Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ыбырай Алтынсарин ертегілер гімелер.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.66 Mб
Скачать

Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: - Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп. Бала әкесіне:

- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып

отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің

қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: - Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен

де құры боласың- деді.

Әлім кісі

Бір зор әлім молдадан жаңа дінге кірген бір адам: - Тақсыр, мен иманды қалай етсем үйренемін? - деп сұрапты. Әлім айтты: - Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен,-деді. Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай дағдарып тұрды. Сонда әлім айтты: - Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды-тасты, жел мен жаңбырды - осының бәрін көресің, соларға қарап ой жіберсең, оның бәрін адам жаратуға қолынан келер істер

емес; олай болса, соның бәрін жоқтан бар еткен бір құдіретті ие болса керек, біз көрмеген. Сол ақылға ойланып жетіссең иманыңның жартысы тамам болғаны,- деді.

Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: - Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр? - Көремін, өрмек тоқып жүр. - Анау құмырсқаны көремісің?

- Көремін, ауызында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады. - Жоғары қара, аспанда не көрінеді? - Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты: - Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-

шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жыйып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек,- деді.

Өтіріктің залалы

Үш кісі жаланға шығын, күн бойы құс аулап, жалғызақ шүрегей үйрек атып алыпты. Кешке бір жерге келіп отырып сөйлеседі: бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз біреуімізге жөні болмайды деп. Ішінде біреуі қу жігіт екен бұл айтты: - Оған ақыл табылады. Үйректі пісіріп жауып қоялық та, үшеуіміз де жатып ұйықталық, қайсымыз жақсырақ түс көрсек, үйректі сол жесін,- деді. Осыған сөз қойысып, үйректі пісіріп жауып, өздері жатып ұйқтағанда, манағы

қу тұрды да үйректі жеп алып, табағының үстін әуелгіше жауып қойды. Ертең жолдастарымен бірдей тұрып қу сұрады:

- Не түс көрдіңіздер? - деп. Біреуі айтты: - Мен ақбоз атқа мініп, алтын тәж киіп, көкке ұшып жүр екенмін. Екіншісі айтты: - Мен ұшпаққа кіріп, хор қыздары маған қызмет етіп жур екен.

Сонда қу айтты: - Екеуіндікі де рас, мен түсімде сендерге қарап тұрып едім, бірің патша болып көкке ұшып кеткен соң, енді бірің ұшпаққа кіріп кеткен соң, бір шүрегей

үйрекке бола қайтып келіп жатар деймісін деп, үйректі мен жеп қойдым,- деді.

Мазмұн

Тазша бала ........................................................................................................... 7

Қара батыр............................................................................................................. 11

Қарлығаш ........................................................................................................... 7

Ізбасты ............................................................................................................. 11

Айуанның естесі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ ................................ 11

Алтын - айдыр ................................................................................................. 12

Алтын шеттеуік ................................................................................................ 17

Асыл шөп ......................................................................................................... 18

Ақымақ дос...................................................................................................... 18

Білгеннің пайдасы ........................................................................................... 20

Бір уыс мақта ................................................................................................... 21

Бай баласы мен жарлы баласы ...................................................................... 22

Байұлы ............................................................................................................. 27

Баланың айласы .............................................................................................. 28

Бақша ағаштары .............................................................................................. 30

Данышпан қазы ............................................................................................... 31

Дүние қалай етсең табылады ......................................................................... 35

Жаман жолдас ................................................................................................. 37

Жамандыққа жақсылық ................................................................................. 38

Жан- жануарлардың дауласқаны ................................................................... 39

Жиренше шешен ............................................................................................. 41

Жомарт ............................................................................................................ 45

Жәнібек батыр ................................................................................................. 46

Зеректік ............................................................................................................ 48

Киіз үй мен ағаш үй ......................................................................................... 48

Лұқпан әкім ..................................................................................................... 51

Малды пайдаға жарату ................................................................................... 52

Мейірімді бала ................................................................................................ 53

Мұжық пен жасауыл ....................................................................................... 54

Мұңсыз адам ................................................................................................... 55

Надандық ........................................................................................................ 57

Оқудағы балалардың үйішіне жазған хаты ................................................... 61

Петр патшаның тергелгені .............................................................................. 63

Полкан деген ит .............................................................................................. 64

Салақтық .......................................................................................................... 65

Сараңдық пен жинақтылық ............................................................................ 66

Сауысқан мен қарға ........................................................................................ 67

Сақып ............................................................................................................... 67

Силинші деген ханым ..................................................................................... 68

Сәтемір хан ...................................................................................................... 68

Таза бұлақ ........................................................................................................ 69

Талаптың пайдасы .......................................................................................... 70

Тышқанның өсиеті .......................................................................................... 71

Түлкі мен ешкі ................................................................................................. 72

Тәкәпәршілік ................................................................................................... 73

Шеше мен бала ............................................................................................... 73

Қанағат ............................................................................................................. 77

Қарға мен құрт ................................................................................................ 77

Қыпшақ Сейітұлы ............................................................................................ 78

Үнді .................................................................................................................. 80

Үш ұры ............................................................................................................. 81

Әділдік ............................................................................................................. 83

Әдеп ................................................................................................................. 85

Әке мен бала ................................................................................................... 85

Әлім кісі ........................................................................................................... 86

Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш ....................................................................... 87

Өтіріктің залалы .............................................................................................. 88

29