
- •1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамалары
- •1.1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы
- •1.1 Сот сараптамасы түсінігі және негізгі сипаттамасы
- •1.2 Сот сараптамсының тақырыбы мен міндеттері
- •1.3 Сот сараптамасының объектісі
- •Сарапшылық зерттеуге арналған үлгі
- •2.4 Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу.
- •2.5 Сот сараптамасының даму бағыты.
- •2.6 Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу.
- •3.2 Сот сарапшысына қарсылық білдіру
- •3.3 Сот сарапшысының іс жүргізу функциялары, құқықтары мен міндеттері
- •4.2 Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру
- •4.3 Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары.
- •4.4 Сарапшылық зерртеу нәтижелерін ресімдеу.
- •5.2 Қылмыстық процесті жургізуші органның сарапшы қорытындысын бағалауы
- •5.3 Сарапшы тұжырымының мазмұны мен нысанына байланысты сарапшы қорытындысының дәлелдәмелік маңызын бағалаудьң ерекшеліктері
- •5.4 Қылмыстық процесті жүргізуші органның сарапшы қорытындысын бағалау салдарлары
- •5.5 Сарапшыдан жауап алу
- •5.6 Сезіктіге, айьштадушыға, жәбірленушіге және куәга сарапшы қорытындысын көрсету
- •6.2 Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы
- •6.3 Әкімшілік процеске арнаулы білімдерді пайдалану
- •7 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін ұйымдастыру
- •7.2 Сот сараптамасының принциптері
- •7.6 Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- •7.1 Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сот-сараптама қызметін ұйымдастыру мәселелері
- •7.2 Сот сараптамасының принциптері
- •7.6 Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- •8.2 Сот портреттік сараптама
- •8.3 Сот бейнефонографиялық сараптама
- •8.4 Сот фототехникалық сараптама
- •9 Трассологиялық, баллистикалық сараптама жасаудың аспектілері
- •9.1 Сот трассологиялық сараптама
- •9.2 Сот баллистикалық сараптама
- •9.1 Сот трасологиялық сараптама
- •9.2 Сот баллистикалық сараптама
- •10.1 Лакты бояу материалдары мен жабындарды және полимер материалдарын сот-сарапшылық зерттеу
- •Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сарапшылық зерттеу
- •10.3 Металдар мен қорытпаларды сот-сарапшылық зерттеу
- •10.4 Топырақты сот-сарапшылық зерттеу
- •10.5 Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сарапшылық зерттеу
- •10.6 Спиртқұрамдас сұйықтықтарды сот-сарапшылық зерттеу
- •11.2 Сот сарапшылық көлік-трассолдогиялық зерттеу
- •11.3 Көлік құралдарын сот-сарапшылық зерттеу
- •11.3 Көлік кұралдарын сот-сарапшылық зерттеу
- •12.3 Сот құрылыс сараптамасы
- •12.4 Сот жарылыс - техникалық сараптама
- •13.2 Сот өрт-техникалық сараптама
- •Сот жарылыс техникалық сараптама.
- •15 Адамның психикалық күйі мен психофизиологиялық процестердің сот сараптамасы
- •15.1 Сот сарапшылық молекулярдық-генетикалық зерттеу
- •15.4 Сот психологиялық-физиологиялық зерттеу
- •15.4 Сот психологиялық-филологиялық зерттеу
10.3 Металдар мен қорытпаларды сот-сарапшылық зерттеу
Металдар мен қорытпаларды сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:
жеткізгіш-заттардағы металдар мен қорытпалардың микробөлшектерінің болу/болмауы;
жалпы қабылданған металтану жіктеуіне сәйкес металдың белгілі бір түрге қатыстылығы;
металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдардың бұзылу сипаты мен себептері, нақты сипаттамалары;
металдар мен қорытпалардан жасалған объектілердің бірыңғай тектік (топтық) қатыстылығы;
металдар мен қорытпалардың бірыңғай шығу көзіне (массасы, тобы, қорытылуы) қатыстылығы;
металдардан жасалған объектілердің өзара түйіспелі әрекет ету фактісі анықталуы мүмкін.
Сараптаманың объектілері – негізгі металл болатын (болат, шойын) қорытпалардан жасалған бұйымдар, түсті металдар бұйымдары және олардың қорытпалары (мыс, алюминий, қорғасын, мырыш), шикізат, металл сынықтары, асыл металдардан жасалған (алтын, күміс, платина) бұйымдар мен жабындар, жеткізгіш-заттардағы металдану іздері, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер мен сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
Металдар мен қорытпаларға сот сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама тағайындау туралы қаулыда сарапшылық зерттеу барысында заттай дәлелдемелердің жойылу немесе зақымдану мүмкіндігін ескерткен жөн. Объектілердің сыртқы түрі, құрылымы, химиялық құрамының өзгеруі мүмкін жағдаяттарды толықтай баяндау қажет. Заттай дәлелдемелер сараптамаға сол табылған түрде, бөлек пакеттерге буып-түйіліп ұсынылады.
Объектілерді сертификациялаған өнімге немесе белгілі дайындаушы-зауыттың өніміне жатқызу туралы сұрақтарды шешу қажеттілігі туғанда, тиісінше, сапа сертификаты мен осы кәсіпорын өнімінің үлгілерін ұсыну талап етіледі.
Объектілердің өндіріс технологиясы туралы сұрақтарды шешу үшін тиісті үлгілер мен технологиялық құжаттамаларды ұсыну керек.
10.4 Топырақты сот-сарапшылық зерттеу
Сараптама объектілеріне - әртүрлі қалыптасқан жергілікті жер орындарының топырақтары, жеткізгіш-заттардағы (көлік құралы, киімдегі, кісі өлтіру құралындағы) топырақ текті заттардың жұғындылары, белгілі бір жер орнынан алынған топырақтың салыстырмалы және бақылау үлгілері, үлгілерді алудың сызба-жоспары, сондай-ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары жатады.
Салыстырмалы үлгілерге табиғи, жаратылыс шектерінде бөлінген немесе іс-жағдаяттарына байланысты белгіленген шектерде жер орны көлемі шегінде алынған топырақ үлгілері жатады, ал бақылау үлгілеріне оқиға орны ретінде белгіленген жер орны шектеріне тікелей жақын алынған топырақ үлгілері жатады.
Сот топырақтану сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері:Сараптама тағайындау туралы қаулыда жер орнына (улы химикаттармен өңдеу, белгілі дәнді-дақылдарды себу, қылмыстық оқиға кезіндегі метеорологиялық ахуал), сондай-ақ жеткізгіш-заттарға (аяқкиімді қию мерзімі, оны тазалау, жуу) қатысты мәліметтерді келтіру керек.
Топырақ жұғындылары тікелей жеткізгіш-заттарда (киімде, аяқкиімде, қылмыс құралдарында) ұсынылады, мұнда заттай дәлелдемелер орамасы жеткізгіш-заттардағы жұғындылар шоғырының сақталуын қамтамасыз етуі керек.
Топырақ үлгілері жер бетінен жеткізгіш-заттың топыраққа жобаланған еніп кету деңгейіндегі тереңдіктен алынады және қылмыс жасалу сәтіндегі метеорологиялық ахуал ескеріледі. Бір үлгінің салмағы 50-100 г болуы керек. Үлгілер ылғал болған жағдайда, оларды бөлме температурасында кептіріп алған жөн.
Салыстырмалы үлгілер зерттелетін жер орны топырағының ерекшеліктерін оқып-зерттеуге мүмкіндік беретін көлемде ( негізінде, 5 үлгіден кем болмауы керек) алынады. Әрбір нақты үлгіні алу орны сызба-жоспарда белгіленуі тиіс.