілері.

5. Трасса нүктелерінің жобалық биіктік белгілерін мына формуламен есептейді:

Мұндағы dn — трассаның бастапқы нүктесінен n нүктесіне дейінгі горизонталь ара қашықтығы; і — трассаның жобалық көлбеулігі. Жобалық биіктік белгілерін әдетте қызыл тушьпен жазады, сондықтан оларды қызыл биіктік белгілері деп атайды.

Жұмыс жасау биіктік белгілерін тиісті нүктенің жобалық және табылған биіктік белгілерінің айырымы ретінде анықтайды, яғни

Жұмыс жасау биіктік белгілері осы нүктедегі қазудың тереңдігін немесе толтырудың биіктігін анықтайды. Жер қазу жұмыстарын жүргізгенде осы цифрлар өте маңызды цифрлар болып саналады.

7. Жобалау сызығының табиғи профиль сызығымен қиылысқан жері нөлдік жұмыс жасау нүктелері деп аталады. Осы нүктелердің жұмыс жасау биіктік белгілері нөлге тең болатындықтан жер қазу жұмыстары бұл нүктелерде жүргізілмейді. Трассадағы олардың орнын метрдің ондық бөлігіне дейінгі дәлдікпен білу керек, өйткені жер қазу жұмыстарын әдетте осы нүктелерден бастайды. Нөлдік жұмыс жасау нүктелерінің биіктік белгілерін жобалық биіктік белгілері қатарына көк тушьпен жазады.

Трассаны планға нивелирлік жүрістің бұрылу бұрыштарының координаталарымен немесе пикет қабырғаларының ұзындығы мен азимуттары арқылы салады. Планда трассаны нивелирлеу кезіндегі жергілікті жердің түсірілген бет бедері кескінделеді.

8 – кесте