Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Evo_sozh_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.61 Кб
Скачать

Ежелгі адамдар – палеоантроптар (Homo sapiens neandertalensis). Палеоантроптардың әртүрлілігі, хронология және географиялық таралуы.

Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Эволюциянизм – адамның шығу тегі маймылтәрізділерден биологиялық эволюция барысында пайда болды деп табиғи-ғылыми түрде түсінушілік. Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті. Ертедегі адамдар (палеоантроптар) ПАЛЕОАНТРОПТАР (грек. palaіos – ертедегі және anthropos – адам) – ертедегі адамдар деген ұғымды білдіреді. Палеоантроп адамның тарихи дамуының заңды бір кезеңі болып саналады. Палеоантроп қазіргі саналы адамдардың (Homo sapіens) тікелей арғы тегі. Олардың тек қазба қаңқа қалдықтары ғана сақталған. Палеоантропдың қазба қаңқа қалдықтары алғаш рет 1856 ж. Батыс Германияның Дюссель өзенінің Неандерталь аңғарынан табылды; Көне адамдарға немесе палеонтроптарға неандертальдықтар жатады. Адамның ең жақын туысы 1856 жылы Дюссельдорф маңындағы неандерталь үнгірінде табылды. Бұндай сүйектер сондай-ақ Англияның солтүстігінлде, Өзбекстанның шығысында және Израильдің оңтүстігінде табылды. Неандертальдық адам қарапайым еңбек құралдарды жасап, діни жерлеу ғұрыптары болды. Бұл адамдар орта бойлы, бірақ сүйектері ірі, күшті болды. Бас сүйектері маймылдың бас сүйегіне әлі де ұқсас. Палеонтроптар жаңа тас индустриясын құрды, және қырғыштар, тескіш сияқты мәдениет құрды, отты пайдаланды ірі аңдарды шебер аулады.

Өнер мен сөйледің пайда болуы туралы гипотезалар

Біріншісі – ғылыми емес категория.Мысалы, мутациялық гипотеза , бұл гипотеза бойынша адам жүрді – жүрді, мутация пайда болды – адам сөйлеп кетті. Екінші категория – физикалистикалық, яғни сөйлеу құбылысын тек физиология тұрғысынан қарастырады.Бұл гипотезалар дыбыс сигналдарының шығуын сипаттайды , бірақ түсініктің қалыптасуына, берілуіне түсініктеме бермеген.Физикалистикалық гипотезалар – ол, мысалы, сөз сөйлеу адамдардың табиғат дыбыстарын қайталауынан пайда болды. Гипотезаның үшінші категориясы сөз сөйлеудің пайда болуы ұзақ эволюциялық жолмен дамыды.Көптеген Ресей ғалымдарының гипотезалары бар. Соның ішінде антрополог Виктор Владимирович Бунак және психолог Луриидың айтуы бойынша, сөз сөйлеу дыбыс сигналдарынан пайда болған. Луриидың ойынша, сөз сөйлеу агрессивті дыбыс сигналдарынан дамыды.

Алғашқыда тіл ойды жеткізу, сезімін білдіру мақсатында қолданылды.Бірақ, тілді тек қана ойды жеткізу үшін ғана қолданылды деуге болмайды деп санады Гердер. Гердердің тұжырымы бойынша, тіл арқылы адамдар ойлануды , ойлану арқлы сөйлеуді үйренді деп санайды. Яғни тілдің пайда болу тарихы ойлану тарихымен тығыз байланысты. Тілді, Гердер бойынша, Құдай жаратқан жоқ және кездейсоқ та пайда болған жоқ. Тілдің пайда болуы- адамның ойы мен сезімінің дамуындағы заңды құбылыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]