Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Айжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать

2.2 WiMax тапсырмалары, мақсаттары, артықшылықтары

WiMAX технологиясының ары қарай жылжуы және дамуы үшін 1999 жылы құрылған, IEEE 802.16 жұмыс тобының базасындағы WiMAX-форум қалыптастырылған. Форумға Nokia, Harris Corporation, Ensemble, Crosspan және Aperto сияқты фирмалар кірді. 2005 жылдың мамырына қарай форум 320 қатысушыны бірлестірді. Сол жылы ақпараттық қоғамдастық сұрақтар бойынша Бүкіләлемдік съезд (World Summit on Information Society, WSIS) WiMAX технологиясына жүктелген келесі тапсырмаларды қалыптастырды.

2.2.1 WiMAX технологиясының тапсырмалары

WiMAX-тың көмегімен кішігірім мекендерге, алыстатылған аудандарға, оқшауланған объекттерге ақпараттық және коммуникациялық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, осында дамып келе жатқан мемлекеттерде 100 адамды тұрғындар саны бар 1,5 миллион мекендер телефондық желілерге қосылмаған және ірі қалалармен кабельдік хабарламалары жоқ екенін ескеру керек.

WiMAX-тың көмегімен өзінің жету шегінде планетаның жартысынан астам тұрғындарын ақпараттық және коммуникациялық технология қызметтерінің қолжетімділігімен қамтамасыз ету, осында 2005 жылы Интернет қоданушылардың жалпы саны шамамен 960 млн. адамды, немес шамамен Жердің барлық тұрғындарының 14,5 пайызын құрайтынын ескеру керек.

2.2.2 WiMAX технологиясының мақсаттары

WiMAX технологиясының мақсаты кең спектрдегі құрылғыларға (жұмыс станциялары, тұрмыс техникасы "ақылды үй", портативтік құрылғылар және мобильді телефондар) әмбебап сымсыз қолжетімділікті беру және локалды желілердің логикалық бірігуі.

2.2.3 WiMAX технологиясының артықшыдықтары

Технологияның бірқатар артықшылықтары бар:

Сымды (xDSL, T1), сымсыз немесе спутниктік жүйелермен салыстырғанда WiMAX желілері операторларға және сервис-провайдерлерге жаңа потенциалды қолданушыларды экономикалық тиімді қамтуды ғана емес, сондай-ақ орнатылған (стационарлы) қолжетімділігі бар қолданушылар үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларды кеңейтуге мүмкіндік береді;

Стандарт өзіне байланыс операторы деңгейлерінің технологиясын (көп кіші желілердің бірігуі және оларға Интернетке қолжетімділікті беру), сондай-ақ әмбебаптықты жасайтын, яғни жүйенің сенімділігін көтеретін "соңғы миля" технологиясын (провайдер желісіне кіру нүктесінен қолданушының компьютеріне дейінгі соңғы бөлігі) қосады;

Сымсыз технологиялар өте майысқақ, яғни жайып салуда өте қарапайым, өйткені керекті шегінде масштабталуы мүмкін;

Орнатудың қарапайымдылығы дамып келе жатқан мемлекеттерде, аз қоныстанған немесе алыстатылған аудандарда желінің жайып салуына шығындардың азайтуына фактор болып табылады;

Қамтылу ұзақтығы радиобайланыс жүйесінің айтарлықтай көрсеткіші болып табылады. Желі оъекттерінің арасында тура көрінімді қажет етпейді, OFDM технологиясын қолдану арқасында клиенттік құрылғыдан базалық станцияға дейін тура көрінім жоқ болған жағдайда жамылу зонасын құрайды, арақашықтық километрлермен өлшенеді;

WiMAX технологиясы алғашқыда IP хаттамасын иеленеді, ол оны локалды желілерге оңай және мөлдір интегралдауға көмектеседі;

WiMAX технологиясы біріктірілген инфрақұрылымда орнатылған, орын ауыстырылған және қозғалатын объекттерге сәйкес келеді.