Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Констит_kukykyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.76 Кб
Скачать
  1. Учаскелік сайлау комиссиялары:

А) әкімшілік-аумақтық бөліністер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады

В) тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылардың тізімін нақтылайды

С) сайлау өтетін жері туралы сайлаушыларды хабарландырады

D) дауыс беруге арналған учаскелердің біріңғай номерленуін белгілейді

E) сайлау учаскесінде депутаттардың және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргізеді

F) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған үміткерлерді, олардың сенім білдірген адамдарына құқықтық көмек көрсетеді

G) мәслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастырады

H) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастырады

  1. Республикалық референдумда қарастырылмайтын мәселелер:

А) Заңдар

В) Конституциялық заңдар

С) ҚР біртұтастығына байланысты мәселелер

D) ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелері

E) Бюджет саясатының мәселесі

F) Конституция жобалары

G) ҚР заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

H) Мемлекет өмірінің маңызды мәселелері

  1. Өз өкілеттілігі шегінде мемлекет атынан билік жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар:

А) Өзге де мемлекеттік органдар

В) Жергілікті өзн-өзі басқару органдары

С) Үкімет

D) Мәжіліс бюросы

E) Сенаттың тұрақты комитеттері

F) Парламент

G) Республика Премьер-Министрінің Кеңсесі

H) Облыс әкімінің аппараты

  1. Тарихи миссиясына байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне өмір бойына тиесілі болатын құқықтар:

А) Мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілеу

В) Ұлттық Банк Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төағасын қызметке тағайындау

С) Республика аумағында міндетті заңдар шығару

D) Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасау

E) Республика Үкіметін құру, оның құрамын және құрылымын анықтау

F) Парламент пен оның палаталарының алдында, Үкіметтіің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу

G) Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде бастама білдіру

H) Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару, ҚР Конституциялық кеңесінің, Қауіпсіздік кеңесінің құрамына кіру

  1. 21 мамыр 2007 жылғы конституциялық реформа бойынша Парламенттің қызметін жетілдіруге қатысты конституцияға енгізілген өзгертулер:

А) Парламенттің таратылу мүмкіндігі бекітілді

В) Парламентке заң шығару қызметін жүзеге асыру жүктелді

С) Парламенттің тұрақты негізде жұмыс істейтіндігі анықталды

D) Парламент екі палатадан тұратын болды

E) Мәжіліс депутаттарының жалпы саны жүз жеті депутат болып белгіленді

F) Палаталардың отырыстарын төрағалары жүргізетіндігі белгіленді

G) Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын болды

H) Республика Президенті Сенаттың он бес депутатын тағайындайтын болды

  1. Өкілеттік мерзімі ішінде Парламент депутатына қатысты қолдануға болмайтын шаралар:

А) тұтқынға алу, күштеп әкелу

В) оған тәртіптік жаза шараларын қолдану

С) қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жапуапқа тарту

D) сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдану

E) жеке басын куәландыратын құжатын сұрау

F) мандатынан айыру

G) шет елге іс сапармен жіберу

H) оны ешкімнің тиіспеушілігі құқығынан айыру

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметі жауапты болады:

А) Конституциялық Кеңес алдында

В) Парламент Сенатының алдында

С) Республиканың жергілікті басқару органдары алдында

D) Республика Парламенті алдында

E) Қазақстан халқы алдында

F) Парламент мәжілісінің алдында

G) Республика Президенті алдында

H) Бас прокуратура алдында

  1. Конституциялық Кеңеске өтініш білдіруші субъектілер:

А) Орталық сайлау комиссиясының мүшелері

В) Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы

С) Әкімдер

D) Мәслихат депутаттары

E) Сенат және Мәжіліс Төрағалары

F) Қазақстан Республикасы Президенті

G) Бас Прокурор

H) Премьер-Министр

  1. Заң мамандығы бойынша жұмыс стажына байланысты судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар:

А) Облыстық соттың судьясы үшін – кемінде жиырма жыл

В) аудандық, мамандандырылған соттардың судьялары үшін – кемінде үш жыл

С) Жоғары Соттың судьясы болу үшін – кемінде жиырма бес жыл

D) Жоғары Соттың судьясы болу үшін – заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс стажы немесе судьялық жұмыс бойынша кемінде бес жыл стаж

E) Облыстық соттың судьясы болу үшін - кемінде он бес жыл

F) Барлық деңгейдегі судьялар үшін - кемінде бес жыл

G) Аудандық соттың судьясы болу үшін - кемінде екі жыл жұмыс стаж

H) Жоғары Сот судьялары үшін он бес жыл, жергілікті сот судьялары үшін бес жыл

  1. Жергілікті мемлекеттік басқару:

А) мәслихат пен әкімшіліктердің тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі

В) тиісті аумақ шегінде заң шығарушылықты жүзеге асыратын қызмет

С) орталық атқарушы органдар жүзеге асыратын қызмет

D) мемлекеттік басқарудан толығымен бөлек, дербес жүргізілетін қызмет

E) тиісті аумақта мемлекттік саясатты жүргізу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет

F) облыс, аудан, қала шегіндегі барлық мемлекеттік органдардың қызметі

G) сот шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған қызмет

H) жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын қызмет

  1. Әкімдердің қызметіне орналасу тәртібі:

А) өзге әкімшілік-аумақытқ бөліністердің әкімдері қызметке Президент белгілейтін тәртіппен тағайындалады немесе сайланады

В) облыстардың әкімдерін Премьер-министр тағайындайды

С) облыстардың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың маслихаттарының келісімімен Президент тағайындайды

D) облыс және астана әкімдерін Президент, қалғандароын Үкімет тағайындайды

E) республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерін тиісінше аумақтың мәслихаттарының келісімімен Президент тағайындайды

F) барлық әкімдерді президенттің ұсынысы бойынша Парламент сайлайды

G) облыс, аудан әкімдерін Президент, қала әкімдерін Премьер-министр құрады

H) облыс әкімдерін тиісінше облыстардың мәслихаттары сайлайды

  1. Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар:

А) адам және азаматтардың құқытары мен бостандықтарын реттеуге байланысты қатынастар

В) мемлекет және қоғамның арасында туындайтын қатынастар

С) жергілікті өзін-өзі басқаруға байланысты қатынастар

D) жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар

E) қоғамдық ұйымдар арасында туындайтын қатынастар

F) мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен мемлекеттің аумақтық құрылысын реттеудегі қатынастар

G) мемлекеттер арасында туындайтын қатынастар

H) заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастар

  1. Конституция құқық жүйесінің негізін қалаушы құжат ретінде келесі қасиеттерге ие:

А) Конституциялық Кеңестің бастамасынмен толықтырулар енгізу мүмкіндігі

В) Қабылдау мен өзгерістер енгізуге арнайы тәртіпті талап етпеуі

С) Мемлекеттік биліктің норма шығармашылық қызметіне құқықтық негіз қызметін атқаруы

D) Құқық салалары мен заңнаманың негізін қалаушы қайнар көзін қалыптастырады

E) Құқықтық жүйенің әрекет етуінің бастауларын бекітеді

F) Үкіметтің ұсынысымен өзгерістер енгізу мүмкіндігі

G) Конституциялық заңдылықтың қорғалуын қамтамсыз ететін ерекше органның құрылуы

H) Конституциялық нұсқамалардың конституциялық заңдармен тең болуы

  1. Мемлекеттік егеменділік:

А) Мемлекет территориясында бекітілген құқық жүйесінің үстемдігі мен халықаралық ұйымдар мен басқа мемлекеттердің де құқық нормалары бірге әрекет етуі

В) Мемлекеттің сыртқы істердегі тәуелсіздігі және ішкі істердегі үстемдігі аталады

С) Мемлекет әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінуі мен олардың саяси еркіндікке ие бола алмауы аталады

D) Мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігі мемлекеттің нақты бір аумағында бекітілуі

E) Мемлекеттік биліктің біртұтастығы

F) Мемлекеттердің басқа мемлекеттердің билігінен тәуелсіз түрде өз аумағында, халықаралық қатынастарда қызметін жүзеге асыру қасиеті

G) Мемлекеттік биліктің үстемдігі, тәуелсіздігі, толықтығымен сипатталатын мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы

H) Мемлекеттік егеменділік конституциялық нормалармен анықталмаған