Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.99 Mб
Скачать
  1. Есеп беруді жабыңыз.

  2. Нәтижелер қорытындысы.

  3. Деректер қорының көп түрлі объектілеріне қарамастан олардың барлығы сол бір әдіс көмегімен шығарылады. Есеп берудің немесе пішіннің баспадан шығару түрінің көшірмесі құрастырушы терезесінде басқару элементтерін орналастырумен анықталады. Кестелер және сұраныстардың тәжірибе жүзінде тіпті форматтау параметрлері болмайды. Ұяшықтың ұзындығы мен ені сонымен бірге ондағы мәлімет қаріпі тікелей кестені немесе сұранысты қарау режимінде Формат (Fornrat) мәзірінің бұйрықтары көмегімен бапталады. Деректерді баспадан шығармас бұрын есеп беруді алдын-ала қарау режимінде шығарып, барлығы дұрыс екеніне көзіміз жеткен соң оны қағазға шығарған жөн.

Зертханалық жұмыс №21. Алдын-ала қарау.

Деректер қорының объектілерін принтерден шығармас бұрын бет параметрлерін баптап, алдын-ала қарау режимінде форматтаудың дұрыстығын тексеру қажет. Ендеше осы мысалдардың барлығын Контактілер кестесімен орындап көрейік.

  1. Деректер қорының терезесінде Кестелер батырмасына шертіңіз.

  2. Контактілер белгішесіне екі рет шерту арқылы осы кесте деректерін редакциялау режимінде ашыңыз.

  3. Мекен-жайы (Address) бағанының оң жақ шекарасын оңға қарай созып енін үлкейтіңіз.

  4. Тізім кестесінің жазбаларын көрсету үшін Формат > Ішкі кесте > Барлығын жандандыру (Format > Subdatasheet > Expand All) бұйрығын таңдаңыз.

  5. Код_Контактілер бағанын оның тақырыбын шерту арқылы ерекшелеңіз.

  6. Ерекшеленген бағанды Формат > Бағандарды жасыру (Format > Hide Columns) бұйрығы көмегімен жасырыңыз. Осы қызметтегі бағанды баспадан шығарудыың қажеті жоқ.

  7. Бағынышты кестенің баған кілті тақырыбына шертіңіз.

  8. Формат > Бағандарды жасыру бұйрығын қайталап орындау арқылы осы бағанды да алып тастаңыз.

Ескертпе

Алдын – ала қарау режимі есеп берулерді демонстрациялаудың негізгі нұсқасы болып табылады. Сондықтан ол деректер қоры терезесіндегі есеп беру белгішесіне екі рет шерткенде екпінді етіледі.

  1. Файл > Алдын-ала қарау бұйрығын таңдаңыз. Сіз кестенің қағазға шығарылатын жорамалданған безендірірілу көшірмесін көре аласыз.

Зертханалық жұмыс № 22. Кестелер және сұраныстарды баспаға беру.

Деректер қорының екпінді объектісін (кестені, сұранысты, пішін немесе есеп беруді) баспадан шығару үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

  1. Файл > бет параметрі (File > Page Setup) бұйрығын таңдаңыз. Бет өлшемін, оның өрістері және ориентациясын баптауға мүмкіндік беретін сұқбат терезе ашылады (сурет - 3.22).

  2. Өрістер (Margins) қосымша бетінен сол жақ шегінісін 40 мм-ге үлкейтіңіз. Беттің өзгерісі Үлгі (Sample) бөлімінде демонстратцияланатын үлгіде бейнеленеді.

  3. Бетше (Page) қосымша бетіне шертіңіз. Қажет болған жағдайда ориентациясын альбомдық түрге (Landscape) өзгертіңіз.

Беттің ориентациясы және өрістері бір бетке қанша жазба сиятындығына қарай анықталады.

  1. ОК батырмасын шертіңіз.

  2. Файл > Печать (File > Print) бұйрығын таңдаңыз. Печать (Print) сұқбат терезесі ашылады.

  3. Ашылмалы тізімнен Аты (Name) деген жерден принтерді таңдаңыз. Көшірмесі (Copies) бөліміне қажетті көшірме санын көрсетіңіз және ОК батырмасын шертіңіз.

Сурет 3.22. Бет параметрлері.