Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Поф Каз ф.01.17 тех.карта общеобр.каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.96 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі

Сабақтың технологиялық картасы

Пән : Кәсіби қазақ тілі

Мерзімі Топ

Сабақтың № 32

Тақырыбы: Қауіпсіздік ережелері туралы түсінік. Өрт қауіпсіздігі ережелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе алуға үйрету. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. Қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру. Өрт қауіпсіздігі шараларын үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілдерін дамытуң. Сөздік қорларын молайту. Оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеуін дамыту. Қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Өміріне қауіп төнген кезде өзін қорғай білуге үйрету.

Сабақтың типі: аралас сабақ

а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.

б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.

в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика

Қолданатын әдебиет:

Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова

Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова

Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.

Сабақтың өту барысы :

Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.

Гимды орындау.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Жаңа сабақ : қауіпсіздік техникасының ережелері

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.

4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды.Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

7. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарының көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

1.ДК элетр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру ( изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

3.Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою қажет.

ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

1.ДК элетр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру ( изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

3.Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою қажет.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

1.ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын ( 60-70 см) сақтау керек.Мүмкін қашықтық -50 см.

2.Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

3.Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

4.Оқушылар элетр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

5.Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

1.Аппаратураны оқушының нұсқауымен өшіру керек.

2.Жұмыс орнынын ретке келтіру керек.

3.Жұмыс орнын пайдалануды еске алу журналына белгі қою керек.

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Сабақтың қорытындысы:

1.Электронды пошта жүйесі неше бөліктен тұрады?

2. Қолданушы агенті қандай қызмет атқарады?

3. Тасымалдау агенттері мен жеткізу агенттері қандай қызмет атқарады?

4. Терминологиялық сөздіктер дегенді қалай түсіндіңдер?

Рефлексия: 1. Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

2.Нені үйрендіңдер?

3.Нені білгілерің келеді?

Бағалау: Сабақта белсенді жауап берген оқушыларды бағалап, мадақтаймын.

Үй тапсырмасы: «Электронды поштамен жұмыс істеу перинциптері» мазмұндау, презентация дайындау.

Оқытушының АЖӘ және қолы: С.Сәрсенбаева

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]