
- •5B070400 - «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету»
- •5B070300 - «Ақпараттық жүйелер»
- •Зертханалық жұмыс №1. Кестелер шебері.
- •Тапсырма №1
- •Тапсырма №2
- •Зуртханалық жұмыс №2. Кесте құрылымы.
- •Зертханалық жұмыс №3. Ауыстыру тізімі
- •Зертханалық жұмыс № 4. Кестелер байланысы.
- •Зертханалық жұмыс №5. Өрістер параметрлері.
- •Зертханалық жұмыс №6. Индекстер.
- •Бақылау жаттығулары.
- •Дәріс тақырыбы
- •Сұраныстар
- •Зертханалық жұмыс №7. Сұраныстар шебері.
- •Зертханалық жұмыс №8. Сұраныстар құрастырушысы.
- •Зертханалық жұмыс №9. Таңдау шарттары.
- •Зертханалық жұмыс №10. Нәтижелік сұраныс.
- •Сүзгілер (фильтры).
- •Зертханалық жұмыс №12. Сүзгіні орнату.
- •Зертханалық жұмыс №13. Сұранысқа түрлендіру.
- •Бақылау жаттығулары.
- •Дәріс тақырыбы.
- •Зертханалық жұмыс №14. Пішін шебері.
- •Зертханалық жұмыс №15. Пішін құрастырушысы.
- •Зертханалық жұмыс №16. Басқару элементтері.
- •Зертханалық жұмыс №17. Тақырыптар (заголовок) және ескертулер (примечание).
- •Есеп беру.
- •Зертханалық жұмыс №18. Есеп беру шебері.
- •Зертханалық жұмыс №19. Есеп беру құрастырушысы.
- •Зертханалық жұмыс №20. Топтастыру және сұрыптау.
- •Нәтижелер қорытындысы.
- •Зертханалық жұмыс №21. Алдын-ала қарау.
- •Зертханалық жұмыс № 22. Кестелер және сұраныстарды баспаға беру.
- •Зертханалық жұмыс № 23. Файлдық операциялар
- •Бақылау жаттығулары.
- •Зертханалық жұмыс № 24. Visual FoxPro бағдарламасында командалық жолдармен жұмыс.
- •Зертханалық жұмыс № 26. Visual FoxPro бағдарламасында кесте құру.
- •Зертханалық жұмыс № 27. Пішін құру.
- •Table Designer терезесінің Indexes бөлігіне өтіңіз;
- •6. Order бағанында Өсу бойынша параметірін бекітіңіз және ок кнопкасын басыңыз.
- •Зертханалық жұмыс № 28. Сұранысты шебердің көмегімен құру.
- •Зертханалық жұмыс № 30. Кестелерді біріктіру, кестені сорттау, деректерді конверциялау, импорттау және экспорттау.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Көлік және құрылыс факультеті
«Информатика және есептеуіш техника» кафедрасы
Балтабекова Ж.Т.
«мәліметтер қоры» пәнінен
5B070400 - «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету»
5B070300 - «Ақпараттық жүйелер»
мамандық студенттері үшін
зертханалық жұмыстар жиынтығы.
Ақтау 2013 жыл
Зертханалық жұмыс №1. Кестелер шебері.
Жұмыс мақсаты: деректер қорында кестелерді шебер көмегімен құруды, олардың құрлымын беруді, өрістер типін таңдауды және олардың қасиеттерін басқаруды үйрену.
Кестелер шебері көмегімен деректердің көп кездесетін құрлымын құруға болады. Кестелердің құрлымын жаңадан құрмас бұрын кестелер шеберінің стандартты шаблонының бірін қолдануға болатынын ойлаңыз. Бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, сіз байланыста жүрген адамдар тізімін сақтауға арналған деректер кестесін құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.
Тапсырма №1
Келесі бұйрықтар көмегімен Microsoft Access бағдарламасын іске қосыңыз, Пуск > Программы (Start > Programs).
Пайда болған тапсырмалар аумағы қосымшасының Создание файл (New File) терезесіндегі Создание (New) бөліміндегі Новая база данных (Blank Access Database) пунктіне шертіңіз (сурет 1.1).
Жаңа деректер қоры сұқбат терезесі ашылады (File New Database).
Сурет 1.1. Microsoft Access терезесі
Жаңа деректер қорын орналастыру үшін Мои документы (My Documents) бумасын таңдаңыз. Имя файла (File Name) өрісіне Контактілер атын енгізіңіз. Сосын Создать (Create) батырмасын шертіңіз.
Кестелер (Tables) батырмасын шертіңіз.
Кестелер шеберін іске қосу үшін Шебер көмегімен кесте құру (Create Table By Using Wizard) белгісін екі рет шертіңіз.
Шебердің бірінші терезесінде, сурет 1.2. көрсетілгендей, сәйкес келетін құрылымды көрсетіп, ондағы қажетті өрістер жиынын таңдау қажет.
Іскер (Business) қосқыш күйін таңдаңыз.
Кестелер үлгісі (Sample Tables) тізімінен Контактілер (Contacts) пунктін таңдаңыз.
Аты (FirstName) пунктіндегі тізімнен Өрістер үлгісі (Sample Fields)-не шертіңіз.
Оңға қарай бағыттауыш көрсетілген батырманы шертіп таңдалған өрістерді құрылып жатқан кесте құрлымына қосыңыз.
8 және 9 қадамдарды қайталай отырып, Жаңа кесте өрістері (Fields In My New Table) тізіміне мынаөрістерді қосыңыз: Тегі (LastName), Мекен-жайы (Address), Өнеркәсіп аты (Company Name) және Жұмыс телефоны (WorkPhone).
Әріқарай (Next) батырмасын шертіңіз.
Шебердің екінші терезесіндегі өрісте кесте атының ролін атқаратын Контактілер сөзін енгізіңіз. Сосын Әріқарай батырмасын шертіңіз.
Сурет 1.2. Кестелер құру шебері.
Шебердің үшінші терзесінде Дайын (Finish) батырмасына шертіңіз. Шебер кестені құрып, оны деректерді енгізу режимінде ашады.
Назар аударыңыз: шебердің екінші терезесінде Microsoft Access қосқышы кілтті атоматты түрде анықтау (Yes, Set A Primary Key For Me) күйінде қалғандықтан Access кестеге жазбалар идентификаторының қызметін атқаратын қосымша Код_ Контактілер кілттік өрісін қосады.
Деректер кестесі электрондық кесте парағына ұқсас, бірақ өлшемі шектелген. Оның жолдар жазбалар санына қарағанда бір бірлікке көп (соңғы бос жол жаңа жазба енгізу үшін арналған), ал бағандар саны жазбадағы өрістер санына тең. Кесте бағандарының тақырыптары кестелерді құруда шеберді пайдалану арқылы түрлендірілген өрістер аттарымен сәйкес келеді.