Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Поф Каз ф.01.17 тех.карта общеобр.каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.96 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі

Сабақтың технологиялық картасы

Пән : Кәсіби қазақ тілі

Мерзімі Топ

Сабақтың № 24

Тақырыбы: Білікті кәсіби маман-заман талабы. Есімді сөз табы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Білікті маман қызметі туралы жалпы түсінік беру. Технологиялардың түрлеріне тоқталу.

Дамытушылық: ауызекі сөйлеуді дамыту, кәсіби сөздік қорды молайту, кәсіби қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: мәтінді оқи білуге, сөздерді анық, дұрыс айтуға, әр тапсырманы ұқыпты және таза орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.

б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.

в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика

Қолданатын әдебиет:

Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова

Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова

Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.

Сабақтың өту барысы :

Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.

Гимды орындау.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Он үшінші ақпан

Жаңа сабақ : Білікті кәсіби маман-заман талабы

Адамдар есейгенде кәсіптің бір түрімен шұғылданады. Өз жұмысын жақсы білетін адамды, білікті маман деп атайды.

Мамандықтың түрі көп. Адам мамандықты өзінің білімі мен шеберлігіне, қабілетіне қарай таңдайды. Біреу-бағдарламашы, біреу –электроншы, біреу-есепші. Кейбіреуі ғылыммен айналысады.

Бағдарламашы мамандығы білімдікті, ұқыптылықты, шыдамдылықты талап етеді. Бұл мамандық өте қажет. Бағдарламашы көп салаларда қызмет етеді.

Бухгалтер кәсіпорынның, фирманың кірісі мен шығынын есептей отырып, қаржы және шаруашылық қызметінің нәтижесін есепке алып отырады.

Мамандардың біліктілігі қоғамның даму дәрежесіне үлкен әсер етеді. Сондықтан, біліктілікті көтеруде көптеген колледж бен институттар жұмыс істейді, олар кәсіптік шеберлікке баулиды.

Сөздік

Шұғылданады- занимается шыдамдылық-терпеливость

Мамандану-специализация талап-требование

Біліктілік-квалификация шығын-расходы, затраты

Қабілет-способность Шеберлік-мастерство

Ұқыптылық-аккуратность

Кәсіптік-профессионально

Кіріс-доход

Есімді сөз табына: сын есім, зат есім, сан есім, есімдік жатады.

Грамматикалық белгілерінің жақындығына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер бір сөзбен айтқанда есімдер делінеді.

Зат есім заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Кім?, Кімдер?, Не?, нелер? деген сұрақтарға жауап береді.

Заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, тағы басқа қасиеттерін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Қандай?, қай? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: таза бөлме, әдемі үй, жақсы оқушы.

Заттың санын, ретін білдіретін сөзді сан есім дейміз. Сұрақтары: неше?, қанша, нешінші, нешеу?

Есімдер тобына жататын сөз табының бірі-есімдік. Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы.

Тапсырма. –шы, -ші жұрнақтарымен зат есімдер жасап, сөйлем құраңыз.

Зерттеу, жазу, кен, теңіз, балта, егін, мүсін, тігін, тіл, ән, би, аударма, хат, сәулет, сату, жұмыс, есеп, сурет, ел, аң.

Тапсырма. Подберите числительные к следующим словам.

Сынып, дәрісхана, автобус, пәтер, үй, сабақ, трамвай, қабат, пойыз, курс, қалам, орындық, оқушы.

Тапсырма. Данные числительные запишите словами.

7, 12, 29, 34, 56, 67, 83, 91, 105, 218, 345, 467, 569, 682, 712, 811, 933, 1038, 2993,

3 279 364, 5 493 517 620, 119 326, 625 781.

Тапсырма. Синонимдермен сөйлем құрап жазыңыз.

Есейгенде-үлкейгенде, ержеткенде-повзрослев

Шұғылданады, айналысады- занимается

Кәсіпкер, табыскер, іскер, бизнесмен

Әсер, ықпал-влияние

Қызмет етеді, қызмет істейді, қызмет атқарады, жұмыс істейді, еңбектенеді-работает

Тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Адам мамандықты қалай таңдайды?

2. Сіз қандай кәсіпті таңдадыңыз?

3. Бағдарламашы, электроншы мамандықтары қандай талаптарды қажет етеді?

4. Мамандықтардың біліктілігі қоғамға қандай әсер етеді?

Сауал-жауап беру арқылы жаңа сабақты бекіту.

І Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Сабақтың қорытындысы:

1. Білікті кәсіби маман-заман талабы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Қандай жаңа сөздермен таныс болдыңдар?

3. Есімді сөз табына тағы нелер жатады?

Рефлексия: 1. Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

2.Нені үйрендіңдер?

3.Нені білгілерің келеді?

Бағалау: Сабақта белсенді жауап берген оқушыларды бағалап, мадақтаймын.

Үй тапсырмасы: «Білікті кәсіби маман-заман талабы» мазмұндау, презентация дайындау.

Оқытушының АЖӘ және қолы: С.Сәрсенбаева

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]