
- •1 Бар желінің анализі
- •1.1 Екібастұз қаласындағы гут желісінің қысқыша сипаттамасы
- •1.2 Технологияны таңдаудың негіздемесі
- •1.3 802.11 Физикалық деңгейі
- •1.4 802.11 Арналық (Data Link) деңгей
- •1.5 Байланыстың сымсыз хаттамаларының сипаттамасы
- •1.6 Тапсырмаларды қою
- •2 Ieee 802.16 кеңжолақты қолжетімділіктің стандарты
- •2.1 WiMax жобасының даму тарихы
- •2.2 WiMax тапсырмалары, мақсаттары, артықшылықтары
- •2.3 WiMax жұмыс істеу принципі
- •2.4 Ieee 802.16 стандарттың физикалық деңгейі
- •2.5 Ieee 802.16 стандарттың арналық деңгейі
- •2.6 Ieee 802.16-2004 стандарты
- •2.7 WirelessMan-ofdm режимі
- •2.9 Ieee 802.16e-2005 стандарты
- •2.10 WiMax жұмыс режимдері
- •2.11 Байланысты қорғау
- •3.1 WiMax құрылғының негізінде сымсыз қолжетімділікті ұйымдастыру
- •3.2 Базалық станцияның құрылғылары
- •3.3 Абоненттік құрылғы
- •4.1 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінен көшірме
- •4.2 Адам организміне иондалған сәулеленудің әсері
- •4.3 Желілерді өндіру кезінде қауіпсіздіктің талаптары
- •4.4 Өрт сөндірудің автоматты құралдары
- •4.5 Өндірістік бөлмеде жасанды жарықтың есебі
- •5 Жобаның техникалық – экономикалық негіздемесі
- •5.1 Жобаның мақсаты
- •5.2 Жобаның техникалық сипаттамасы
- •5.3 Даму жоспары
- •5.4 Капиталдық салымның есебі
- •5.5 Табыс
- •5.6 Экономикалық тиімділіктің есебі
- •5.7 Алынған нәтижелердің анализі
5.2 Жобаның техникалық сипаттамасы
5.2.1 Желідегі бар жағдай:
Қазіргі таңда Қарағанды қаласында мәліметтерді таратудың келесі қызметтері көрсетіледі: Internet-ке коммутацияланатын қолжетімділік (Интернет зонасы) және DSL (ADSL және SHDSL) тенологияларын қолданатын қолжетімділік. Бірақ, берілген технологиялардың қолданылуы жөнсіз болатын нарықтың кейбір сегменттері бар.
WiMAX сымсыз қолжетімділік технологияларының қолданылу облысы:
- DSL сымды желі арқылы қосылу үшін техникалық мүмкіндіктің жоқтығы;
- абоненттік желінің техникалық параметрлерінің сәйкессіздігі (қосарланған телефон, жоғары ұзақтық, шуылдаған желі, әуе жолы, PCM тығыздау аппаратураның қолданылуы және т.б.);
- сымды желі бойынша қосылудың экономикалық жөнсіздігі;
- ықтималды абоненттерді тез алып қалу, оларды кейін сымды желілерге ауыстырып қосу;
Мәліметтерді таратудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз ету (10 Mbps жоғары)
Алдын ала жасалған анализ бойынша DSL сымды желілер ұйымының құны WiMAX ықтималды клиенттерге дейін радио қолжетімділік желісін ұйымдастырумен байланысты көбінесе шығындардан асады. АТС-тен клиенттердің орташа алыстатылуы 4 км құрайды. Желіні ұйымдастыру үшін аз қума өшумен және 0,9мм2 шоғырсым қимасы бар кабельді қолдану керек. Басқа жағдайда кепілді сапа мен мәліметтер таратудың жылдамдығын қамтамасыз ету мүмкін емес. Кабельдің сыйымдылығы 2 жұптан кем болмауы керек, 1 телефонның және ADSL модемнің бір жұпқа қосылу есебінен. Ең қолжетімді нұсқа – бұл КСПП*0,9*4 кабельдің қолданылуы. Осы кабельдің 1 км-ң құны 130 000 теңгені құрайды. СМР оның салуы бойынша 1 км-ге шамамен 260 000 теңгені құрайды. Нәтижесінде, 1 км желіге шығын шамамен 390 000 теңгені құрайды. Трассаның орташа ұзақтығы 4 км болған кезде сымды абоненттік желіні ұйымдастыруға кеткен шығын 1 560 000 теңгені құрайды. Берілген есепке кабельді канализация бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстар кірмейді, олардың құны құрылыс орнындағы қалыптасқан жағдайлардан тәуелді түрленеді. Мысал ретінде шамамен 4 000 000 теңге тұратын, сыйымдылығы 6 каналға дейінгі 1 км кабельді канализацияның құрылысына кеткен шығындарды алуға болады.
DSL желінің клиентке дейін және салуы бойынша СМР ұйымдастыру үшін бір кабельдің қолданылуын ескере отырып, сымды желіні ұйымдастыруға кеткен шығындар 1 абонентке WiMAX желісін ұйымдастыруға кеткен шығындардан асады (1 портқа шамамен 20800 теңге және 1 абоненттік терминалға 130000 теңге). Одан басқа, ЛКС кеткен шығындар АТС-тен абоненттің алыстатылғын сайын өседі. Осындай нұсқа кезінде WiMAX бойынша шығындар өзгеріссіз қалады.
5.2.2 Ұсынылатын шешімдер
Кең жолақты сымсыз қолжетімділіктің қызметтерін беруге сұранысты қанағаттандыру үшін келесі шешімдер ұсынылады:
1) қолжетімділік желісінің ұйымдастырылуы
- сымсыз қолжетімділік желісінің қатысу нүктесін ұйымдастыру, ол үшін 3.5 Ghz радиожиілік диапазонында жұмыс істейтін WiMAX стандартының 1 базалы станциясын алу және құру керек. Базалық станцияның құрылғысын таратқыштар залында орнату керек. Құрылғының кепілді электр көзі–60V DC болатын желіге және таратқыштар залының жерге тұйықталу контурына қосылуын қамтамасыз ету.;
- мұнарада (антенналар аспасының нүктесінің биіктігі - 75 м) төрт секторлы антеннаны құру (төрт сектор 90 градустан), таратқыштар залында антеннаны құрылғымен коксиалды кабельмен байланыстыру.
- базалық станцияның оптоталшықты желі бойынша Gigabit Ethernet 1000BaseLH технологиясымен АТС қатысатын жақын нүктесінде Metro Ethernet желісіне қосылуын ұйымдастыру. Аппаратурада оптикалық интерфейсті базалық станцияның жоқ болуы кезінде медиаконверторларды қолдану керек 1000BaseT/ 1000BaseLH.
- CPE клиенттік құрылғылардың тура көрінім зонасында (LOS) қосылуын өткізу, сондай-ақ сыртқы (outdoor) және ішкі (indoor) антенналарды қолдана отырып тура көрінімнің жоқ зонасында (NLOS).
Желінің техникалық сипаттамалары 5.1 кестесінде келтірілген.
Желінің жайып салуы мәліметтер және дауыс тарату қызметтерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді, 5.2 кестеде көрсетілген.
Кесте 5.1. – WiMAX желісінің техникалық сипаттамалары
Атауы |
Мәні |
Жиіліктік диапазон |
3.5 Ghz |
Канал ені |
3.5 Mhz/7 Mhz |
Модуляция |
Адаптивті OFDM 256 FFT |
Базалық станциялардың саны |
1 |
Әрекет ету радиусы |
30 км дейін |
Ұяшық конфигурациясы |
1-6 секторлар |
Базалық станцияның өткізгіштік қабілеті |
секторға 48 Mbps |
Клиенттік құрылғының өткізгіштік қабілеті |
28 Mbps дейін |
Абоненттердің максималды саны |
2000 дейін |
Кесте 5.2. − WiMAX сымсыз қолжетімділік желінің қызметтері
Қолданушылар категориясы |
Қызметтер пакет |
Сипаттамасы |
Жеке тұлғалар |
Мәліметтер |
Қызмет етудің кепілсіз сапасымен мәліметтерді тарату (“best effort” сервисі) 512 Kbps дейін
|
Жеке тұлғалар |
VoIP дауысы |
Дауыс тарату (VoIP сервисі, бір дыбыстық порт) |
Кіші бизнес
|
Мәліметтер (SLA) |
Қызмет етудің кепілді сапасымен мәліметтер тарату (SLA), Basic сервисі CIR=512 Kbps MBR=1 Mbps |
|
Мәліметтер (SLA) |
Мәліметтер тарату (SLA), сервис Premium CIR=1 Mbps MBR=5 Mbps |
|
Дауыс VoIP |
Дауыс тарату (VoIP сервисі сегіз дауыстық портқа дейін) |
Корпоративтік қолданушылар |
Мәліметтер (SLA) |
SLA мәліметтерін тарату, CIR=1.5 Mbps MBR=10+ Mbps |
|
Дауыс VoIP |
Дауыс тарату (VoIP сервисі 30 дауыстық порттарға дейін, транзит Е-1) |
2) Internet және PSTN желісіне қосылуды ұйымдастыру:
- Internet желісіне қолжетімділікті ұйымдастыру Metro Ethernet желісінің көмегімен іске асыру;
- жалпы қолданыстағы телефондық желіге қосылуды ұйымдастыру үшін сымсыз қолжетімділік желісін 2006 жылы жобаны іске асырғаннан кейін NGN желісімен интегралдау. NGN желісінің жүзеге асуына дейін дауыс тарату қызметтерін беру үшін АТС-43 қолжетімділік түйінінде PRI сигнализациясы бар төрт E-1 интерфейс арқылы PSTN-ға қосылуымен VoIP Gateway шлюзін алу және құру, ол 120 дауыстық каналдарға дейін ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
3) коммутацияны және шақырулардың маршрутизациясын ұйымдастыру:
- H.323 (және/немесе SIP) сигнализациясы бойынша VoIP дауыстық шақырулардың маршрутизациясы үшін мәліметтерді өңдейтін орталықта VoIP шлюзға интегралданған Call Manager Express бағдарламалық коммутаторды (сигнализация коммутаторын) орнату және күйіне келтіру керек, ол дауыстық шақырулардың логикасымен басқаруды және желі ішінде дауыс тарату қызметтерін беруді, сондай-ақ PSTN желісіне шығуды қамтамасыз етеді;
- бағдарламалық қамтамасыз етудің инсталяциясын және SSG, ACS және Metro Ethernet желісінің SESM жүйелерімен интеграциясын өткізу
- АСР “БиТТЛ” бар биллинг жүйесімен интеграция өткізу.
4) VoIP желісіне техникалық қолдау қызметінің интеграциясы:
- техникалық қолдау қызметінің VoIP желісімен әрекет ету үшін Inline power технологиясының қолдауымен сыйымдылығы 10/100-ден 24 порт болатын Switch L2 коммутаторын орнату.
- IP-телефондарды және желінің dial-жобаларын қосу және күйіне келтіру керек.