Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Поф Каз ф.01.17 тех.карта общеобр.каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.96 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі

Сабақтың технологиялық картасы

Пән : Кәсіби қазақ тілі

Мерзімі Топ

Сабақтың № 25

Тақырыбы: Ақпаратты технология және маман қызметі. Есімдікті сөз таптарының жасалу жолдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Ақпаратты технология және маман қызметі жалпы түсінік беру. Технологиялардың т.рлеріне тоқталу.

Дамытушылық: ауызекі сөйлеуді дамыту, кәсіби сөздік қорды молайту, кәсіби қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: мәтінді оқи білуге, сөздерді анық, дұрыс айтуға, әр тапсырманы ұқыпты және таза орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.

б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.

в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика

Қолданатын әдебиет:

Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова

Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова

Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.

Сабақтың өту барысы :

Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.

Гимды орындау.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Жаңа сабақ : Ақпаратты технология және маман қызметі.

Оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.

«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағнаны білдіреді.

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар да жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін маман қажет.

Есімдікті сөз таптарының жасалу жолдары

Есімдіктер заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сын есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.

Есімдіктердің мағыналары

Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

жіктеу есімдіктер;

сілтеу есімдіктер;

сұрау есімдіктер;

өздік есімдіктер;

белгісіздік есімдіктер;

болымсыздық есімдіктер;

жалпылау есімдіктері;

Жіктеу есімдіктері

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.

Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Атау

мен

сен

ол

Ілік

менің

сенің

оның

Барыс

маған

саған

оған

Табыс

мені

сені

оны

Жатыс

менде

сенде

онда

Шығыс

менен

сенен

онан ан)

Көмектес

менімен

сенімен

онымен

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.

Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.

Сұрау есімдіктері

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.

Өздік есімдік

Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

Белгісіздік есімдіктері

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).

Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.

Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).

Болымсыздық есімдіктері

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. т.).

Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана

жатады.

І тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз. Қандай есімдік екенін анықтаңыз.

1.Сізге қазақ тілі ұнап жүр ме? 2.Сіздің маған қандай сұрақтарыңыз бар? 3.Мынау –өте қызық тақырып, ал анау-онша емес. 4.Қазақстанда әрбір адам қазақ тілін жақсы білуге тиіс пе? 5.Сіз оны не үшін үйреніп жүрсіз? 6 .Мына жаттығуды бәрі орындап отыр ма? 7.Мына тақырып барлық студенттерге оңай ма? 8.Сіздердің тобыңызда ешкім ештеңе түсінбей отыр ма?

ІІ тапсырма Отбасыңыздың суреттерін пайдаланып, жолдасыңызбен сөйлесіңіз.

ІІІ тапсырма. Өлеңді оқып, аударыңыз. Қандай есімдік екенін айтыңыз. Өлеңді жаттап алыңыз.

«Сіз» деген-сыпайылық,

«Сен» деген –анайылық.

«Біз» деген - көмек

«Сіз» деген -әдеп.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]