- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Тақырыбы: Интернет желісі. Түсіндірме сөздіктер.
- •Интернет желісі
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ : қауіпсіздік техникасының ережелері
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ : Ақпаратты технология және маман қызметі.
- •Есімдікті сөз таптарының жасалу жолдары
- •4 Тапсырма Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз.
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ : Кәсіпкер және кәсіпкерлік.
- •Етістік. Етістіктің категориялары
- •4 Тапсырма Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз.
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ : Іскерлік қарым-қатынас
- •1.Мира умывается. 2.Причешись! 3.Пользуйся моей тетрадью. 4.Вытрись полотенцем. 5.Задумайся! 6.Вдали виднеется машина. 7.Почистись снегом. 8.Берегись!
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ Сөйлеу мәдениеті
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ Келіссөздер мен іскерлік әңгіме
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ : Еңбекті қорғаудың заңнамалары
- •Сөз тіркестері мен сөздердің байланысу түрлері
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі
Сабақтың технологиялық картасы
Пән : Кәсіби қазақ тілі
Мерзімі Топ
Сабақтың № 20
Тақырыбы: Интернет желісі. Түсіндірме сөздіктер.
Сабақтың мақсаты:
білімдік : Интернет желісінің пайдалы жағын, оның шығуын, оған қосылудың жолдарын айтып түсіндіру. Түсіндірме сөздіктер туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеуді дамыту, кәсіби сөздік қорды молайту, кәсіби қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: компьютерлік желілердің жүйелерін, ғаламторды дұрыс пайдалануға, бағдарламалау тілдерін дұрыс ажырата білуге, әр тапсырманы ұқыпты және таза орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.
б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.
в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика
Қолданатын әдебиет:
Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова
Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова
Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.
Сабақтың өту барысы :
Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.
Гимды орындау.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:
Интернет желісі
Ауқымды желі немесе Интернет-адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.
Интернет-(ағылшынша-желіаралық байланыс ) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Интернет дегеніміз-дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып, ол біздің өмірімізде күннен-күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.
Мәтін бойынша тапсырма.
Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Интернет туралы өзің не білесің?
Интернет сөзін қатыстырып, бірнеше сөйлем құра.
Грамматикалық тақырып: Түсіндірме сөздік.
Түсіндірме сөздік тілдегі сөздердің лексикалық-грамматикалық сипаттамасын, олардың айтылуы мен жазылуын, экспрессивті-эмоционалды бояуын көрсетеді.
І тапсырма. Берілген сөздердің мағыналарын анықтап, түсіндірме сөздіктің үлгісімен жазыңдар.
Қант, қыркүйек, етікші, көлеңке, қырқу, күту, перзент, ағайын, иманды, жомарт, ақпан, қолдаушы.
ІІ тапсырма. “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін” пайдалана отырып, бес омоним сөз, бес көп мағыналы сөз теріп жазыңдар.
ІІІ тапсырма. “Интернет және біз” тақырыбына шағын әңгіме жаздырып, оқытып жаңа сабақты бекітемін.
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:
Сабақтың қорытындысы: 1. Интернет желісі дегеніміз не?
2. Түсіндірме сөздіктер туралы не түсіндіңдер?
3. Тапсырмалар түсінікті ме?
Рефлексия: 1. Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
2. Нені білгілерің келеді?
Бағалау: Сабақта белсенді жауап берген оқушыларды бағалап, мадақтаймын.
Үй тапсырмасы: «Интернет желісі» мәтінін мазмұндау, сөздік жаттау.
Оқытушының АЖӘ және қолы: С.Сәрсенбаева
