
Атмосфераның төменгі қабаттары[өңдеу]
Сурет:124suret.jpg
3-сурет.
Атмосфераның ең төменгі қабаты тропосфера деп аталады. Онда ауаның барлық массасының 80%-ы шоғырланған. Тропосферада бұлт, тұман түзіліп, жауын-шашын, найзағай сияқты ауа райы құбылыстары болып отырады. Өйткені, судың бәрі осы тропосфераға жинақталған. Мұнда әрбір 100 м биіктікке көтерілген сайын ауаның температурасы, орта есеппен, 0,6°С-қа төмендеп отырады. 10 км биіктікте ауаның температурасы -50°С, ал қысымы 28000 Па болады (Жер бетіндегі атмосфералық қысым шамамен 100000 Па). Ал тропосфераның ең жоғарғы шекарасында температура -70°С-қа дейін төмендейді. Тропосферадан жоғары стратосфера орналасқан. Ондағы ауаның қысымы мен тығыздығы елеусіз ғана. Ал одан жоғарғы қабаттарда атмосфера мүлдем сирек. Планетадағы тіршілік үшін атмосфераның маңызы орасан зор. Атмосфера Жер бетін қатты ысып немесе суып кетуден сақтайды. Атмосфера арқылы байланыс құралдары жұмыс істейді. Ауа райы құбылыстары да атмосферада бақыланады. Жер бетінде 5 - 6 км биіктікте ауаның жартысы, ал 10-11 км биіктікте 1/4 бөлігі ғана бар. Адам 4 - 5 километрге дейінгі биіктікте өмір сүре алады. Одан әрі көтерілгенде оттегімен тыныс алуға мүмкіндік беретін арнайы құрал колданылады. Әсіресе, ұшақтарда мұның маңызы зор. Қазіргі кездегі стратостаттар мен ұшақтар көтеріліп жүрген биіктікте адам организмін оттегімен жасанды түрде қамтамасыз ету көпшілік жағдайда мүмкін болмай қалады. Мұндай биіктіктерде адам тек сыртқы сиреген ауаны жеткілікті қысымға дейін айдап, сонымен толтырылған герметикалық жабық кабинада ғана тіршілік ете алады. Ал атмосфера мүлдем жок биіктікте зымырандардың жабық кабиналарын сығылған ауа немесе оттегі қорын ала жүріп, сол арқылы ауамен қамтамасыз етеді.[1]
Пайдаланған әдебиет[өңдеу]
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8
Атмосфералық қысым туралы қазақша реферат
Бізді қоршаған атмосфера ауасының салмағы (1 м ауа сынап бағанасымен 760 қысымында 1,03 кг тең) бар. Ол жер бетіне, барлық затқа соның ішінде тірі организмге де (1 см шамамен 1,033 кг) үнемі айтарлықтай қысым жасайды. Атмосфералық қысымның шамасы сол ортаның теңіз деңгейінің биіктігімен өлшенеді. Теңіз деңгейінде және температура 0С кезінде атмосфералық қысым сынап бағанасымен 760 мм. Бұл қалыпты барометрлік қысым болып есептеледі. Атмосфералық қысым сонымен қатар метеорологиялық шаруашылықта басқада өлшемдермен өлшенеді.
Атап айтқанда, Бармен (б) немесе миллибармен (мб) және Паскальмен. Атмосфералық қысымның ауытқуы ауаның өзгеруіне себеп болады. Ол қысым жоғары болса, әдетте ауа райы да жақсы болып тұрады, ал төмендесе-күн бұлттанып, жауын-шашын болып, тұман түсіп, жел соғады. Атмосфералық қысымның сәл ғана ауытқуы (сынап бағанасымен 25 мм-ге дейін) мал денсаулығы пәлендей өзгеріс туғыза қоймайды. Алайда, қысым күрт ауысса сүтті сиырлардың сүті азайып, қоңы төмендейді, ал асыл тұқымды жылқының ішегі түйілетін жағдайлары жиі кездеседі.
Тауға өрлеген сайын барометрлік қысым мен оттегінің парциалдық қысымы өзгеріп отырады. Биік тау (2500-3000 метрден жоғары биіктікте) жайылымдарда, немесе тауға тым тез көтерілгенде оған бейімделмеген малда тау немесе биіктік ауруы өршиді. Мұндай аурумен құлын жиі, ал жылқы, қой, ірі қара мен түйе сирек ауырады. Қаны аз және семіз мал аталмыш сырқатқа тез шалдығады. Тау жағдайына спорт аттары да өте сезімтал.
Атмосфералық қысымның төмендігінен болатын бұл аурудың себебі артерия қанында оттегінің парциалды қысымының жетіспеуі. Бұл жағдай ұлпадағы оттегінің аз болуына (гипоксия) ұшыратады. Мұндайға итермелейтін факторлар: температураның төмендеуі, ауаның ылғалдылығы, күн радиациясы кернеуімен, қысқа толқынды сәулелер санының ұлғаюы және атмосфераның электрлік жағдайы.
Оттегі жетіспеген соң зат алмасудың бұзылуына, организмде толық тотығып үлгермеген өнімдердің жиналуына, қан ағымының тамыр қабырғаларға өтуіне (инфильтрация) әкеліп соқтырады. Атмосфералық қысым мен оттегінің парциалды қысымның азаюы орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөлігінде жылдам байқалады. 2 км биіктікте иттердің тежеу процесі, ал 5 км биіктікте шартсыз рефлекстері мүлде жойылып, қозғалу қызметі бұзылады. Тауға бірте-бірте баяу көтерілсе мал атмосфералық қысымының төмендігіне жақсы бейімделіп, биік таулы жерде ұзақ уақыт жүре алады.
Мал организмінің тау жағдайына бейімделуі өкпе желдетілуінің, эритроциттер санының және гемоглобин мөлшерінің (айналмалы қан салмағы) ұлғаюына көп байланысты.