Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Айжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать

4.1 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінен көшірме

Берілген Кодекс тікелей еңбекпен байланысты еңбек қатынастарын және басқа қатынастарды; әлеуметтік серіктестік қатынастарын және қауіпсіздік пен еңбек қорғау бойынша қатынастарды реттейді. Кодекс еңбек қатынастар тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатына, еңбек аясында құқықтар мен еркіндіктің минималды кепілдігін заңдастыру мақсатына бағытталған.

54 бап. Жұмыс берушінің ынтасы бойынша еңбек келісім-шартын бұзу негіздемесі

1. Жұмысшымен еңбек келісім-шарты жұмыс берушінің ынтасы бойынша келесі жағдайларда бұзылуы мүмкін:

1) жұмыс берушінің таратуы – заңды тұлғаның немесе жұмыс берушінің әрекетінің тоқтатылуы – жеке тұлғаның;

2) жұмысшылар санының немесе штатының қысқартылуы;

3) жұмысшының алатын қызметіне немесе біліктіліктің жеткіліксіздігінен орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі;

4) жұмысшының алатын қызметіне немесе берілген жұмыстың жалғасуына кедергі болатын денсаулық жағдайынан орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі;

5) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыстың кері нәтижесі;

6) жұмысшының жұмыста дәлелді себепсіз бір жұмыс күннің (жұмыс ауысымы) үш және одан да көп сағат қатарынан жоқ болуы;

7) жұмысшының жұмыста алкогольді, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық мастану жағдайында (олардың аналогтары) болуы, соның ішінде жұмыс күнінің ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық (олардың аналогтары) жағдайды тудыратын заттарды қабылдау жағдайларында;

8) жұмысшымен еңбек қорғау ережелерін немесе өрт қауіпсіздігін бұзу, немесе жарақат пен апатты қоса, ауыр салдарға әкелетін немесе әкелуі мүмкін болатын көліктегі қозғалыстың қауіпсіздігін бұзу;

9) жұмысшымен жұмыс орны бойынша бөтен біреудің мүлкін ұрлау (соның ішінде шағын), оны қасақана жоюы және бұзуы, заңды күшке үкіммен немесе сот қаулысымен орнатылғын;

10) ақшалы немесе тауарлық құндылықтарда қызмет ететін жұмысшының айыпты әрекеттер жасау немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің оған деген сенімінің жоғалуына негіз берсе;

11) тәрбиелік функцияларды атқаратын жұмысшымен берілген жұмысты жалғастырумен сәйкес келмейтін адамгершілікке жат қылық жасау;

12) жұмысшымен мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын басқа құпия болатын деректемелерді жариялау, оған еңбек міндеттемелерін орындау барысында белгілі болды;

13) жұмысшымен еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайта орындамау немесе лайықсыз орныдау, егер ол тәртіп жөніндегі жаза алса;

14) жұмысшының мемлекеттік құпияларға Қазақстан Республикасымен белгіленген жағдайларында қолжетімділікті тоқтату;

15) жұмысшымен жұмыс берушіге еңбек келісім-шартын жасау кезінде көрінеу жалған құжаттарды немесе мәліметтерді беру, егер шынайы құжаттар немесе мәліметтер еңбек келісім-шартын жасаудан бас тартуға негіз болып табылса;

16) орындаушы орган жұмыс берушінің басқарушысымен, оның орынбасарымен, немесе жұмыс беруші бөлімінің басқарушысымен жұмыс берушіге материалдық зиян келтіруге апарған еңбек міндеттерін бұзу;

17) жұмысшының уақытша еңбекке қабілетсіздігінен жұмысқа екі айдан аса уақыт қатарынан келмеуі, жұмысшының демалыста болу, жүктілік және босану жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ егер ауру Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген еңбекке қабілетсіздіктің ұзақ мерзімі орнатылған аурулардың тізіміне енсе.

Өндірістік жарақаттың немесе кәсіби аурудың салдарынан еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жұмысшының артынан жұмыс орны (қызметі) еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенше немесе мүгедектікті орнатқанша сақталады;

18) жұмысшымен жемқорлық құқық бұзушылық жасанғанда, сот актісіне сәйкес кейінгі жұмыс мүмкіндігін жоққа шығарады.

2. Жұмысшылардың жеке категориялары үшін шынайы Кодекспен жұмыс берушінің ынтасы бойынша еңбек келісім-шарттарын бұзу үшін қосымша негіздеме қарастырылған.