Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.99 Mб
Скачать

Бақылау жаттығулары.

Өз бетімізбен кестелер құрастырушысында жұмыс жасап қарайық.

Access деректер қорының файлын автоматты түрде жаңартады. Оның нәтижелік нұсқасын сақтау үшін Контактілер.mdb және Тізім.mdb файлдарына сәйкесінше Контактілер_копия.mbd және Тізім_копия.mbd файлдар көшірмелерін проводникте құрыңыз. Бақылау жаттығуын аяқтаған соң Контактілер_копия.mbd және Тізім_копия.mbd файлдарын қайтадан Контактілер.mdb және Тізім.mdb атына өзгертіңіз.

  1. Контактілер кестесін құрастырушы режимінде ашыңыз.

  2. Мекен-жайы өрісінің типін МЕМО өрісіне өзгертіңіз.

  3. Аты мәтіндік өрісінің ұзындығын 30 символ ұзындықпен шектеңіз.

    • Өріс ұзындығын қандай параметр анықтайды?

  4. Фамилия өрісі кілттік болып табылады. Access-тегі Контактілер кестесіне жазбаларды бос Фамилия өрісі арқылы қосуға тиым салыңыз.

    •  Бос өріс қосуға тиым салу қалай орындалады?

  1. Құрастырушыны жауып кесте құрлымын сақтаңыз.

  2. Әдіс атымен жаңа кесте құрыңыз.

  3. Құрастырушыда кестеге санауыш типімен Әдіс ID өрісін және мәтіндік типімен Нұсқа өрісін қосыңыз. Олардың біріншісін кестенің кілті етіп жасаймыз.

  4. Редакторлау режиміне өтіп, кестедегі Әдіс өрісіне Телефон, Хат, Факс сөздерін енгізіп, үш жазба толтырыңыз. Бұл кесте байланыс мүмкін болатын әдістерін сақтайтын болады.

  5. Құрастырушы көмегімен Тізім кестесіне сандық типпен Әдіс ID өрісін қосыңыз.

  6. Ауыстыру шебері көмегімен Әдіс кестесінен Әдіс ID және Нұсқа өрістерінен тұратын ауыстыру өрісін орнатыңыз.

    • Ауыстыру тізімінде әдіс аттарынан басқа оның кодтық нөмірі де шығатын етіп қалай жасауға болады?

  1. Тізім кестесінің алдынан бар жазбаларына жаңа өріс мәнін оны ауыстыру тізімінде таңдап енгізіңіз.

  2. Деректер қорын жабыңыз.

    • Деректер қорын қандай амалдар арқылы жабуға болады?

Дәріс тақырыбы

Бұл сабақта анықталған критерилер негізінде деректер қорынан ақпараттарды таңдау, есептеулер жүргізу және деректерді іріктеу әдістері туралы айтылады. Келесі тақырыптар қарастырылады:

  • сұраныстар шебері;

  • сұраныстар құрастырушысы;

  • таңдау шарты;

  • нәтижелік сұраныс;

  • әрекеттерге сұраныс;

  • іріктеу (фильтр).

Деректер кестелері ақпараттарды сақтауға арналған. Әрине, сізге тек деректерді енгізіп қана қоймай сонымен бірге бұрын енгізілген ақпараттарды өңдегіңіз де келетін болар. Access кестелерден деректерді алудың көптеген әдістерін ұсынады. Сіз формула көмегімен нәтижелік мәндерін есептеуіңізге немесе қажетті жазбаларды іріктеуіңізге, белгілі бір таңдау ережелерін қолдана отырып деректерді сұрауыңызға болады.

Сұраныстар

Сұранстар деректерді құрылымдаудың және іздеудің құралы болып табылады. Бір немесе бірнеше кестелерге адрестелген сұраныстар деректердің белгілі бір бөлігін таңдауды және оларды сұраныстардың өздерінде түрлендірілген кестелерге жіберуді қадағалайды. Нәтижесінде сіз белгілі бір ереже бойынша түрлендірілген ақпараттық жиындардың жиыны сыртқы кестелерді аласыңыз. Егер өңделуші ақпараттар көлемі үлкен болса, онда ішкі жиындардан ерекшеленіп алынған қажетті деректер оларды өңдеуге кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Негізгі деректер қоры файлдық серверде сақталатын клиент-сервер түріндегі жүйелерде сұраныстар жүйелері жергілікті желі арқылы берілетін ақпараттар көлемін қысқартуға мүмкіндік береді