Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сот сараптамасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
563.71 Кб
Скачать

10.1 Лакты бояу материалдары мен жабындарды және полимер материалдарын сот-сарапшылық зерттеу

Сараптаманың объектілері: Үсті боялған заттар мен полимер материалдардан жасалған бұйымдар, лакты бояу материалдары көлемі мен олардың құрамдас құрауыштары, түйіспелі өзара әрекет ету іздері бар боялған заттардың нақты жиынтықтары, полимер материалдарын дайындауға арналған шикізат пен құрал-жабдық, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Лакты бояу материалдары, жабындары және полимер материалдарына сот сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері:

Заттай дәлелдемелерді қараған кезде мына талаптарды сақтаған жөн:

  • Заттай дәлелдемелер – оқиға орнынан алынған бояу, полимер кесектері, олардың бөліну шекараларын бұзбай отырып, бір қағаз пакетке жиналады;

  • Нақты заттың (мыс.,көлік құралы) боялуының толық жүйесі туралы ақпаратты алу үшін жабындардың салыстырмалы үлгілерін алуда, олардың бөліктерін төменгі қабаттарына дейін кесе отырып жүргізу керек;

  • ЛБЖ, ПМ іздері бар заттарды алғанда, ескі іздерін сақтап және қылмыс оқиғасына байланысты емес жаңа іздер пайда болмайтындай алу керек;

  • Боялған заттар лактыбояу жабындарының зақымданған жерлерін, сондай-ақ киімді немесе бояу іздері бар басқа объектілерді қосымша механикалық әсер етуден, қандай да бір бөтен бөлшектердің түсуінен сақтаған жөн; киімде немесе басқа затта бояудың микробөлшектері көрінбеуі мүмкін, сондықтан да, олармен барлық жұмыстар таза ақ қағазда жүргізіледі, оған сол заттарды буып-түйіп, сараптамаға жібереді.

  • Бояу жұғындылары бар жеткізгіш-заттарды, лактыбояу жабындар қырындыларын, жеке боялған заттарды сараптамаға жолдаған кезде әрбір затты тығыз ақ ақағазға немесе полиэтилен пленкасының қиындысына жақсы жауып буып-түю қажет;

  • Кабельді өнеркәсіптің бөліктерге бөлінген бұйымдарына сәйкестендірушілік зерттеу жүргізу үшін, егер бөлудің жалпы жолағы болмаған жағдайда, онда ізделініп отырған бүтіннің шекараларын анықтайтын мәліметтерді ұсыну керек (оның саны, пайда болу жағдайлары, пайдалану және бөліктерге бөлу ерекшеліктері);

  • Көлік құралын қайта бояу фактісін анықтау үшін әр бөлшектері жабындарынан үлгілер таңдап алу талап етіледі, оның негізгісі автомобиль қорбы болып табылады. Нөмірін қайта жасау жағдайында бөлшектің ішкі бөліктерінен де үлгілерді алу жүргізіледі.

    1. Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сарапшылық зерттеу

Сараптаманың объектілері – заттардағы мұнай өнімдері мен олардың іздері; жанар-жағармай мұнай материалдары мен олардың заттардағы іздері; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер мен сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарына сот сараптамасын тағайындау үшін материалдары дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама тағайындау туралы қаулыда істің мән-жайы, сондай-ақ:

  • Зерттелетін объектілердің шығу тегі, сақталу жағдайлары, тасымалдануы, пайдаланылуы, объектілерді табу және алу тәсілдері жөнінде;

  • Қолдан жасалған композициялар технологиясы туралы, МӨ мен ЖЖМ-де іздері табылған заттың қасиеттері туралы ақпарат ұсынылуы керек.

МӨ мен ЖЖМ объектілерін сарапшылық зерттеуге дайындаған кезде мына төмендегі талаптар сақталу керек:

  • Зерттеу объектілері ұқыпты жабылып ұсынылады, өйткені көптеген сұйық МӨ (бензин, керосин, еріткіш) құрамында тез буланғыш компоненттері болады;

  • МӨ мен ЖЖМ қасиеттерінің өзгеруін болдырмау үшін оларды алуды және сарапшылық зерттеуге ұсынуды қысқа мерзімде өткізу керек және үлгілерді зерттеуге жібергенге дейін оларды салқын әрі қараңғы жерде сақтаған жөн;

  • Ыдыс габариттерінің едәуір үлкен болуына байланысты МӨ-ның нақты көлемдерін ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, шығарылған көлемді МӨ-нің сұйық үлгілері ұқыпты жабылған құрғақ шыны ыдысқа құйып алынады;

  • Қоймалжың МӨ мен ЖЖМ үлгілерін (май, пластик майлар) шыны ыдысқа, ал қатты МӨ мен ЖЖМ-ні таза полиэтиден пакетке орналастыру керек;

  • Қағаз пакеттер, сіріңке қораптары, ағаштан, картоннан, матадан жасалған орама материалдар МӨ-ні буып-түюге жарамсыз, өйткені сұйық және қоймалжың МӨ саңылауы материалдарға сіңіп кетеді;

  • Жеткізгіш-заттардағы МӨ мен ЖЖМ іздерін табу және зерттеу үшін сол заттарды және ондағы МӨ мен ЖЖМ жұғындылары іздерін сақтауды қамтамасыз ете отырып ұсынған мақсатқа лайықты;