Сыртқы сілтемелер[өңдеу]
Malimetter.kz Атмосфералық қысым реферат (қазақша)
Пайдаланған әдебиет[өңдеу]
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.
Жоғарыға көтеріліңіз↑ География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.ISBN 978-601-293-170-9
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Атмосфераның өзі газ екені сендерге өткен сабақтан мәлім. Оның құрамында оттегі, азот, көмірқышқыл газы және т.б. бар. Бұл газдардан басқа атмосферада өзендер, теңіздер мен мұхиттар бетінен судың булануы кезінде түзілетін су буы болады. Оның мөлшері жыл мезгіліне, температураға, желдің бағытына байланысты өзгеріп отырады. Су буының конденсациялануы нәтижесінде атмосферада бұлт түзіледі және жауын-шашын болады, тұман пайда болады. Атмосфераның құрылымы өте күрделі.
Сурет:122suret.jpg
1-сурет.
Оның негізгі қабаттары тропосфера, стратосфера , мезосфера және термосфера деп бөлінеді (1-сурет). Газдар сығылғыш болғандықтан, Жер бетіне жақын ауа қабаттарын оның үстіңгі жағындағы ауа қабаттары басып тұрады. Соның салдарынан атмосфера Жердің бетінде неғұрлым тығыз келеді. Ал ауа қабаты Жер бетінен неғұрлым жоғарылаған сайын нашар сығылады. Сол себепті оның тығыздығы кеми береді. Мысалы, ауа шары Жер бетінен жоғары көтерілген сайын оған түсетін ауа қысымы азаяды. Өйткені, шардың үстіңгі жағындағы ауа бағанының биіктігі кемиді, сонымен бірге ауаның тығыздығы да барған сайын азая береді. Ауа қысымының биіктікке тәуелді болатыны осыдан. Бақылауларға қарағанда теңіз деңгейінде жатқан жерлерде атмосфералық қысым орта есеппен 760 мм сын. бағанына тең. Биіктігі 760 мм сынап бағанының қысымына тең, 0°С температурадағы атмосфералық қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сын.бағ. =101325Па= =1013 гПа=100 кПа=105 Па. Егер біз ұшақпен жоғары көтерілсек немесе төмен шахтаға түссек, құлағымыз бітіп қалатынын сезінеміз. Бұл атмосфералық қысымның биіктік пен тереңдікке байланысты өзгеріп отыратынын көрсетеді.
Паскаль тәжірибесі[өңдеу]
Сурет:123suret.jpg
2-сурет.
Паскаль осы құбылысты зерттей отырып, Торричелли барометрін биік ғимараттың үстіне көтереді де, сынап бағанының кемігенін байқайды. Бұның бәріне қанағаттанбаған Паскаль барометрді биік таудың ұшар басына шығарып, сынап бағаны биіктігінің өзгеруін бақылайды (2-сурет). Сөйтіп, барометрді теңіз деңгейінен шамамен әрбір 120 м биіктікке көтерген сайын сынап бағаны 1 сантиметрге төмендейтіні анықталды (1-сурет). Атмосфералық қысымның тек биіктікке ғана емес, сонымен бірге ауа райына да байланысты өзгеріп отыратынын Торричелли де, Паскаль да дәлелдеп берді. Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеретінін пайдаланып, анероидтарды көбінесе көтерілу биіктігін көрсететіндей етіп градуирлейді. Сонда құрал орналасқан биіктікті көрсетеді. Мұндай анероидтарды альтиметрлер деп атайды (3-сурет). Ұшқыштар ұшу биіктігін үнемі қадағалап отыру үшін альтиметр ұшақтарға орнатылады.
