Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ыбырай Алтынсарин ертегілер гімелер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.66 Mб
Скачать

Петр патшаның тергелгені

Рига деген қаланы жаулап алғанның соңында, Петр патша Меньшиков деген князьға және Шереметьев деген графқа наград есебінде жаулап алған жерлерден жер беріпті- міс. Осындай берілген жердің біреуі Рига қаласының бір қарапайым адамына тиісті жер екен, барып патшаға арыз етті: - He күнәм бар, жерімді біреу алғандай? - деп.

Патша арызын тыңдап болып, айтты: - Арызың дұрыс болса, тиісті қазыларға (сотқа) арыз ет.

Ол кісі арыз берді: - Меньшиков деген князь жерімді тартып алды,- деп.

Қазылар арызын алып сұрап еді, Меньшиков жауап берді, ол жерді маған наградқа патша берді деп. Қазылар Петр патшаға да хабар беріп, патша өзі де келді. Патшадан да жауап сұрап болып, ақырында қазылар: - Петр патшаның бұл ісі дұрыс емес, нахақ біреудің жерін наградқа беріпті,- деп, жерді иесіне қайтаруға бұйырысты. ГІатша билігін есітіп болған соң

түрегеліп қазылардың бетінен сүйіпті: - Әділдіктеріңе алда разы болсын,- деп және сол жерде айтты дейді: - Законға мен мұнша кенгенімде, бөтендер көнбестік етуді ойынан

шығарсын!

Полкан деген ит

Біз оқып жүрген шағымызда, ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады. Сонда мен тұрып айттым: - Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасақ, Полкан сазайыңды берер,- деп. Біраз қарап тұрсақ та, кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады. Түрегелсем, арт жағымда ұстазымыз келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты:

- Қөрдің бе, анау Полканның сенен көрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балаларменен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың немесе ренжітесің Полкан ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр,- деді.

Салақтық

Кәрім деген мешер өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса, жуынып кірсіз көйлек киіптаза жүрумен ісі жоқ еді. Әркім айтушы еді: - Саған не болды, Кәрім, бойыңнан кіріңді ағызып жүргенше, жуынсаң болмай ма?деп. - Қолым тимейді,- - деуші еді ол. Сөйтіп жүріп, тұлабойын шиқан қаптап және қотыр болды. Бұл күйде құрысып- тырысып жатқанында, әркім сұрайды:

- Кәрім, саған не болды? - деп. Кәрім айтады екен: - Күнәм үшін құдайдың бір берген сазайыдағы,- деп. Оған қарсы таныстары: - Рас, Кәрім, құдайтағала таза жүрмеген былғанып кісіні сүймейді, тым болмаса жұмасына бір моншаға түсіп, не болмаса үйіңде сабынмен жуынуды әдет етсең, бұл бәлеге душар болмас едің. Сонымен Кәрімді ауру жататын

үйге алып барып, таза жуындырып, таза киім киіндіріп, ем қылған соң, аз ба, көп пе жатып жазылды. Мұнан шыққан соң, Кәрім бір заводқа барып жалданыпты. Өздеріңе де белгілі шығар, заводта нәрсе бояйтын бояулардың қайсысы у болады. Бір күні қожасы Кәрімге бір бояуды былғап қой деп беріпті. Былғап отырып- отырып, кәдімгі үйренген қалыбынша, қолын жумастан барып, тамаққа отырып, нан жепті. Қолындағы бояудың жұғынының бәрі де жеп отырған нанына жабысып отырғанда, бір мезгілде Кәрімнің іші бүрісіп, ауыра бастапты. Әрлі- берлі, олай- бұлай аунақшып, біраз жатып, Кәрім ұзамай- ақ жан тапсырыпты,- әлгі бояу у бояу екен.