Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Айжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать

4.3 Желілерді өндіру кезінде қауіпсіздіктің талаптары

4.3.1 Жалпы талаптар:

1.1. Кабельдік желілердің монтажына тек, алдын ала медициналық тексеруден өткен, оқытудан және еңбек қорғау нормаларының білімін тексеруден өткен, сондай-ақ жұмыс өндірісінің қауіпсіздігі бойынша нұсқамалық өткен арнайы дайындалған жұмысшы жіберіледі.

1.2. Комплексті бригада құрамында бір-бірімен байланысты жұмыстарды орындауға электр монтажшы оқудан кейін, аттестациядан және бір-бірімен байланысты мамандық бойынша жұмысты өндіру құқысына куәлік алғаннан кейін жіберіледі.

1.3. Электромонтажшы арнайы киіммен, арнайы аяқ-киіммен және жеке қорғаныс құралдармен қолданылуы керек.

1.4. Қорғаныс каскаларды кию жұмыс өндірісі зонасында міндетті болып табылады.

1.5. Электромонтажшылар дәрі қорабының, болған оқиғалар туралы хабарлау үшін байланыс құралдарының орналасу жерін білу керек, жазымды оқиға кезінде зақымданғанға дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді білу керек.

1.6. Жоғарыда жұмыс кезінде тас төсеудің және сатының инвертарлық құралдарын ғана қолдану керек.

1.7. Электромонтажшылар жарамды құрал және аспаптарды қолдануға міндетті. Құралды қолдану жөніндегі нұсқаумен сәйкес және өзінің тура тағайындауы бойынша қолдану керек.

1.8. Электромонтажшылар жұмыстың өндірісі кезінде жұмыс өндірісінің жобасын (ЖӨЖ), технологиялық карталарды немесе жұмыс басқарушысының бұйрығын басшылыққа алу керек, ішкі еңбек тәртіптің ережелерін сақтау тиіс.

1.9. Кабельді жаймалау және тарту бойынша барлық жұмыстар қорғаныс брезент биялайында немесе арнайы қолғапта орындалу тиіс.

1.10. Құдықты ашқан кезде ұшқын шығармайтын құралдарды қолдану керек, сондай-ақ люк қылтасына қақпаның соққысынан аулақ болу керек.

1.11. Кабельдік құдықтардың, туннельдердің, коллекторлардың қарауын, сондай-ақ олардағы жұмыстың өндірісін екі адамнан кем емес топқа орындауға болады. Олардың біреуінде электр қауіпсіздік бойынша квалификациялық тобы III кем емес болуы керек. Жұмысшыларда эвакуация құралдары болу керек және қажеттілігінше оларды қолдану керек, сигнал беру әдістерін білу және қолдану керек.

1.12. Туннельдерде, құдықтарда және коллекторларда кернеу астында бір ғана кабель болса, барлық электромонтажды жұмыстар (сөндіру, кернеудің жоқтығын тексеру, тасымалы жерге тұйықтайтын кабельді салу және т.б.) әрекеттегі электр қондырғылардағы жұмыс ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс.

1.13. Қазаншұңқырға, траншеяға, жер асты құрылысқа түсу және көтерілу үшін инвертарлық сатыларды қолдану керек.

1.14. Құдықтарда, коллекторларда және тунельдерде темекі тартуға, сондай-ақ сыртта ашық люктердің жанында темекі тартуға тыйым салынады.

1.15. Траншеяларда және қазаңшұңқырларда жер қазу жұмыстарының өндірісі кезінде «қазумен» жерді өңдеу жіберілмейді.

1.16. Құбырдың көлденең басу кезінде жұмысшылардың құбырда болуы құбырдың диаметрі 1200 мм-ден кем емес және ұзындығы 40 м-ден аспаған кезде жіберіледі. Жұмысшының құбыр ішінде үзіліссіз болуы бір сағаттан аспау керек.

Ұзындығы 10 м және одан көп болатын осындай құбырлар мәжбүрленген вентиляциямен жабдықтау қажет.

1.17. Құдықтардың, туннельдердің және коллекторлардың ішіндегі жұмыс барысында кернеуі 12 В болатын тасымалы электр шамдармен немесе аккумуляторлық шамдармен қолдану керек. Жарықтандыру үшін ашық отпен (факелдармен, сіріңкелермен, газды жанарғылармен, дәнекерлейтін шамдармен және т.б.) қолдану тыйым салынады.

1.18. Технологиялық процестің барлық бұзушылықтары туралы, ұйымдастырудағы кемшіліктер мен жұмыс орындарын дайындау туралы, құрылғының, құрал-саймандардың және қорғаныс құралдарының ақаулары туралы мәселені электромонтажшылар тікелей жұмыс басқарушысына хабарлауға міндетті.

1.19. Шынайы нұсқауларды сақтамаған үшін, егер бұл қайғылы жағдайға, апатқа, өртке әкелсе немесе әкелуі мүмкін болса, нәтижесінде ұйымға немесе жеке адамдарға нұқсан әкелетін болса электрмонтажшылар еңбек туралы заңдардың Кодексінің 135 бабына сәйкес тәртіптік, қылмыстық және материалдық жауапты болады; Қылмыстық кодекстің 143, 216, 21,7, 218, 219 баптары, Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің баптарына сәйкес.

4.3.2 Жұмыс алдында қауіпсіздік талаптары:

2.1. Жұмысты орныдау алдында электрмонтажшы міндетті:

2.1.1. Алдын ала медициналық тексеруден өту, медициналық комиссияға өз денсаулығының жағдайы туралы барлық мәліметтерді хабарлау қажет.

2.1.2. Кадрларды даярлау жөніндегі бөлімнен (қызметтен) еңбек қорғау бойынша теориялық және өндірістік оқудан өту

2.1.3. Өз мамандығы жөнінде және тапсырылатын жұмыстың түрлері бойынша еңбек қорғау нормаларының білімін тексеруден өту; білім тексерудің нәтижелері жөнінде куәлік алу.

2.1.4. Жұмыс өндірісінің қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулар алу:

- кіріспе – өнеркәсіптің еңбек қорғау қызметінің жұмыскерлерінен;

- жұмыс орнында алғашқы – бөлімше басқарушысынан, арнайы журналдарда нұсқаулық беретін және нұсқаулық алатынның қолымен жазылған болса.

2.1.5. Электрмонтажшының еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықты қолға алу.

2.1.6. Жұмысты бастамас бұрын электрмонтажшылар жұмыс орнын қарап шығу керек, жұмысқа кедергі жасайтын заттарды алып тастап, өткелді босату керек.

2.1.7 Электрмонтажшы жұмысқа кіріспейді, егер:

- алдындағы тармақтардын біреуі орындалмаған болса;

- қауіпсіздік жағынан қарағанда жұмыс орны дайындалмаған болса (қауіпті жерлердің қоршауы, блокадалау, қорғаныс құралдары, құрал-сайман, аспап, бақылау аспаптары және т.с.с. болмаса), рұқсат-наряд дайындалмаған болса, техникалық құжаттармен таныстырылмаған болса (техникалық картамен және жұмыс өндірісінің жобасымен, технологиялық нұсқаумен), жұмыс басына тікелей басқарушыдан рұқсат алынбаған болса.

2.2. Жер асты кабельдік құрылыстардағы жұмысқа тек арнайы құралдардың көмегімен метанмен, күкіртті сутекпен, қос қышқылды көміртекпен және басқа жарылыс қауіпті және улы газдармен газдылыққа тексергеннен кейін ғана кірісуге болады.

2.3. Газдардың жойылуы кабельді бөлмелердің сыртында орнатылатын желдеткіштер көмегімен таза ауаны айдау арқылы жүреді, бірақ осында айдайтын түтік құдыққа түсірілуі тиіс немесе тоннельге енгізілуі тиіс, және түбінен 0,25 м-ден кем емес арақашықтықта орналасу керек.

4.3.3 Жұмыс барысында қауіпсіздік талаптары:

Жұмыс процесінде электрмонтажшы міндетті:

3.1.1. Шынайы нұсқаудың талаптарын және өзінің тікелей басқарушысының нұсқауларын қатал сақтау керек (бригадирдің, шебердің, прорабтың).

3.1.2. Тікелей басқарушының тапсырмасымен (бұйрығымен) белгіленген жұмыстарды тапсырманы, өндірістің көлемін және зонасын кеңейтпей орныдау.

3.1.3. Еңбек қорғау жөніндегі алынған нұсқаулардың жағдайларын қатал сақтау.

3.1.4. Оған берілген қорғау құралдарын, аспаптарын, құрал-саймандарын, қауіпті және зиянды факторларды бақылау аспаптарын тек тағайындауы бойынша қолдану.

3.1.5. Өзінің тікелей басқарушысына құрылғының ақаулары және қауіпсіздік талаптарының бұзылуы туралы, апатты жағдайлар туралы, жалындау және өрттер туралы, қайғылы жағдайлар және өндіріс барысындағы аурулар туралы дереу хабарлау керек.

3.2.1. Кабелі бар барабандарды арнайы крандардың, тиеушілердің немесе жүкарбаның көмегімен тиеу және жүгін түсіру керек.

3.2.2. Кабелі бар барабанның орнын ауыстыру алдында барабанның шығыңқы жерлері жұмысшылардың киімдерін іліп кетпеу үшін шаралар қолдану керек, кабельдің ұштарын сенімді бекіту.

3.2.3. Тегістеу кезінде барабанды оның бетінде бояумен белгіленген тілдің бағытымен айналдыру керек.

3.2.4. Кабелі бар барабанды тек қатты жермен немесе көлденең бетті берік төсем арқылы аунату рұқсат етіледі. Айналып келе жатқан барабанның алдында адамдардың болуы рұқсат етіледі.

3.2.5. Кабельдің дұрыс жайылуын қадағалау үшін бүйірінен немесе жаятын құрылғының артында орналасу керек.

3.2.6. Жұмыстың басқарушысы мен трасса үстінен кабельді тарту кезінде бақылайтын электрмонтажшылар арасында сенімді көзбе-көз, телефондық немес радиобайланыс болк керек.

3.2.7. Кабельді жазу үшін барабанды сәйкесінше жүк көтерімі бар домкратқа немесе арнайы арбаға орнатып, жер бетінен, автомобильдің шанағынан және т.б. 0,15 - 0,20 м-ге көтереді. Барабанды кабель оның үстіңгі жағынан жазылатындай етіп орнату керек. Барабанды көтеру кезінде оның беттері және төлкелері зақымданбау үшін қарау керек, ал жазатын білігі тірегіштен жылжымауын қадағалау керек. Кабельді барабаннан жазуға тек дұрыс тежеуіш құрылғының бар болуында рұқсат етіледі.

3.2.8. Бұрылыстары бар трассалардың үстінде жұмысшыларға кабельдің бұрылу бұрыштарының ішінде болуға болмайды, сондай-ақ бұрылу бұрыштарында кабельді ұстауға немесе оны қолымен тартуға болмайды. Осы мақсатта бұрылу жерлерінде бұрыштық тартатын доңғалақша орнату керек. Трассаның түзу сызықты аумақтарында кабельді қолмен тартқан кезде барлық жұмысшылар оның бір жағында орналасу керек.

3.2.9. Траншеяның шеттерінен кабельдік барабандарға дейінгі, механизмдерге және құрылғыларға дейінгі арақашықтық оның тереңдігінен кем болмауы керек, қажеттілігінше барабандардың, механизмдердің және құрылғылардың арақашықтығы көрсетілгеннен кем болса траншеялардың қабырғалары сенімді бекітілу керек.

3.2.10. Кабельді қабырғалардағы ойықтар арқылы тарту жұмысшылар қабырғының екі жағында орналасқан жағдайда рұқсат етіледі. Күш кабельдерін қабырғалардағы ойықтар және қабат аралық жабын арқылы, сондай-ақ құбыр арқылы тарту кезінде құбырлық канализацияға тартылған кабельдің кіруінен қолдың шеткі күйіне дейінгі арақашықтық 1 м-ден кем болмауы керек.

3.2.11. Кабельді трассалардың үстінде әр түрлі қабат және бөлмелер арқылы, сондай-ақ аралық кабельдік құдықтары бар блоктық канализация арқылы жүкарбамен тартқан кезде барлық жұмыстарды телефондық байланысты немесе сигнализация жүйесін қолдана отырып орындау керек.

3.2.12. Кабельді қолмен тартқанда кабельдің бір жұмыс аймағына массасы 35 кг-нан асатын жүктеменің шектен асуына тыйым салынады.

3.2.13. Кабельді жоғарыда монтаждау кезінде тас төсеудің тұрақты құралдарын қолдану қажет.

3.2.14. Жүкарбаның көмегімен кабельді жайғанда жүкарбаның барабанындағы арқанның тартуы мен төсеуінің дұрыстығын қадағалайтын, жұмысшы кезекшілікте болмау керек. Кабельдің арқанға бекітуі тарту кезінде жұлынып кетпеуін болдырмайтын, сенімді болу керек.

3.2.15. Бір жерге ілініп кеткен кабель бұрышының ішінде ешкімге болуға болмайды.

3.2.16. Кернеу астында болған кабельдің ауыстырып тартуына тыйым салынады.

3.2.17. Кабельді қатардан қатарға ауыстырып тартуға кабельдің ұштары ток әкелетін бөліктерінен сөндірілген және жерге сенімді тұйықталған жағдайда рұқсат етіледі.

3.2.18. Тарту алдында кабельдерді электр тогымен жылытқан кезде, жылытуға арналған трансформатордың қысқа тұйықталудан қорғайтын айырғыш аппараты болу керек, ал корпус, трасформатордың екіншілік орамы және жылытатын кабельдердің сауыты жерге тұйықталуы (нөлге шығарылуы) керек. Трансформатордың біріншілік орамындағы кернеу 380 В жоғары болмауы керек. Жылытатын кабельдің кезекшісінде электр қауіпсіздік жөніндегі тобы III-ден кем болмауы керек; ол қорғау құралдарымен мен ток күшін және температураны бақылайтын өлшегіш аспаптарен қамтамасыз етілуі керек.

3.2.19. Кернеу астында болған жылытатын кабельдерді қосуға және ажыратуға тыйым салынады.

3.2.20. Кабельді тарту кезінде жүкарбаларды және құрылғыларды тазалауға және майлауға, кабельді және жүк арқанды түзетуге тыйым салынады.

3.2.21. Барабаннан кабельдің соңғы орамын кендір арқан көмегімен туннельге бірқалыпты түсіру керек.

3.2.22. Мұздан кабельді тарту кезінде жұмысқа мұз үстінде қозғалыстың қауіпсіздігін қадағалайтын органдардың рұқсатын алғаннан кейін кірісу керек.

3.2.23. Мұз ойықтың шетіне жақын адамдардың және құрылғылардың жиналуына тыйым салынады.

3.2.24. Су астында су қоймалары арқылы кабельді тарту кезінде кабелі бар барабандар және тарту құрылғылары жиектегі көлденең алаңда немесе жүзгіш аспаптарында (баржада, понтонда, кемеде) бекітілу керек.

3.2.25. Су бөгеттерін өткен кезде жұмысшы басқарушының нұсқауымен арнайы бекітілген орындарда бұл үшін арналған жүзгіш құрылғыларымен қолдану керек.

3.2.26. Паромды және мұзды өткелді қолданған кезде жұмысшы көлік құрылғыларынан тыс орналасу керек.