
- •1 Бар желінің анализі
- •1.1 Екібастұз қаласындағы гут желісінің қысқыша сипаттамасы
- •1.2 Технологияны таңдаудың негіздемесі
- •1.3 802.11 Физикалық деңгейі
- •1.4 802.11 Арналық (Data Link) деңгей
- •1.5 Байланыстың сымсыз хаттамаларының сипаттамасы
- •1.6 Тапсырмаларды қою
- •2 Ieee 802.16 кеңжолақты қолжетімділіктің стандарты
- •2.1 WiMax жобасының даму тарихы
- •2.2 WiMax тапсырмалары, мақсаттары, артықшылықтары
- •2.3 WiMax жұмыс істеу принципі
- •2.4 Ieee 802.16 стандарттың физикалық деңгейі
- •2.5 Ieee 802.16 стандарттың арналық деңгейі
- •2.6 Ieee 802.16-2004 стандарты
- •2.7 WirelessMan-ofdm режимі
- •2.9 Ieee 802.16e-2005 стандарты
- •2.10 WiMax жұмыс режимдері
- •2.11 Байланысты қорғау
- •3.1 WiMax құрылғының негізінде сымсыз қолжетімділікті ұйымдастыру
- •3.2 Базалық станцияның құрылғылары
- •3.3 Абоненттік құрылғы
- •4.1 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінен көшірме
- •4.2 Адам организміне иондалған сәулеленудің әсері
- •4.3 Желілерді өндіру кезінде қауіпсіздіктің талаптары
- •4.4 Өрт сөндірудің автоматты құралдары
- •4.5 Өндірістік бөлмеде жасанды жарықтың есебі
- •5 Жобаның техникалық – экономикалық негіздемесі
- •5.1 Жобаның мақсаты
- •5.2 Жобаның техникалық сипаттамасы
- •5.3 Даму жоспары
- •5.4 Капиталдық салымның есебі
- •5.5 Табыс
- •5.6 Экономикалық тиімділіктің есебі
- •5.7 Алынған нәтижелердің анализі
5 Жобаның техникалық – экономикалық негіздемесі
5.1 Жобаның мақсаты
Берілген жобаның негізгі мақсаты бұл қиын телефондалатын аудандардағы абоненттерге бір платформа базасында таржолақты және кеңжолақты телекоммуникациялық қызметтердің (сөйлеу, мәліметтер, мультимедиа және т.б.) барлық кешенін қамтамасыз ететін WiMAX құрылғысының кешенін қолдана отырып қызметтерді көрсету. Жоба мақсатының іске асуы үшін келесі қажет:
- Екібастұз қаласында әр түрлі типті трафикті (мәліметтер + дауыс) нығайтуға қабілетті WiMAX сымсыз қолжетімділіктің жоғары жылдамдықты желісін құру, виртуалды жеке желілердің (VPN) масштабталған қызметтерін және қызмет етудің (QoS) кепілді сапасын беру;
- Екібастұз қаласында желіні ұйымдастыру үшін 3.5 Ghz диапазонда жұмыс істейтін WiMAX технологиясын қолдайтын 1 базалы станция құру;
- QoS трафиктің классификациясының, VoIP дауыстың пакетті таралуының, SLA сервистің әр түрлі деңгейлерінің (CIR кепілді өткізгіш жолағы, MBR максималды шекті өткізгіш жолағы) функционалдылығын қамтамасыз ету;
- Gigabit Ethernet бойынша Metro Ethernet желісі арқылы базалық станцияны VoIP шлюздің орнатылуы арқасында Internet желісіне қосумен және PSTN жалпы қолданыстағы телефондық желімен қосу;
- желі ішінде дыбыстық шақырулардың коммутациясын және PSTN желісіне маршрутизацияны іске асыру үшін бағдарламалық коммутацияның интегралданған шешімін қолдану керек (Call Manager Express);
- қызметтердің тарификациясын ұйымдастыру үшін мәліметтерді өңдейтін орталықта серверлік құрылғыларды алу және орнату, бағдарламалық қамтамасыз етудің инсталляциясын және бар жүйемен интеграция өткізу;
- желі қызметтерінің кең масштабты тестілеуін өткізу
- қолданушылардың қосылуын іске асыру
Жобалайтын желінің негізгі міндеті – MetroEthernet бар желінің негізінде орталықтанған басқаруымен қолжетімділіктің сымсыз желісін ұйымдастыру, ол келесіге алып келеді:
- желінің «тегіс» құрылымының құрылуына көшуіне және телефондық трафикті беру сұлбасының оптимизациянына;
- телефондық байланыс желісінің мәліметтер тарату желісімен конвергенциясы арқылы байланыс желісінің модернизациясына, дамуына және эксплуатациясына инвестициялардың қысқартуына;
- мәліметтерді тарату, сұраныс бойынша видео, интелектуалды желінің қызметтері, IP-Centrex және т.б. сияқты жаңа қызметтерді көрсету;
- осы желілер операторларының мәліметтер тарату желілерінің көпшілік хаттамаларын және технологияларын қолдайтын, жоғары жылдамдықты каналдарды беру арқылы мәліметтерді таратудың глобалды административті және корпоративті желілерінің тез дамуына;
- зақымдарды жоюдың бақылау мерзімдерін қысқарту;
- кросс, кабельді цех сияқты қызметтердің жұмыс орнын босату;
-АТС-ді босату және жалға беру немесе өндірістік бөлмелерді сату.
Кең жолақты қызметтерді берумен NGN желісін құру жобасын іске асырудың қосымша мақсаттары келесі болып табылады:
- жалпы қолданыстағы телефон желілерінің және басқа байланыс желілерінің операторларына цифрлік каналдарды беруден келетін пайданы алу;
- Қазақстанның телефон желілерінің цифровизация процесстерін жылдамдату;
- Қазақстанда телекоммуникациялық қызметтер нарығының дамуы.
WiMAX және жалпы қолданыстағы бар желінің абоненттері арасында қосылыстарды қамтамасыз ету үшін медиа-шлюз қолданылады, олардың АТС-пен байланыс үшін E1 интерфейстері және IP WiMAX желісімен байланыс үшін FE және GE интерфейстері бар.