Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.99 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 23. Файлдық операциялар

Деректер қорын тиісті жүйеде қолдау үшін бірнеше қызметтік процедураларды қайта-қайта орындап отыру қажет. Олардың ішіндегі ең маңыздысы файлдармен жұмыс үшін Windows стандартты құралдарының көмегімен орындалатын деректердің резервтік көшірмесі болып табылуы мүмкін. Кестелерді өңдеу және объектілерді қосу бойынша деректер қорының файлы көлемі жағынан үлкейеді. Ақпараттың қандай да бір бөлігін жою барысында ол файлдан толықтай жойылмайды. Нәтижеде деректер қорының қатты дискіде алатын көлемі айтарлықтай үлкен болмауы мүмкін.

  1. Деректер қорын сығу үшін Сервис > Қызметтік бағдарламалар > деректер қорын сығу және қалпына келтіру (Tools > Database Utilities > Compact And Repare Database) бұйрығын орындаңыз.

  2. Деректер қорының файл көлемін сығуға дейін және сығудан кейін салыстырыңыз. Сіз дискі аумағын үнемдеуде сығу қаншалықты тиімді екенін көресіз.

Дәл осы бұйрық электрқорегінің тосыннан болған қателігі нәтижесінде бүлінген деректер қорын қалпына келтіруді орындайды. Кейде сіз жұмыс барысында деректер қорының оғаштығын байқайсыз. Мұндай жағдайда ескертуді күтпестен деректер қорын сығу және қалпына келтіру бұйрығын орындаңыз. Access мүмкіндігінше деректер құрылымында айқындалған бұзылысты қалпына келтіреді. Егер деректер қоры құпия мағлұматтан тұратын болса, онда енуге рұқсатты шектеу және деректерді шифрлау бойынша Access мүмкіндігін пайдаланыңыз. Ашық деректер қорына құпия сөз беру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

  1. Деректер қорын жабыңыз.

  2. Құрал-саймандар тақтасындағы Ашу батырмасына шертіңіз.

  3. Файлды ашу терезесінде Контактілер.mdb белгісін ерекшелеңіз.

  4. Ашу батырмасының палитра бағыттауышына шертіп, Монополды (Open Exclusive) пунктін таңдаңыз. Ашудың мұндай режимі басқа пайдаланушының жергілікті желіден деректер қорына бір мезгілде рұқсат алынан қорғайды.

  5. Сервис > Қорғаныс > Деректер қорына құпия сөз беру (Tools > Security > Set Database Password) бұйрығын таңдаңыз.

  6. Ашылған сұқбат терезенің Құпия сөз (Password) өрісіне құпия сөзіңізді енгізіңіз.

  7. Тексеріс үшін сол құпия сөзіңізді қайталап Растау (Verify) өрісіне енгізіңіз.

  8. ОК батырмасына шертіңіз. Енді деректер қорын ашу үшін құпия сөзді енгізу қажет болады.

Ескертпе

Құпия сөзді жою үшін Сервис > Қорғаныс > Деректер қорының құпия сөзін жою (Tools > Security > Remove Database Password) бұйрығын таңдап ОК батырмасына шертіңіз.

Access-тің және бір пайдалы құралы деректер қорынан басқа қосымша Office XP-ға ақпараттарды қайта сілтеу мүмкіндігі бар. Мысалы, есептеулерді орындауға Контактілер кестесін Excel кітабына жіберу үшін келесі операцияларды орындаңыз.

  1. Деректер қоры терезесіндегі Кестелер батырмасына шертіңіз.

  2. Контактілер кестесін ерекшелеңіз.

  3. Сервис > Office-пен байланыстар > MS Excel-дегі сараптама (Tools > Office Links > Analyze It With MS Excel) бұйрығын таңдаңыз.

Ескетпе

Сіз Excel–ге деректерді жіберуден басқа MS Word-та жариялау (Publish It With MS Word) бұйрығы көмегімен сол ішкі мәзірді Word-та жариялауға немесе MS Word-тағы бірігу (Merge It With MS Word) бұйрығын орындау мүмкіндігі бар, біріктіру үшін деректердің негізі ретінде деректер қорының ақпараттарын қолдануға болады.

Access Excel XP-де бір беттен тұратын жаңа кітапты құрады және оның ұяшықтарына Контактілер кестесіндегі деректерді жіберіп оны автоматты түрде іске қосады.