Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Айжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать

2.3 WiMax жұмыс істеу принципі

WiMAX жүйесі екі негізгі бөліктен тұрады.

WiMAX базалық станциясы биік объектте орналасуы мүмкін: ғимарат немесе мұнара.

WiMAX қабылдағышы: қабылдағышы бар антенна, PC Card картаның форм-факторында, ПК кеңейтудің картасы немесе сыртқы карта.

Базалық станция мен клиенттік қабылдағыш арасындағы байланыс 2-11 ГГц төмен жиілікті диапазонда өтеді. Берілген байланыс мінсіз жағдайларда мәліметтерді 20 Мбит/с дейін жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді және станция мен қолданушы арасында тура көрінімнің бар болуын қажет етпейді. WiMAX базалық станцияның осы жұмыс істеу режимі кең қолданылатын 802.11 (Wi-Fi) стандартына жақын, яғни шығарылған клиенттік құрылғылардың және WiMAX-тың үйлестіруін жібереді. WiMAX технологиясы "соңғы миляда" – провайдер және қолданушы арасындағы шекті ауданда және аймақтық желілерге қолжетімділікті беруде: офистік, аудандық қолданылатынын есте сақтау керек.

Сурет 2.2 – WiMAX станциялары және қабылдағыштары

Көршілес базалық станциялар арасында тура көрінім (line-of-sight) радиобайланысының ӨЖЖ (өте жоғары жиілік 10-66 ГГц) режимін қолдана отырып тұрақты байланыс орнатылады. Берілген байланыс мінсіз жағдайларда мәліметтерді 120 Мбит/с жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді. Тура көрінім жағдайында шектеу бар, әрине ол оң болмайды, бірақ ол, құрылғыны орнату кезінде іске асыруға болатын, ауданның толықтай жамылуында қатысатын тек базалық станцияларға салынады.

Кемінде базалық станциялардың біреуі кеңжолақты жылдам байланыс (Т3, немесе мәліметтер таратудың бірқалыпты жоғары жылдамдығын кепілдейтін басқасы) арқылы провайдер желісімен әрдайым байланыста бола алады. Іс-жүзінде провайдер желісіне көп станциялар қолжетімді болса, міліметтер таратудың жылдамдығы мен сенімділігі де артады. Бірақ нүктелердің көп емес санының өзінде жүйе ұялы топология есебінен жүктемені түзу бөлуге қабілетті.

Ұялы принцип базасында, тізбекті станциялардың сериясы мәліметтерді эстафеталық принцип бойынша таратқан кезде, ірі объекттерді айналып өтетін (мысалы, таулы массивтер), желіні оптималды құру жолдары жасалады. Ұқсас жасалымдарды стандарттың келесі нұсқасына қосуға жоспарланған. Осы өзгерістер жылдамдықты айтарлықтай көтеретіні күтілуде.

Құрылысы бойынша IEEE 802.16 стандарттың желілері мобильді байланыстың дәстүрлі желілеріне өте ұқсас: осында да 50 км дейін радиуста әрекет ететін базалық станциялар бар, мұнда оларды мұнараның үстінде орнатуға міндетті емес – оларға үйлердің шатырлары сәйкес келеді, тек қана станциялардың арасында тура көрінім шарттарын сақтау керек. Базалық станцияны қолданушымен байланыстыру үшін абоненттік құрылғының бар болуы қажет. Кейін сигнал стандартты Ethernet-кабелі бойынша келіп түсе алады, нақты компьютерге және 802.11 Wi-Fi стандарттың қолжетімділік нүктесіне немесе Ethernet стандарттың локалды өткізгіш желісіне.

Ол кабельдік қолжетімділіктен WiMAX-қа ауысу кезде айтарлықтай инфрақұрылымды немес офистік локалды желілерді сақтауға мүммкіндік береді. Ол сондай-ақ компьютерлерді қосу үшін таныс технологияларды қолдануға мүмкін етіп, желілердің жаюын максималды жеңілдетуге мүмкіндік береді.