Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сот сараптамасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
563.71 Кб
Скачать

13.2 Сот өрт-техникалық сараптама

Өрт жағдаяттарын сот-сарапшылық зерттеу көбінде азаматтық істер бойынша, сондай-ақ жеке адамға қарсы, мемлекеттің конституциялық кұрылымы мен қауіпсіздігіне қарсы, экономи-калық кызмет аясындағы меншікке қарсы, қоғамдык қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы кылмыстар, көлік қылмыстары жәніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Сот өрт-техникалык сараптаманың тақырыбы:

  • жанудың пайда болу және ерістеу себептерін;

  • ерттің өрістеу механизмін;

  • өрттің пайда болуына себебін тигізетін жағдайларды анық-таумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманын объектілері:

  • әрт орны;

  • жоғары температура әсеріне ұшыраған ғимараттар мен үй-жайлардың құрылымдык элементтері;

  • ерт орнында табылған заттар, материалдар, бұйымдар, жылу құрал-жабдыктары;

  • электржылытқыш аспаптары, электр сымдары;

  • жану және тез тұтанғыш сұйықтық іздерінің болуы тура-лы болжам жасалынатын әр түрлі жеткізгіш-заттар;

  • балку іздері бар электр сымдары мен кабельдердің үзінді-лері;

  • апаттық режим белгілері бар электр қорғау кұралдары, электр коммутаторлар;

  • салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер;

— сараптама тақырыбына жататын езге де іс материалдары. Сот әрт-техникалық сараптаманың ғылыми-әдістемелік негіздері жану процесінің пайда болуы мен өрістеуінің зандылықтары бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зерттеу әдістемесіне криминалистік, техникалық, математикалык және өзге де әдістер кіреді.

Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:

  1. Өрт ошағы кайда орналасқан?

  2. Нақты орын өрт ошағы болып табыла ма?

  3. Жанудың таралу жолы қандай?

  4. Осы электр қорғау аппараттары кандай тоқта іске қосылуға есептелген?

  5. Сақтандырғыштар мен автоматты ажыратқыштар объектінің электр жабдығын артық жүктелуден, қысқа тұйықталу ток-тарынан қорғап қалуы мүмкін бе еді және олар ө рттің пайда болуымен себептік байланыста болуы мүмкін бе?

  6. Орттін басталу сәтінде кернеу тұрақтандырғышы қандай техникалық күйде болған және розеткіге қосылған күйде қалған тұрақтандырғыш акдулығы өрттің себебі болуы мумкін бе?

  7. Электр жабдығының күйі өрттің пайда болуымен себептік байланыста болған ба?

  8. Өрт жағдайында жанып жаткан объектінің электр қондырғылары кернеулі токта болған ба?

  9. Үсынылған заттай дәлелдемелерде апатты жұмыс режимінің белгілері бар ма (балку, токтын артық жүктелу іздері, қысқа

тұйықталу)?

    1. Сот жарылыс техникалық сараптама.

Сот сарапшылық жарылыстехникалық көбінде жеке адамға қарсы, мемлекеттің конституциялық құрылымы мен қауіпсіздігіне қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондай ақ көлік қылмыстары, әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі.

Сот жарылыстехникалық сараптаманың тақырыбы:

  • Жарылғыш құрылғлардың (оқ дәрі қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар), жарылғыш заттар мен жару құралдарының топтық қатыстылығы мен шығу көзін;

  • Жарылысты дайындау мен жүргізуді анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері: жарылыс әрекеті бар (миналар, гранаталар, бомбалар) штаттық оқ дәрілер және қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар, негізінде , өзінің құрылымы, мақсаты мен әрекет принципі бойыша инженерлік миналар мен қол гранаталары; жарылғыш заттар (әскери, өндірістік не жан жақты мақсаттағы) мен дәрі, жару құралдары; жарылыс өнімдері мен оның әрекетіне ұшыраған объектілер болып табылады.

Сот жарылыстехникалық сараптаманың түр тармақтары былай бөлінеді:

  • Жарылыс жүйелерін зерттеу;

  • Имитациялық құралдарды, ұңғылы артилерия оқ дәрілері мен инженерлік оқ дәрілерді зерттеу;

  • Пиротехникалық құралдар мен қоспаларды зерттеу;

  • Жарылыс орны мен жарылыс іздерін зерттеу.

Сот жарылыстехникалық сараптаманың ғылыми әдістемелік негіздері жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды, сондай ақ жарылыстарды әзірлеумен және пайдаланумен байланысты технологиялық процесстер заңдылықтары тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды.

Сот жарылыстехникалық сараптаманы жүргізу үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама жүргізу үшін ұсынылатын материалдар істің мән жайы, объектілердің және сарапшының шешуіне қойылатын сұрақтардың сипатымен анықталады.

Жарылмаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ЖҚҚ, ИҚ, ПҚ, артиллериялық және инженерлік оқ дәрілерді жолдағанда сарапшыға: қарау және табу сәтінде оларды пайдалану үшін қауіпсіз жағдайға келтірілген объектілердің өзі; оларды табудың мән жайы және қауіпсіз жағдайға келтірілгені туралы деректер көрсетілген тергеу әрекеттері хаттамасының көшірмелері; сезіктіден табылған заттай дәлелдемелердің сұлбалары, суреттері, есептеулері, техникалық сипаттамалары; сезіктінің дайындаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ИҚ, ПҚ макеттері ұсынылады.

Болған ЖЗ, ЖҚ мен ЖҚ жарылыстары туралы материалдарды жолдау кезінде оқиға орнын қарау хаттамасының көшірмесі; хаттаманың қосымшалары; оқиға орнынан алынған объектілер; сот медициналық сараптама қорытындысы; жарылысты не оның зардаптарын бақылаған адамдардан жауап алу хаттамалары; жауап алу хаттамалары ұсынылуы керек.

14 Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың және биологиялық сот сараптамасы

14.1 Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы

14.2 Сот сарапшылық биологиялық сараптамасы

14.1 Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы.

Есірткілер, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы Қазақстан Республикасының зағнамасын бұзумен жүзеге асырылатын олардың заңсыз айналымы – есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіру, жинау және дайындаумен байланысты, есірткелер, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, дайындау, қайта қндіру, ішке енгізу, сыртқа шығару, транзиттеу,тасымалдау, жіберу, сатып алу, сақтау, бөліп беру, сату, пайдаланумен байланысты қызмет түрімен байланысты қылмыстық істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жүргізіледі.

Есірткелер, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы тақырыбы:

Есірткілерге не прекурсорларға жатқызылған белгісіз заттың жаратылысын;

Оны есірткілер, психотроптық заттар мен прекурсорлардың блгілі бір түріне жатқызылуын;

Салыстырылатын объектілердің көрсетілген жаратылысын бірыңғай шикізат шығу көзі, бірыңғай дайындалу технологиясы, бірыңғай сақталу жағдайлары бойынша бірыңғай массаға, көлемге және бірыңғай шығу көзіне қатыстылығын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері: есірткілер (сора, көкнәр және басқалардың немесе олардың бөліктерінің бүтіндей есірткі құрамдас өсімдіктері, өсімдіктерді қайта өңдеу өнімдерін ); қолдан дайындалып алынатын жартылай синтетикалық және синтетикалық есірткілер мен психотроптық заттар; құрамында есірткі не психотроптық заттары бар зауытта дайындалған немесе дәріхана әзірленген дәрілік құралдар; есірткілер мен психотроптық заттарға ұқсас заттар; прекурсорлар; дайындау, бөліп салу, қолдану, сақтау және тасымалдау кезінде пайдаланатын түрлі жеткізгіш заттардағы есірткілердің немесе психотроптық микрожұғындылары; есірткілерді дайындауға арналған аспаптар мен құрал жабдықтар; есірткі құрамдас өсімдіктер өсетін орындардың тексерілетін аумақтары; оқиға орнының заттық жағдайы; есірткілер, психотроптық заттар мен прекурсорлардың шикізат көзі туралы ақпараты бар іс материалдары, олардың сақталу орны, дайындалу технологиясы, оқиға орнын өарау, заттай дәлелдемелерді алу хаттамалары, сондай ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

14.2 Сот сарапшылық биологиялық сот сараптамасы.