Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Айжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать

1.6 Тапсырмаларды қою

Кеңжолақты сымсыз қолжетімділікті көрсету сұранысын қанағаттандыру үшін келесі шешімдер көрсетіледі:

1) қолжетімділік желісінің ұйымдастырылуы

- сымсыз қолжетімділік желісінің қатысу нүктесін ұйымдастыру, ол үшін WiMAX стандартының 1 базалы станциясын алу және құру керек, 3.5 Ghz радиожиілік диапазонында жұмыс істеу үшін. Базалық станцияның құрылғыларын таратқыштар залында орналастыру. 60V DC – кепілді электрөндіргіш желісіне және таратқыштар залының жерге тұйықтау контурына құрылғының қосылуын қамтамасыз ету;

- мұнарада төртсекторлы антеннаны құру (төрт сектор 90 градустан) (антеннаның аспасының биіктігі − 75 м), таратқыштар залында базалық станцияның құрылғыларымен бірге антеннаны коаксиалды кабельмен қосу;

- Gigabit Ethernet 1000BaseLH технологиясымен оптоталшықты желі бойынша АТС ГУТ қатысудың ең жақын нүктесінде Metro Ethernet желісіне базалық станцияның қосылуын ұйымдастыру.

- көрінімнің тура зонасында (LOS) CPE клиенттік құрылғылардың қосылуын іске асыру, сондай-ақ сыртқы (outdoor) және ішкі (indoor) антенналарды қолдана отырып тура көрінімнің жоқ болу зонасында (NLOS). Желінің техникалық сипаттамалары 1.5 кестеде келтірілген.

Кесте 1.5 – WiMAX желісінің техникалық сипаттамалары

Атауы

Мәні

Жиіліктік диапазон

3.5 Ghz

Каналдың ені

3.5 Mhz/7 Mhz

Модуляция

Адаптивтік

OFDM 256 FFT

Базалық станциялардың саны

1

Жұмыс істеу радиусы

30 км дейін

Ұяшық конфигурациясы

1-6 секторлар

Базалық станцияның өткізгіштік қасиеті

секторға 48 Mbps

Клиенттік құрылғының өткізгіштік қасиеті

28 Mbps дейін

Абоненттердің максималды саны

2000 дейін

Желінің жаюы 1.6 кестеде көрсетілген мәліметтер және дауыс тарату қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді

Кесте 1.6 − WiMAX сымсыз қолжетімділік желісінің қызметтері

Қолданушылар категориясы

Қызметтер пакеті

Сипатталуы

Жеке тұлғалар

Мәліметтер

Мәліметтерді тарату, кепілсіз қызмет көрсету сапасыз (“best effort” сервисі) 512 Kbps дейін

VoIP дауысы

Дауысты тарату (VoIP сервисі, бір дауыстық порт)

Кіші бизнес

Мәліметтер (SLA)

Мәліметтерді тарату, кепілді қызмет көрсету сапасымен (SLA), Basic сервисі

CIR=512 Kbps

MBR=1 Mbps

Мәліметтер (SLA)

Мәліметтерді тарату (SLA), Premium сервисі

CIR=1 Mbps

MBR=5 Mbps

VoIP дауысы

Дауысты тарату (VoIP сервисі сегіз дауыстық порттарға дейін)

Бірлескен қолданушылар

Мәліметтер (SLA)

Мәліметтерді тарату SLA,

CIR=1.5 Mbps

MBR=10+ Mbps

VoIP дауысы

Дауысты тарату (VoIP сервисі 30 дауыстық порттарға дейін, транзит Е-1)

2) Internet және PSTN желісіне қосылу ұйымы:

- Internet желісіне қолжетімділіктің ұйымын Metro Ethernet желісі арқылы іске асыру.

- жалпы қолданыстағы телефон желісіне қосылуды ұйымдастыру үшін сымсыз қолжетімділік желісін NGN желісімен интегралдау. Дауысты тарату қызметін көрсету үшін NGN желісін іске асыру алдында АТС қолжетімділік түйінінде – 120 дауыстық арнаны ұйымдастыруға көмектесетін PSTN-ға 4 PRI сигнализациясы бар E-1 интерфейс арқылы қосылуы бар VoIP Gateway шлюзін алу және құру ұсынылады.

3) коммутацияның және шақырулар бағдарының ұйымдастырылуы

- H.323 (және/немесе SIP) сигнализациясы бойынша VoIP дауыстық шықырулардың бағдарлануы үшін дауыстық шақырулар логикасымен басқаруды және желі ішінде дауысты тарату қызметін көрсетуін, сонымен бірге PSTN желісіне шығуды қамтамасыз ететін, мәліметтерді өңдеу орталығында VoIP шлюзына интегралданған Call Manager Express бағдарламалық коммутаторды (сигнализация коммутаторы) орнату және дәлдеу.

- бағдарламалық қамсыздандыруды және Metro Ethernet желісінің SSG, ACS и SESM жүйелерімен біріктіруін жүргізу

- АСР биллинг жүйесімен біріктіруді жүргізу.

4) VoIP желісіне техникалық қолдау қызметінің бірігуі

- техникалық қолдау қызметінің VoIP желісімен өзара әрекетті ұйымдастыру үшін сыйымдылығы 24 порт 10/100 болатын Inline power қолдауы бар Switch L2 коммутаторын құру.

- IP-телефондарды және dial – желі жоспарларын қосу және келтіру.