Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Концептуалдық негіз 05.12.13.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.66 Кб
Скачать

Міндеттемелер

4.15 Мiндеттемелердің ең маңызды сипаттамаларының бірі - бұл ұйымның ағымдағы қарызы болып табылады. Мiндеттеме - бұл қарыз немесе белгілі бір түрде нақты міндеттерді орындау немесе іске асыру деп түсінуге болады. Мiндеттемелер заңды түрде міндетті болуы мүмкін. Яғни, міндетті заңдық күші бар шарттар мен заңдық талаптар арқылы көрініс табады. Осының бір мысалы ретінде тауарлар және алынған қызметке төленетiн сомалар болып табылады. Алайда міндеттеме күнделікті іскерлік тәжірибеден немесе әділетті түрде жақсы іскерлік дәстүр, таңдау, қарым-қатынас жасау арқылы пайда болуы мүмкін.Мысалы, егер де ұйым өнімінің ақаулығын шеттетіп жоюға, яғни белгілі бір мақсат үшін пайдалану уақыты, кепілдеме мерзімінің өтуінен кейін пайда болуы мүмкін деген саяси шешім қабылданған болса ,шығындалуы мүмкін сомаға қатысты сатылған тауарлар міндеттемелер болып табылады.

4.16 Ағымдағы мiндеттемелер мен келешектегi міндеттемелерді ажырата қарау керек. Ұйым басқармасының активтерді алу шешімі ағымдағы мiндеттеменiң пайда болуына бағытталмайды. Мiндеттеме әдетте активтер жеткізілгенде және ұйым қайтарылмайтын келісімшарт жүргізгенде пайда болады. Мысалы, келiсiмшартының соңғы жағдайында айыппұлдың болуы мiндеттемелердi орындамаудың экономикалық салын білдіреді.

4.17 Ағымдағы мiндеттеменiң реттелуi, әдетте ұйымның ресурстардан бас тартуымен, өзге тараптың талабын экономикалық пайда тұрғысынан қанағаттандырумен тығыз байланысты болып табылады. Мысалы, ағымдағы мiндеттемелердің реттелуi бiрнеше әдiстер арқылы iске асады,олар:

  • ақша құралдарының төлемдері;

  • өзге активтерді тапсыру;

  • қызмет көрсетумен;

  • бір міндеттемені екіншісімен ауыстыру немесе;

  • капитал міндеттемелерінің аударымы.

Міндеттемені несие беруші өзіне тиесілі құқықтарына қарсылық білдіруі немесе жоғалтуы секілді өзге құралдармен өтей алады.

4.18 Міндеттемелер өткен кезеңдердегі оқиғалардың нәтижесінде пайда болады. Осылайша, мысалы: тауарларды иелену және қызметтерді пайдалану несиелік қарызға әкеп соқтырады. Ал, банктен несие алу –сол қарызды қайтаруға, яғни алдын-ала төлеу немесе жеткізілген соң төлеу жүргізілмеген болса, онда міндеттемеге әкеледі. Ұйым клиенттердің жыл сайынғы сатып алуы жайлы мәліметке сүйене отырып, артық төленген соманы міндеттеме ретінде алдыңғы кезеңдерде таныған болса, өткен кезеңдердегі клиенттердің сатып алуы операция болып танылып, міндеттеменің туындауына әкелуі әбден мүмкін.

4.19 Кейде міндеттемелер жақын келген сәтте ғана маңызды дәрежеде өлшенуі мүмкін. Кейбір компаниялар мұндай міндеттемелерді резерв ретінде белгілейді. Кейбір елдерде осы секілді резевтер міндеттеме ретінде қарастырылмайды, себебі міндеттеме концепциясы тар мағынада анықталады. Сол себепті бағалық маңызы бар анықталмаған сомаларды ғана қосуы мүмкін. Міндеттемені анықтау параграфте көрсетілгендей өте кең түрде таралған тәсіл ретінде білдіріледі. Осылайша, резерв ағымдағы міндеттеме резервімен тығыз байланысты болғанда, өзге де анықтауға тиіс бөлігінде ол міндеттеме болып табылады.Мұндай резертердің мысалы ретінде, кепілдік міндеттемелері бойынша төлеудә және зейнеткерлік міндеттемелерді жабу резерві ретінде анықталады.