Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Поф Каз ф.01.17 тех.карта общеобр.каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.96 Кб
Скачать

Жаңа сабақ : Іскерлік қарым-қатынас

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу.

Қарым-қатынас түрлерінің бірі – іскерлік қарым-қатынас – онда әңгімелесушінін мінезі, жеке өзіне тән ерекшеліктері, жасы, оның көңіл күйі ескеріледі, бірақ іс мәнді болып қала береді.

Мәтінге тапсырма. Іскерлік қарым-қатынасқа екеуара әңгіме құрыңыз.

Етіс

Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.

Қимылдың, іс –әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады.

Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді: негізгі етіс, ортақ етіс -с (-ыс, -іс), өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір), ырықсыз етіс -ыл (-іл, л), өздік етіс -ын (-ін, -н)

І тапсырма. Қажетті жұрнақтар жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.

Ора, көр, сез, жасыр, арқала, тазала, сүрт, ки, сал, гүлде, қара, біл, байла, жуын, тарану.

ІІ тапсырма Берілген өзгелік етістерді қолданып, сөз тіркесі мен сөйлем құраңдар.

Көрсеткіз, тазалатқыз, өсірт, айтқыз, жинаттыр, ойнатқыз, жазғыз, жүргіз, сөйлеткіз.

ІІІ тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

1.Мира умывается. 2.Причешись! 3.Пользуйся моей тетрадью. 4.Вытрись полотенцем. 5.Задумайся! 6.Вдали виднеется машина. 7.Почистись снегом. 8.Берегись!

І Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Сабақтың қорытындысы:

1. Іскерлік қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Етіс деп нені айтамыз?

3.Етістерді неліктен жұрнақтардың жүйесі деп атаймыз?

Рефлексия: 1. Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

2.Нені үйрендіңдер?

3.Нені білгілерің келеді?

Бағалау: Сабақта белсенді жауап берген оқушыларды бағалап, мадақтаймын.

Үй тапсырмасы: Екеуара сұқбат дайындау, ережені жаттау.

Оқытушының АЖӘ және қолы: С.Сәрсенбаева

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]