Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Evo_sozh_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.61 Кб
Скачать

Депере қағидаты (прогрессивті мамандану туралы ереже).

Прогрессивті мамандану қағидасы. Макроэволюцияның осы қағидасын ағылшын 1876 жылы Ш. Депере қалыптастырды. Прогрессивті мамандану қағидасы бойынша мамандануға кіріскен топ өзінің дамуы барысында тереңдеген мамандану жолымен жүреді, яғни топтың эволюциялық дамуы ары қарай тоқтамай жүреді. Егер эволюция процесі барысында омыртқалылардың бір тобы, мысалы рептилиялар ұшуға бейімделсе, эволюцияның келесі сатысында бейімделудің осы бағыты күшейіп сақталады. Мысалы птеродактильдер ауада өмір сүруге бейімделе түскен.

Птеродактиль. Белгілі бір құрылысы бар организм кез келген ортада өмір сүре алмайды. Топтың белгілі бір ортаға бейімделу барысында оның құрылысының ерекшеліктері қалыптасады. Егер осы ерекшеліктерде мамандану ерекшеліктері болса, онда организм, әдетте, тіршілік үшін күрестің нәтижесінде өзіндік ортасын таңдайды. Осы ортада организмнің маманданған бейімделушіліктері оның тіршілігін сақтап қалуын және ұрпақ қалдыруын қамтамасыз етеді. Прогрессивті маманданудың жалпы қағидасының өзіндік жағдайы – эволюция процесі барысында особьтардың дене мөлшерінің ұлғаюы. Дене мөлшерінің ұлғаюы жыртқыштарға олардың шабуылы кезінде, ал жемтікке қорғануы барысында артықшылық береді. Организмдердің қоректік тізбектердегі байланысы көптеген топтарда дене мөлшерінің ұлғаюына алып келеді. Ал кейбір топтарда дене мөлшері кішірейеді. Мысалы жер астында өмір сүруге бейімделген кемірушілердің дене мөлшері кішірейіп кеткен. Mustela nivalis (ласка) жануарының дене мөлшері інінде ұсақ кемірушілерді аулауға бейімделген, соған байланысты кішірейіп кеткен.

Монофилия және полифилия. Торшалық эволюция

Монофилия –(гр. Мовос-бір, φυλή - отбасылық клан ) –таксондардың бір ата тектен таралуы. Қазіргі заманғы көзқарастарға сәйкес монофиликалық деп биологиялық систематикада ата тегіне ұқсас ұрпақтар тобын айтады. Кей жағдайларда монофилия атауын голофилия атауымен де ұқсастарып жатады. Кейбір эволюциялық таксономияда парафилиялық топтар монофилиялық топтардың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Осыған орай голофилия термині ұсынылды. Бірақта голофилия сөзі халықаралық әдебитеттерде терминнен шықты,яғни қолданылысқа ие емес. Ғалымдардың айтуы бойынша мрнофилия- таксондардың бір ата тектен таралуы, монофилия голофилия және парафилия болып бөлінеді. Голофилия -Таксондар бір ата тектен тараған және барлық ұрпақтары бір ата тектен тұрады. Парафилия-Ата тектері бір,ұрпақтарының кей түрлері ғана бір . Полифилия туыстық байланысы жоқ топтардан пайда болады. Полифилия конвергенция жолымен туындайды

А .Н. Северцов қағидаты

Ароморфоз (греч. air о— «көтеру", morpha — "форма”, түр), морфологиялық физиологиялық үдеріс. Бұл орасан зор бейімделгіштіктің пайда болуы, ол тіршілікке бейімділікті едәуір көтеріп, жаңа тіршілік ортасына көшуге жәрдемдеседі. Ароморфоздың көбейіп, пайда болуының арқасында кластар, бөлімдер, типтер тәрізді ірі таксондар пайда болады. А. Н. Северцов ароморфозды эволюциядағы негізгі бағыттардың бірі деп есептеді. Арогенез – басқа принципті бейімделу нәтижесінде пайда болған топтардың әсерінен басқа бейімді зонаға өтетін топтардың дамуы. Ғылыми әдебиетте идиоадаптация терминімен қатар кладогенез,  алломорфоз, аллогенез деген атаулар да пайдаланылады. Аллогенез – бір масштабты бейімделу ерекшелігі бойынша бір бейімді зона ішінде топтың дамуы нәтижесінде ұқсас формалардың көп мөлшерде пайда болуы. Аллогенез эволюцияның негізгі бағыттарының бірі. Аллогенез грекше allos - әр түрлі деген мағынаны білдіреді. Топтар эволюциясының бағыттары - арогенез бен аллогенезді қарастырған кезде - негізгі тіршілік діңгегі тармақтарының эволюциясында дамудың осы типтері үнемі кезектесіп отырған. Тез эволюциялық кезеңдерден жайырақ эволюциялық кезеңдеріне осылай кезектесуі жеке топтардың филогенезінде кең эволюциялық тенденцияларды көрсетеді.

 Антикалық дәуірден бастап адамзат сөйлеудің қашан және қалай пайда болғанына қызығушылық танытты.2000 жылда сөйлеудің пайда болуы туралы 200 – ден аса гипотезалар ұсынылды, оларды Якушин өз еңбегінде жақсы баяндады (Якушин Б.В. Гипотезы о происхождении языка. М., 1984).

7 СОЖ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]