Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.99 Mб
Скачать

Бақылау жаттығулары.

Бақылау жаттығуларының көмегімен төменде келтірілген амалдарды өз бетіңізбен орындап және ұсынылған сұрақтарға жауап беріп, сұраныстар және сүзгілер туралы біліміңізді бекітесіңіз.

  1. Сұраныстар шеберін іске қосыңыз.

  2. Сұранысқа Контактілер кестесінен Фамилия және Адрес өрістерін, сосын Тізім кестесінен Мерзімі және Суреттеу өрістерін қосыңыз.

  3. Жазбалар санын есептейтін нәтижелік сұранысты орындаңыз.  

    • Шебер көмегімен нәтижелік сұранысты қалай құруға болады?

  1. Құрастырушы режиміне өтіңіз.

  2. Сұраныстың үшінші және төртінші өрістерін жасырыңыз.

  3. Сұранысты Жазбалар саны атымен сақтап, жабыңыз.

  4. Тізім кестесін ашыңыз.

  5. Леонидов фамилиясына қатысты жазбаларды ғана қалдыратын сүзгіні қосыңыз.

  6. Күрделі сүзгі терезесін ашыңыз.

  7. Петровқа тиісті жазбалар да қалатындай етіп сүзгілеу шартын өзгертіңіз.

    • Қандай таңдау шартын қосу қажет?

  1. Жаңартылған сүзгіні қойыңыз.

  2. Орындалған сүзгіні сұраныс ретінде сақтаңыз.

  3. Сұраныс құрастырушысында жаңарту сұранысын ашыңыз.

  4. Оны SQL режимінде қараңыз.

    • SQL қарау режимін қалай қосамыз?

  1. Деректер қорын жабыңыз.

Дәріс тақырыбы.

Деректер қорының ақпараттары кестелерде сақталады, бірақ олармен жұмыс жасау ығңайсыз. Ақпараттарды енгізу, өңдеу және баспаға беру үшін формалар және есептер арналған. Сіз олармен осы дәрісте танысасыңыз, ал жаттығуларда келесі тақырыптар қарастырылады:

  • форма шебері;

  • форма құрастырушысы;

  • басқару элементтері;

  • форманың тақырыбы және ескертуі;

  • есеп беру шебері;

  • есеп беру құрастырушысы;

  • топтастыру және сұрыптау;

  • деректерді баспаға беру.

Форма

Кестелер және сұраныстар жазбалардың ұзын тізімін экранға шығаруға мүмкіндік беретін болса, ал формалар нақты жазбаға тоқталуға мүмкіндік береді. Олар ақпараттарды енгізуді, өңдеуді және қабылдауды жеңілдетіп, түрлендіру элементтерін және көмекші қолтаңбаларды құрауы мүмкін.

Зертханалық жұмыс №14. Пішін шебері.

Форма шебері уақытты үнемдеуге және кез-келген кесте жазбалары үшін көзтартарлық формаларды тез құруға мүмкіндік береді.

  1. Файл > Ашу (File > Open) бұйрығы көмегімен алдыңғы дәрісте құрылған Контактілер деректер қорын ашыңыз.

  2. Деректер қоры терезесінде Формалар (Forms) батырмасына шертіңіз.

  3. Формалар тізімінен Шебер көмегімен форма құру (Create Form By Using Wizard) белгісіне шертіңіз.

  4. Шебердің бірінші терезесіндегі (3.1.-суретте көрсетілген) Кестелер/сұраныстар тізімінен кестелер бөліміндегі Контактілерді таңдаңыз.

Сурет 3.1. Формалар шебері.

  1. Таңдалған өрістер тізіміне кестенің барлық өрістерін қосу үшін >> батырмасын шертіңіз.

  2. Код_Контактілер бөлімін ерекшелеңіз және < батырмасына шерту арқылы бұл өрісті қайтадан сол жақтағы тізімге орнатыңыз. Код_Контактілер өрісінің құрамы автоматты түрде генерацияланады, ал оның мәні пайдаланушылар үшін қажетсіз сондықтан бұл өрісті формаға қосудың қажеті жоқ.

  3. Әріқарай батырмасына шертіңіз.

  4. Сұхбат терезесінің келесі терезесінде форма үшін Теңестіру (Justified) стилін таңдап, Әріқарай батырмасын шертіңіз.

  5. Үшінші терезенің тізімінен Камень (Stone) әсемдеу нұсқасын немесе кез-келген сізге ұнаған стилді таңдаңыз және тағы да Әріқарай батырмасына шертіңіз.

  6. Шебердің соңғы терезесінде ешқандай параметрлерін өзгертпестен Дайын батырмасына шертіңіз. Шебер форманы генерациялайды және оны деректерді қарау режимінде ашады.

Форма терезесі шебердің бірінші кестесінде таңдалған кестенің барлық өрістері үшін көрсету аумағынан және тақырыбынан тұрады. Форманың төменгі бөлігінде кесте терезесінің аналогты батырмалары, жазбалар бойынша ауысу батырмалары орналасқан.

  1. Василии Петров туралы ақпаратқа жету үшін Келесі жазба батырмасына бірнеше рет шертіңіз. Бұл жазбада адресі, компания аты және телефоны жоқ

  2. Адрес қолтаңбасынан төменгі өріске шертіп, Василии Петровтың адресін енгізіңіз.

  3. Аналогты әдіспен компания атын және телефонын қосыңыз (сурет 3.2).

Сурет 3.2. Контактілер кестесі үшін форма.

  1. Жаңа жазба (New Record) батырмасына шертіңіз және тағы да бір адам туралы ақпаратты қосыңыз. Көріп тұрғаныңыздай, форма кез-келген жазбаны қарауға және өңдеуге, сонымен бірге жазбалар қосуға мүмкіндік береді.