
- •Аллогенез және оның формалары
- •Катагенез және оның формалары
- •Гипоморфоздар
- •Теломорморфоз және гиперморфоз
- •Депере қағидаты (прогрессивті мамандану туралы ереже).
- •Монофилия және полифилия. Торшалық эволюция
- •А .Н. Северцов қағидаты
- •Неандертальцтердің материалдық мәдениеті және рухани өмірінің бастамалары.
- •Социогенездің ерте кездегі этаптары.
- •Ежелгі адамдар – палеоантроптар (Homo sapiens neandertalensis). Палеоантроптардың әртүрлілігі, хронология және географиялық таралуы.
- •Өнер мен сөйледің пайда болуы туралы гипотезалар
Теломорморфоз және гиперморфоз
Академиктер Алексей Николаевич Северцов пен Иван Иванович Шмальгаузен эволюцияның биологиялық прогреске әкелетін 3 бағытын анықтады:1. Ароморфоз (морфофизиологиялық прогресс немесе арогенез). 2. Идиоадаптация (аллогенез). 3. Дегенерация (катагенез Аллогенез эволюцияның негізгі бағыттарының бірі. Аллогенез грекше allos - әр түрлі деген мағынаны білдіреді. Аллогенез - бір масштабты бейімделу ерекшелігі бойынша бір бейімді зона ішінде топтың дамуы нәтижесінде ұқсас формалардың көп мөлшерде пайда болуы. Идиоадаптация (грекше "idios" — ерекшелігі, латынша "adaptatio" — бейімделушілік). Идиоадаптация (аллогенез) — биологиялық құрылым деңгейін күрделендірмей өзгертпей тіршілік үшін күресте организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі. Әрбір түр белгілі бір ортада тіршілік ететіндіктен дәл осы ортаға тән пайдалы бейімделушілік калыптасады. Мұндай бейімделушілік кезінде организмдердің жалпы құрылыс деңгейлері күрделенбей-ақ прогрессивті дамуына мүмкіндік туады. Теломорфоз (от греч. telos — соңғы и morphe — форма, түр), Теломорфоз терминінің авторы- И.И. Шмальгаузен (1939) Телеморморфоз адаптациялық зонасы тар процесс,яғни, қоршаған ортаның шағын дипазонына бейімделу.Бейімделудің осы жолы теломорфоз жолымен келе жатқан топтарға көршілес таксондардағы бәсекелестеріне басымдылық көрсетуге мүмкіншілік береді. Барлық кішкене мамандырылған аллогенездерді телогенез деп атайды. Мысалы, қандай да бір үңгірлі қоңыз, тіпті үңгір сыртында өмір сүруге қалыптаспаған. Сонымен қатар, судың терең түбіндегі мекендейтін жыртқыш балық судың жоғарғы бетінде өмір сүре алмайды.
Гипергенез немесе гиперморфоз - дене мөлшерінің үлкеюімен немесе дененің жеке бөліктерінің ұлғаюымен байланысты эволюцияның ерекше жолы.Мысалы, омыртқалылар барлық негізгі класстары , яғни амфибиялардан бастап сүтқоректілерге дейін эволюция барысында гигаттық формалар қатарларын берді.Осыдан кейінгі кезеңде барлық гиганттар жойылып кетті және қайтадан үстемдік кіші формалары қалыптасты.Әсіресе, бауырымен жорғалаушыларда бұл процесс өте жиі кездесті. Бірінші фазада ірі формалар қалыптасады.Ірі өлшемге жету тіршілік үшін күресте тиімді болды.Көптеген филогездік қатарларда өлшемдердің ұлғаятыны байқалады.Мысалы,жылқылар, пілдердің ата тектері. Ежелгі сүторектілер үлкендігі тышқандай ғана, өте майда болды. Осы гипергенездің бірінші фазасы. Екінші фазасында гигантизм қарама-қарсы бағытта жүрді. Ірі ағзаларға азық та көп мөлшерде қажет еді.Азық жетіспегеннен көптеген ағзалар жойылып кетті. Гиперморфты дамуда алып бұғылардың мүйіздерінің дамуы, жолбарыстарда (саблезубого тигра) иттістерінің дамуы. Табиғаттың тез өзгеруі топтардың жойылуына әкелуі мүмкін. Гиперморфозда кеңінен мысал бола алатын гигантты динозаврлар. Гигантизм қорекке де байланысты. Алып шөпқоректі кесірткелер тіршілігін тек қана дымқыл жылы климатта сүре алады. Пілдер тек Азия және Африкада тропикалық климатта сақталған. Суық мұзды аймақтардың сиреуінан мамонттар жойылған. Органикалық дүниені құрылыс дәрежесінің күрделілігі тұрғысынан тұтас зерттеу арқылы А.Н. Северцов жануарлардың ірі топтары филогенезінің алғашқы кезеңінде араморфоз жолымен дамыды, одан кейін олар адаптация дәуіріне көшті немесе кейде морфологиялық-физиологиялық регресс дәуірінде болды деген қорытындыға келді. Басқаша айтқанда , жануарлардың сондай ірі топтарының филогенезінде эволюциялық бағыттың біреуі екіншісіне ауысып отырды. Бұл жағдайды мынадай мысалмен көрсетге болады.
6 СОЖ