Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Поф Каз ф.01.17 тех.карта общеобр.каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.96 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі

Сабақтың технологиялық картасы

Пән : Кәсіби қазақ тілі

Мерзімі Топ

Сабақтың № 33

Тақырыбы: Еңбекті қорғаудың заңнамалары. Сөз тіркестері мен сөздердің байланысу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік : Еңбекті қорғаудың заңнамалары туралы терең түсінік қалыптастыру. Сөз тіркестері мен сөздердің байланысу тәсілдері ережесін түсіндіру.

Дамытушылық: ауызекі тілде еркін сөйлеуге дағдыландыру. Кәсіптік

білімдерін жетілдіру. Сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін, белсенділігін,

қызығушылығын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, адамгершілікке,

еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Білімді маман иесі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.

б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.

в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика

Қолданатын әдебиет:

Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова

Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова

Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.

Сабақтың өту барысы :

Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.

Гимды орындау.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Жаңа сабақ : Еңбекті қорғаудың заңнамалары

еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау жөніндегі уәкілеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттіктi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Ұйым еңбегінің қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауға жауапты басшылар мен тұлғалардың (ары қарай – жауапты тұлға) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімдерін тексеру ісі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріндегі комиссияда жүргізіледі.

Жауапты тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі бойынша білімдерін тексеру үш жылда бір рет өткізіледі. Жұмысқа қабылданған жауапты тұлғалар еңбек келісім-шартына қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден өткізуі тиіс.

Білімді тексермес бұрын өндірістік ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты тұлғалар сәйкес жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде біліктілікті арттыру курстарында дайындықтан өтеді.

  Білімді тексеру жұмыс берушімен бекітілген және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келістірілген кесте бойынша жүргізіледі.

Жауапты тұлғаның білімін тексеру үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріндегі емтихан комиссиясы тестілеу немесе емтихан билеттерін пайдалану әдісін пайдалана алады. Емтихан билеттері немесе тесттер өндіріс ерекшеліктері мен мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын есепке ала отырып жасалады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]