Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Evo_sozh_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33 Кб
Скачать
☆

Катагенез және оның формалары

Катагенез және оның формалары. Катаморфоздар. Катагенез (грекше "kata" — жоғарыдан төмен, қарапайымдану, кері кету) организмнің эволюциялық дамуын процесінде қарапайымдала түсу деген ұғымды білдіреді.  Алғаш “Катагенез” терминін 1922 жылы орыс геохимигы А.Е. Ферсман ұсынған. Катагенез (морфофизиологиялық немесе жалпы регресс) паразитті тіршілік етуге көшкен организмдерде, бір орынға бекініп тіршілік ететін жануарларда, жер астында және үңгірлерде тіршілік ететін жануарлардың жеке мүшелерінен айқын байқалады. Катаморфоздар – организмнің онтогенез процесінде болған белгілерінің ересек күйге ауысқан кезде жойылып кетуі.

Гипоморфоздар

Гипоморфоздар – мүшелердің толық жетілмеуінен,онтогенездің ерте кезеңдерде дамудың тоқтап қалуы нәтижесінде пайда болатын қарапайым белгілер. Мысалы Гипоморфоздар құйрықты қосмекенділерде кеңінен таралған: көптеген түрлерінде өмір бойы желбезек арқылы тыныс алу сақталған, ал кейбір түрлерінде желбезек жойыла бастайды, бірақ өкпесі қалыптаспайды. Катаморфоздар мен гипоморфоздар паразиттерде жиі байқалады Мысалы, – ересек аскаридада тыныс алу ферментінің жойылуы– катаморфоз (аскариданың дернәсілдері – аэробтар), – таспа құрттарда ас қорыту жүйесінің болмауы және жүйке жүйесінің жетілмеуі– гипоморфоз (по сравнению с сосальщиками) Фетализация(лат fetus-ұрық) – онтогенезде жеке мүшелер немесе мүшелер жүйесі қарқынының баяулауы, соның нәтижесінде ересек организмде сәйкес белгілермен ұрықтық жағдай сақталатын эволюциялық өзгеру тәсілі.Мысалы: қосмекенділер, шеміршекті балықтар және дөңгелекауыздыларда ұрықтық сүйек ұлпасының(шеміршек) сақталуы, адамның бас сүйегінде жақ бөлімінде ми сауытының болуы . Фетализацияның бір белгісі ретінде жетілмей қалушылықты жатқызсақ та болады Бұл процесс онтогенездің жалғасуы белгілі сатылардан соң тиімсіз болып қалады ,сол кезед пайда болды.Жануарлар мен өсім/р арасында кең тараған.Толық фетализация неотения процесіне алып келеді. Фетализация фенотиптің кез келген белгісін морфологиялық,физиологиялық белгілеріне әсер ете алады. Ол ересек формалардың организмге пайдасы жоқ ,сыртқы ортаның әсерінен өзгерген арнайы ерекшеліктерінен арылуға көмектеседі. Неотения грек тілінен аударғанда ұзартамын, созамын деген мағынаны береді. Неотения кезінде даралар өздерінің көбеюін ерте онтогенез сатысынан бастайды. Неотениялық формалар үшін ерте пісіп жетілу тән. Жыныстық жетілуге жеткен даралар өздерінің ювенильдік кейпін де сақтайды. Неотениялар жануарларда да , өсімдіктерде де болады. Тұрақты желбезекті амфибиялардың,соның ішінде Сиренада метаморфозға деген қабілеттілігі түгелдей жоғалып кеткен және жыныстық жетілу личинка сатысында басталады. Кәдімгі аксолотельдің личинкалары метоморфозға шыдамай, жыныстық толысады. Олар өмір бойы өздерінің сыртқы желбезектерін және жүзу қуйрықтарын сақтайды, бірақ аксалотель өзінің метаморфозға деген қабілеттілігін жоғалтқан жоқ. Педаморфоз Педоморфоз — онтогенездің эволюциялық қайта түзілу формаларының бірі.Педоморфоз онтогенездің өте ерте кезеңінде ересек ағза белгілерінің генетикалық шартталып сақталуы. «Педоморфоз» терминін («бала сияқты болу») В. Гарстанг 1922 ж. енгізді. Педоморфоз кезінде тұқымқуалаушылық өзгергіштік онтогенездің ересек сатысының толығымен жойылуына әкеледі (метаморфозды стимулдайтын гормондарға личинкалардың соматикалық ұлпалар сезімталдығының төмендеуі): тіршілік циклі қысқарады, алдында дернәсілдік саты болған жағдай күйінде тіршілігі бітеді. Осындай педоморфоз құйрықты қосмекенділердің кейбір топтарында жүреді. Педоморфоз негізінде аппендикулярийдің ұйымдасуы қалыптасқан (Appendiculariae) — төменгі сатылы хордалылар классының түрасты – оболочниктер (Tunicata). Аппендикулярийдің ататектерінің тіршілік циклінде еркін жүзетін дернәсілдер мен ересек сатысы қазіргі асцидиялар (Ascidiae) сияқты қозғалмайтын,бекініп тіршілік етуі мүмкін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]