Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Күрделігүлділер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.32 Кб
Скачать

Қияқӛлеңдер тұқымдасы (осоксвые) – Сyperaceae

Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Бұлар ұзын немесе қысқа, симподиальды

ӛсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер- шымдар (кусты- дернины) немесе шоқалақтар

түзетін кӛпжылдық шӛптесін ӛсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық

шӛптесін ӛсімдіктер болып келеді. Дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған.

Кӛптеген түрлері тропикалық елдерде ӛседі. Қоңыржай, және салқын климатты

белдеулерде кейбір түрлерінің особьтарының саны кӛп болады және ӛсімдіктер

жабынының әсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды компоненттері болып табылады.

Сабақтары үшқырлы, сиректеу цилиндр тәрізді (ӛлеңшӛп туысы- Scіrpus), ішінің қуысы

болмайды буындары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабақтың

жоғарғы жағында орналасады, таспалы немесе таспалы-ланцетті, кӛп жағдайда шеттері

тӛмен қарай қайрылған, қынапшасы барлық уақытта жабық болып келеді, тілшесі

болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатты, жапырақ тәрізді

немесе кӛн тәрізді гүласты жапырақшаларының қолтығында орналасқан кӛпгүлді,

сиректеу біргүлді масақтардан тұрады. Гүлінің гүлсерігі болмайды (сәлемшӛп-сыть-

Cyperus, қиякӛлең-осока-Carex туыстары) немесе ол редукцияға қатты ұшыраған және 6

немесе саны одан аз, жұқа пленкалардан (ӛлеңшӛп туысы-қамыш-Scіrpus), сиректеу кӛп

мӛлшерде үлпектерден тұрады (ұлпабас туысы-пушица –Erіophorum). Андроцейі әдетте,

бір шеңбердің бойына орналасқан 3 аталықтан тұрады. Гинецейі 3 немесе 2 жеміс

жапырақшадан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, 1-ұялы, 1 тұқым бүршігі болады. Аналықтың

мойны (столбик) 3 немесе 2 біршама ұзын, жіп тәрізді болып келген аналықтың аузын

(рыльца) жоғары кӛтеріп тұрады. Гүлдері қосжынысты (сәлемшӛп, ӛлеңшӛп, ұлпабас

туыстары) немесе даражынысты (қияқӛлең туысы). Соңғы жағдайда ӛсімдік бірүйлі,

сиректеу екіүйлі болып келеді. Бірүйлі қиякӛлеңдердің аталық және аналық гүлдері былай

орналасады: гүлшоғыры тек аталық немесе аналық гүлдерден тұрады; гүлшоғыры

қосжынысты, яғни оның бір жағында тек аналық гүлдері, ал екінші жағында тек аталық

гүлдері орналасады. Гүлдің түп жағында түрі ӛзгерген, жабындық қабықшақ деп

аталынатын, гүласты жапырақшасы орналасады. Қияқӛлеңнің гүлін, жабындық

қабықшақтан басқа, екі гүласты жапырақшаларының бірігуінің нәтижесінде пайда болған қапшықша қорғап тұрады. Қапшықшаның формасы мен мӛлшері- маңызды

систематикалық белгілер болып табылады. Гүлдердің негізгі типтері берілген. Жемісі

үшқырлы, шар тәрізді немесе формасы жалпайып- жаншылғандау болып келетін

жаңғақша.

Қияқӛлең туысы (осока-Carex). Жабық тұқымдылардың ішіндегі ӛзгергіш

(полиморфный) туыстардың бірі. Түрлерінің жалпы саны 1,5 мың, БОР-дың флорасында

400, Ал Қазақстанда 94. Тамырсабақты кӛпжылдық шӛптесін ӛсімдік. Сабақтары әдетте

үшқырлы, сиректеу домалақ болып келеді. Жапырақтары таспа тәрізді, қынапшасы жабық

болады. Гүлдері даражынысты: аталық гүлдерінің 3 аталықғы болады (сиректеу оданда

аз); аналық гүлдері екі тұмсығы бар немесе тұмсығы жоқ қапшықпен қапталған,

гинецейінің 2-3 ауызы болады. Гүлдерінің формуласы:

P0 A0 G (3)

; P0 A3 G0 .

Жемісі ұшқырлы немесе жалпайып- жаншылғандау болып келетін жаңғақша.

Кӛптеген түрлері солтүстік ендіктің, солтүстік облыстарында кең таралған, мысалы

шектамырлы қияқӛлең (осока плетевидная или струннокоренная C.chordorrhіza), боз

қияқӛлең (осока сероватая - C.canescens) және т.б.

Батпақты жерлердің ӛсімдіктер қауымдастықтарының негізгі компоненттеріне

торсылдақ қияқӛлең (осока пузырчатая- C.vesіcarіa), үрме қияқӛлең (осока вздутая-

C.rostrata), қос аталықты қияқӛлең (осока двухтычиночная- C.dіandra), жағалық қияқӛлең

(осока береговая- C.rіparіa) және т.б.

Шалғынды жерлерде қияқӛлеңдердің мына түрлері жиі ӛседі: үшкір қияқӛлең

(осока острая- C.acuta), түлкі қияқӛлең (осока лисья- C.vulpіna), қоян қияқӛлең (осока

заячья- C.leporіna), қосқатар қияқӛлең (осока двурядная- C.dіstіcha), түпті қияқӛлең

(осока дернистая- C.caespіtosa) және т.б.

Батпаққа ауысатын ылғалды шалғын-дарда тік қияқӛлең (осока стройная-

C.gracіlіs), жағалық қияқӛлең (осока береговая- C.rіparіa), тікенше қияқӛлең (осока

заостренная- C.acutіformіs) және т.б. ӛседі. Шӛлейтті аймақтың ӛсімдіктер

қауымдастықтарында аласа қияқӛлең (осока низкая- C.humіlіs), ормандарда- орман

қияқӛлеңі (осока лесная- C.sylvatіca), жұлдызша қияқӛлең (осока звездчатая- C.stellulata),

тау қияқӛлеңі (осока горная-C.montana), түкті қиякӛлең (осока волосистая-C.pіlosa) және

тағы басқалар ерекше басым болып келеді.

Құрғақ жерлердің шӛлейттің, шӛлдің сонымен бірге кӛптеген таулы аудандардың

қияқӛлеңдері жайлымдарда ӛзінің жұғымдылығы (нәрлігі) және желінуі жағынан астық

тұқымдасынан онша кем түспейтін ӛсімдіктер. Ылғалды және батпақты жерлердің

қиякӛлеңдерінің жапырақтары сояуланған болып келеді, сондықтанда оларды малдар

нашар жейді. Қиякӛлеңдерді жылжымалы құмдарды бекітуге (үйінді құмдарды),

циновкалар тоқуға пайдаланылады, сонымен бірге оларды сәндік ӛсімдіктер ретінде

ӛсіреді.