
- •1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамалары
- •1.1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы
- •1.1 Сот сараптамасы түсінігі және негізгі сипаттамасы
- •1.2 Сот сараптамсының тақырыбы мен міндеттері
- •1.3 Сот сараптамасының объектісі
- •Сарапшылық зерттеуге арналған үлгі
- •2.4 Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу.
- •2.5 Сот сараптамасының даму бағыты.
- •2.6 Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу.
- •3.2 Сот сарапшысына қарсылық білдіру
- •3.3 Сот сарапшысының іс жүргізу функциялары, құқықтары мен міндеттері
- •4.2 Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру
- •4.3 Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары.
- •4.4 Сарапшылық зерртеу нәтижелерін ресімдеу.
- •5.2 Қылмыстық процесті жургізуші органның сарапшы қорытындысын бағалауы
- •5.3 Сарапшы тұжырымының мазмұны мен нысанына байланысты сарапшы қорытындысының дәлелдәмелік маңызын бағалаудьң ерекшеліктері
- •5.4 Қылмыстық процесті жүргізуші органның сарапшы қорытындысын бағалау салдарлары
- •5.5 Сарапшыдан жауап алу
- •5.6 Сезіктіге, айьштадушыға, жәбірленушіге және куәга сарапшы қорытындысын көрсету
- •6.2 Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы
- •6.3 Әкімшілік процеске арнаулы білімдерді пайдалану
- •7 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін ұйымдастыру
- •7.2 Сот сараптамасының принциптері
- •7.6 Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- •7.1 Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сот-сараптама қызметін ұйымдастыру мәселелері
- •7.2 Сот сараптамасының принциптері
- •7.6 Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- •8.2 Сот портреттік сараптама
- •8.3 Сот бейнефонографиялық сараптама
- •8.4 Сот фототехникалық сараптама
- •9 Трассологиялық, баллистикалық сараптама жасаудың аспектілері
- •9.1 Сот трассологиялық сараптама
- •9.2 Сот баллистикалық сараптама
- •9.1 Сот трасологиялық сараптама
- •9.2 Сот баллистикалық сараптама
- •10.1 Лакты бояу материалдары мен жабындарды және полимер материалдарын сот-сарапшылық зерттеу
- •Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сарапшылық зерттеу
- •10.3 Металдар мен қорытпаларды сот-сарапшылық зерттеу
- •10.4 Топырақты сот-сарапшылық зерттеу
- •10.5 Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сарапшылық зерттеу
- •10.6 Спиртқұрамдас сұйықтықтарды сот-сарапшылық зерттеу
- •11.2 Сот сарапшылық көлік-трассолдогиялық зерттеу
- •11.3 Көлік құралдарын сот-сарапшылық зерттеу
- •11.3 Көлік кұралдарын сот-сарапшылық зерттеу
- •12.3 Сот құрылыс сараптамасы
- •12.4 Сот жарылыс - техникалық сараптама
- •13.2 Сот өрт-техникалық сараптама
- •Сот жарылыс техникалық сараптама.
- •15 Адамның психикалық күйі мен психофизиологиялық процестердің сот сараптамасы
- •15.1 Сот сарапшылық молекулярдық-генетикалық зерттеу
- •15.4 Сот психологиялық-физиологиялық зерттеу
- •15.4 Сот психологиялық-филологиялық зерттеу
11.3 Көлік кұралдарын сот-сарапшылық зерттеу
КҚ сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:
- КҚ-ның техникалық жағдайы;
- КҚ-дағы техникалық акзулардың пайда болу себептері мен уақыты (ЖКО-ға дейін, сол сәтте немесе кейін);
- ЖКО басталу сәтіне дейін КҚ ақаулығын табу мүмкіндігі, сондай-ақ оның ЖКО дамуына әсері анықталуы мүмкін.
Сараптаманың объектілері бүтіндей КҚ, оньщжүйелері, агрегаттары, тораптары, бөлшектері, олардың беліктері, сондай-ак сараптама такырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
Сараптаманың шешуіне қойыпуы мүмкін сүрактардың ауқымы:
1. Автомобильдің тежегіш жүйесі, рульдік басқаруы, жүріс бөлігі, электр жарығы жүйесі ақаулығынын, пайда болу себебі кандай?
2. ЖКО-ға қатысты кай сәтте осы бөлшектің (тораптың) бұзылуы болды?
3. Жүргізуші немесе КҚ-ның техникалық жағдайына жауапты адам КҚ-ны пайдалану алдында оның қандай да бір жүйелерінің, агрегаттарының не бөлшектерінің ақаулығын біле алған ба?
4. Анықталған ақаулык қозғалыстың режимін (тежегіш жүйесінің тиімділік әрекетінің төмевдеуі, КҚ-ны ездігінен бір жақка қарай алып кету және кейінде аударылуы) бүзды ма?
5. Анықталған ақаулық болған ЖКО-мен себегтгік байланыста ма?
6. Оқиға кезінде автомобильдің сынған электршамы жанып тұрды ма?
7. Электршамның сынуы сәтінде автомобиль фарының қай жарығы (алысқа түсетіні не жақынға түсетіні) жанып түрды?
Көлік қуралдарына сараптама жүргізу үшіи материалдарды дайыңдаудың ерекшеліктері. КҚ сарапшыға жеткізілуі, не болмаса өзгертілмеген күйде орнында сақталуы керек. Сараптаманы жүргізуді бастамастан бұрын механизмдерді реттеуге, тораптар мен бөлшектерді ауыстыруға, май мен тежегіш сүйыктығын құюға, сондай-ақ өзге де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді. Зерттеуге жеке тораптар мен бөлшектер, олардың бөліктері барлық бекіту және косу бөлшектерімен бірге үсынылады. Ондағы бар іздзр мен ақаулар механикалық әсер ету мен ылғалдылықтан сақталуы керек.
КҚ-ны қарау хаттамасында алынатын тораптын сыртқы түрі мен күйі, оны шығарып алудың жағдайы сипатталады. КҚ-дағы тораптың күйі суретке түсіріліп алынады. Зерттеуге берілетін КҚ-ның тежегіш жүйесі, рульдік басқаруы, трансмиссиясы, жүріс бөлігі толық тиеп әкелінеді.
12 Сот экономикалық, тауартану, құрылыс сараптамалары
12.1 Сот экономикалық сараптама
12.2 Сот тауартану сараптамасы
12.3 Сот құрылыс сараптамасы
12.4 Сот жарылыс-техникалық сараптама
12.2 Сот тауартану сараптамасы
Сот-сарапшылық тауартану зерттеуі көбінде азаматтық істер бойынша, сондай-ақ жеке адамға қарсы, экономикалық қызмет аясындағы меншікке қарсы, халықтардың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ көлік қылмыстары кезінде жүргізіледі.
Сараптаманың объектілері:
— материалдық активтер: жылжымалы мүлік (тауар-материалдық құндылықтар, көлік құралдары, өндіріс қаражаты, малдар); жылжымайтын мүлік (жер, жер қойнауы, жер учаскелері;
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс объектілері, әкімшілік ғимараттар мен үй-жайлар, арнайы мақсаттағы объектілер, инженерлік инфрақұрылым, аяқталмаған құрылыс;
материалдық емес активтер: жұмыс, қызмет көрсету, шығармашылық және интеллектуалды қызметтің объектендірілген нәтижелері;
өнеркәсіптік меншіктің тіркелетін объектілері (өнертабыс, патенттер, лицензиялар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, қызмет көрсету және шығу орны таңбалары);
өнеркәсіптік меншіктің тіркелмейтін объектілері (гудвилл, ноу-хау, ғылыми есептер мен монографиялар, конструкторлық және технологиялық құжаттамалар, ма-кеттер, модельдер және тәжірибе үлгілері, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелер);
Сот-тауартану сараптамасының міндеттері мен объектілерінің түрлілігін ескергенде, ол былайша жіктеледі:
— азық-түлікке жатпайтын тауарларды сот-сарапшылық зерттеу;
— азык-түлік тауарларын сот-сарапшылық зерттеу;
— сот-сарапшылық автотауартану зерттеуі;
— контрафактік тауарларды сот-сарапшылық зерттеу.
- Азық-түлікке жатпайтын тауарларды сот-сарапшылық
зерттеу
Сараптаманың объектілері жеңіл өнеркәсіп тауарлары (аяқкиім, киім, тоқыма тауарлары), галантерея және зергерлік бұйымдар, гигиена тауарлары (парфюмерия және косметика), мәдени-тұрмыстық тауарлар (музыка аспаптары, спорт тауарлары); шаруашылық мақсаттағы тауарлар (жиһаз, ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, тұрмыстық химия) және сараптама тақы-рыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:
1. Бұйымдардың атауы қандай?
2. Бұйым қандай шикізат түрінен жасалған?
3. Бұйымды дайындауға қолданылған шикізат (материал) сапалы ма?
4. Осы тауардын сапасы қандай стандарттармен белгіленеді?
5. Тауардың атауы мен сипаттамалары заттаңбада көрсетілген таңбалаулар мен ен-таңбаларға сәйкес пе? Сәйкессіздігі неде? т.б.
- Азық-түлік тауарларын сот-сарапшылық зерттеу
Сараптаманың объектілері ет-сүт, балық, бакалея, жеміс-жидек тауарлары, дәмдік және астық-ұн тауарлары, тамақтық концентраттар және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы осының алдындағы аталған сұрақтарға ұқсас.
- Сот-сарапшылық автотауартану зерттеуі
Сараптаманың объектілері көлік құралдары, оның агрегаттары, тораптары, бөлшектері және қосалқы бөлшектері, көлік құралдарын жөндеуге арналған материалдар, сондай-ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:
1. ЖКО нәтижесінде КҚ-да болған зақымдарды қалпына келтіру үшін қажетті шығынның құны қандай?
2. Автомобильді жөндеудің калькуляциясында көрсетілген жөндеу жұмыстары мен бөлшектерді бағалау мен бағалар КҚ жөндеу сәтіндегі бағалар мен бағалауға сәйкес пе? Калькуляцияда көрсетілген барлық жұмыстар КҚ-ны қайта қалпына келтіру үшін қажет пе?
3. КҚ-ның тозу пайызы қандай?
4. Қайта қалпына келтіру сомасы КҚ-ның қалдық құнынан артық па?
Қазіргі уақытта бейне және аудио өнімге қатысты зерттеу кешенді сараптама шеңберінде жүргізіледі.
Сараптаманың объектілері:
- тауар орамасы және тауар жөнінде ақпарат жеткізгіштері: шығарма жазбасы жеткізгішін ресімдеу құралы ретіндегі футляр мен қосымша бет; дизайн құралының бейнелеулері; құкық иесінің құқын қорғау элементтері (авторлық және (немесе) аралас құқықтарды қорғау таңбалары, фирманың логотипі бар голографиялық жапсырмалар, тауар таңбасы ).
- ақпарат жеткізгіштері (аудио-, бейне кассеталар мен компакт-дискілер) және олардың құрамдастары: аудио-, бейне кассеталардың корабы мен магниттік таспасы; компакт-дискілердің үстіңгі беттері (үстіңгі бетінің мөлшері, профильдері);
- жеткізгіштегі шығарма жазбалары: негізгі параметрлері (форматы, түсті теледидар жүйесі, жазба режимі);
— шығарылған дубликаттардың лицензиялық өнімі жазбасын данасынан дайындау үшін қолданылған техникалық құралдар: аралық жазатын аппаратура (аудио-, бейнемагнитофондар, плеерлер) және оның құрал-жабдықтары (кассеталар, компакт-дискілер);
— зерттеуге ұсынылған аудио көзбен көру шығармаларына арналған ілеспе құжаттама: