Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕСЖ 1,2,3..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.08 Mб
Скачать

Қазақстан білім және ғылым министрлігі

м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

«Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы

Қасымбекова Қ.Т.

«Геодезия» пәнінен

Есептік-сызба жұмысын

орындауға арналған

әдістемелік нұсқау

оқу түрі: күндізгі

Шымкент – 2010ж.

ӘОЖ 528.4:69 (075.8)

КБЖ 38.115

Құрастырған: Қасымбекова Қ.Т. «Геодезия» пәнінен студенттердің Есептік-сызба жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010- 40б.

Әдістемелік нұсқау «Геодезия» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес Есептік-сызба жұмысын орындау мәліметтерімен қамтылған.

Әдістемелік нұсқау 5В072900-«Құрылыс» мамандығының типтік бағдарламасына сәйкес жазылған. Есептеуге қажетті бастапқы мәліметтер мәндері келтірілген.

«Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедра мәжілісінде («27» 10. 2010ж., хаттама №4 ) талқыланып, бекітілген.

«Құрылыс, машинажасау және көлік» факультетінің әдістемелік комиссиясында («5 » 11. 2010ж., хаттама №3 ) талқыланып, бекітілген.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ оқу - әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылған, («21» 01. 2011ж., хаттама № 3 )

© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2011ж.

Ш ығаруға жауапты Қасымбекова Қ.Т.

Мазмұны

Кіріспе

4

1. Есептік сызба жұмысының мақсаты мен мәселелері

4

2. Есептік сызба жұмысының мазмұны, тапсырма алу және орындау реті

5

3. Жер бетін горизонталь тегістеу және қазу көму жұмыстарының картограммасын құру

5

4. Теодолиттік түсірістегі далалық өлшеулер нәтижелерін есептік өңдеу

12

5. Теодолиттік түсірістің планын салу

18

6. Геометриялық нивелирлеу нәтижелерін ғылыми өңдеу

23

7. Профильді салу

28

8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

38

Кіріспе

Қазіргі кезде «Құрылыс» мамандықтары үшін инженерлік – геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру, яғни теориялық алған білімін әр студентке жеке тапсырма беріп, есептік – сызба жұмыстарын орындау арқылы ұштастыру қажет болып табылады. Студент пәннің теориялық негізін игеру үшін өз бетінше жеке тапсырма алып, есептік – сызба жұмысын орындайды. Әдістемелік нұсқау 5В072900 «Құрылыс» мамандығының типттік бағдарламасына сәйкес жазылған. Әдістемелік нұсқауда әрбір есептік – сызба жұмысының басында қажетті формулалар мен үлгілер, шығару жолдары келтірілген, соңында бақылау сұрақтары берілген.

Есептік сызба жұмысын орындаудың мақсаты мен мәселелері

Есептік – сызба жұмысын орындаудың негізгі мақсаты студенттердің алған білімін ұжымды қолдану және теориялық алған білімін аудиториядан тыс игеруіне үлкен септігін тигізу. №1 есептік сызба жұмысын орындау шәкірттерге 3 курста «Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәнінен «Жер жұмысын жүргізу» курстық жұмысын орындауға бастапқы негіз болып табылады.

№2 есептік – сызба жұмысын орындау нәтижесінде топографиялық планды салуды үйренеді, ғимараттың негізгі осін жергілікті жерге көшіру жобасын жасау үшін пайдаланады, геодезиялық жұмыстардың жалпы технологиясын ұғынуға мүмкіндік туғызады.

№3 есептік – сызба жұмысын орындаудың мақсаты техникалық нивелирлеу журналын камеральды өңдеу және трассаны жобалау. Техникалық нивелирлеу 1:200-1:2000 масштабтардағы топографиялық түсірістердің биіктік негіздеулерін құру мақсатында, сондай – ақ әр түрлі инженерлік құрылыстарды салу үшін жасалынады. Нивелирлеу бір бағытта және екі репер арасында жүргізіледі. Жалпы, студенттердің далада атқарылған топогеодезиялық жұмыстарын есептеу – сызба жұмысын өз бетінше орындау нәтижесінде дәріс кезінде алған білім деңгейін көтеруге, ойлау белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

Есептік сызба жұмысының мазмұны, тапсырма алу және орындау реті

«Жер бетін горизонталь тегістеу және қазу – көму жұмыстарының картограммасын құру» есептік – сызба жұмысында жер массаларының картограммасын құру және жер жұмыстарының көлемін есептеу үшін құрылыс салынатын жердің биіктік белгісі мен жобалық биіктік белгісі белгілі болу керек. Жер массасының балансын есептегенде жұмыс биіктік белгілерінің таңбалары ескеріле отырып, барлық фигуралардағы жер жұмыстарының көлемі анықталады және жер массалараның кортограммасы сызылады.

«Теодолиттік түсірістегі далалық өлшеулер нәтижелерін есептік өңдеу» есептік – сызба жұмысында теодолитік жүріс нүктелерінің координаталары есептеліп, 1: 2000 масштабтағы құрылыс учаскенің планы сызылады. Теодолиттік жүріс нүктелерінің координаталарын есептеу үшін әр студентке жеке тапсырма ретінде алғашқы дирекциондық бұрыш мәні беріледі.

«Геометриялық нивелирлеу нәтижелерін ғылыми өңдеу» есептік – сызба жұмысында нивелирленген трассаның есептеліп шығарылған биіктік белгілері бойынша оның профилі сызылады. Профилге инженерлік жұмыстар нәтижесінде табиғи профилдің орнын басатын қолдан жасалатын жобалар сызығы салынады. Жобалау сызығын жер жұмысының балансын ескере отырып салады. Трассаның жобалық көлбеулігін есептейді.

Студент есептік – сызба жұмысына жеке тапсырма нұсқасын журналдағы реттік сан бойынша алады.

№1 есептік – сызба жұмысында квадраттар бойынша нивелирленген құрылыс алаңының биіктік белгісі әр студентке нұсқа бойынша беріледі, ол 2- кестеде келтірілген.

№2 есептік – сызба жұмысына берілетін тапсырма нұсқасы ( дирекциондық бұрыш мәні) 4 – кестеде келтірілген.

№3 есептік сызба жұмысына берілетін трассаның бастапқы және соңғы реперінің биіктік белгісінің мәні 8 – кестеде келтірілген

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]