- •1 Бар желінің анализі
- •1.1 Екібастұз қаласындағы гут желісінің қысқыша сипаттамасы
- •1.2 Технологияны таңдаудың негіздемесі
- •1.3 802.11 Физикалық деңгейі
- •1.4 802.11 Арналық (Data Link) деңгей
- •1.5 Байланыстың сымсыз хаттамаларының сипаттамасы
- •1.6 Тапсырмаларды қою
- •2 Ieee 802.16 кеңжолақты қолжетімділіктің стандарты
- •2.1 WiMax жобасының даму тарихы
- •2.2 WiMax тапсырмалары, мақсаттары, артықшылықтары
- •2.3 WiMax жұмыс істеу принципі
- •2.4 Ieee 802.16 стандарттың физикалық деңгейі
- •2.5 Ieee 802.16 стандарттың арналық деңгейі
- •2.6 Ieee 802.16-2004 стандарты
- •2.7 WirelessMan-ofdm режимі
- •2.9 Ieee 802.16e-2005 стандарты
- •2.10 WiMax жұмыс режимдері
- •2.11 Байланысты қорғау
- •3.1 WiMax құрылғының негізінде сымсыз қолжетімділікті ұйымдастыру
- •3.2 Базалық станцияның құрылғылары
- •3.3 Абоненттік құрылғы
- •4.1 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінен көшірме
- •4.2 Адам организміне иондалған сәулеленудің әсері
- •4.3 Желілерді өндіру кезінде қауіпсіздіктің талаптары
- •4.4 Өрт сөндірудің автоматты құралдары
- •4.5 Өндірістік бөлмеде жасанды жарықтың есебі
- •5 Жобаның техникалық – экономикалық негіздемесі
- •5.1 Жобаның мақсаты
- •5.2 Жобаның техникалық сипаттамасы
- •5.3 Даму жоспары
- •5.4 Капиталдық салымның есебі
- •5.5 Табыс
- •5.6 Экономикалық тиімділіктің есебі
- •5.7 Алынған нәтижелердің анализі
1.2 Технологияны таңдаудың негіздемесі
1.2.1. IEEE 802.11 Стандарты
1990 жылы IEEE 802 стандарты бойынша комитет 802.11 сымсыз локалды желілер үшін стандарттар бойынша жұмыс тобын құрды. Осы топ қолжетімділіктің 1 және 2 Mbps (Megabits-per-second) жылдамдықпен 2,4 ГГц жиілігінде жұмыс істейтін радиоқұрылғылар және желілер үшін барлығына жалпы стандартты өңдірумен айналысты. Стандартты құру бойынша жұмыстар 7 жылдан соң аяқталды, және 1997 жылдың маусымында 802.11 бірінші спецификациясы бекітілді. 802.11 стандарты сымды желілер үшін стандарттардың көп бөлігін өңдіретін тәуелсіз халықаралық ұйымнан WLAN өнімдері үшін бірінші стандарт болып табылды. Бірақта ол уақытқа қарай салынған ақпарат таратудың алғашқы жылдамдығы сымсыз желіде қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Wireless LAN технологиясын танымал, арзан, ал ең бастысы бизнес-қосымшалардың қазіргі қатал талаптарын қанағаттандыратындай ету үшін өндірушілер жаңа стандартты құруға мәжбүр болды.
1999 жылдың қыркүйегінде IEEE алдыңғы стандарттың кеңейтілуін бекітті. Аталған IEEE 802.11b (802.11 High rate сияқты танымал) 11 Mbps жылдамдықта жұмыс істейтін (Ethernet тәрізді) сымсыз желілердің өнімдеріне стандартты анықтайды, ол осы құрылғыларды ірі ұйымдарда табысты қолдануға мүмкіндік береді.
1.2.2. IEEE 802.11 стандарты және оның кеңейтілуі
IEEE 802.11 стандарттың бірнеше модификациясы және келісті регламентацияланған құжаттар бар:
- 802.11D − Additional Regulatory Domains
- 802.11E − Quality of Service
- 802.11F − Inter-Access Point Protocol (IAPP)
- 802.11G − High data rates at 2.4 GHz
- 802.11H − Dynamic Channel Selection and Transmission Power Control
- 802.11i − Authentication and Security
Барлық стандарттар сияқты IEEE 802, 802.11 стандарты ISO/OSI моделінің төменгі екі деңгейінде жұмыс істейді, физикалық деңгей және арналық деңгей (сурет 1.1). ) Әрбір желілік қосымша, желілік операциялық жүйе, немесе хаттама (мысалы, TCP/IP), Ethernet желісінде сияқты 802.11 желісінде дәл солай жақсы жұмыс істейді.
Негізгі архитектура, 802.11b ерекшелігі және қызметі 802.11 алғашқы стандартта анықталады. 802.11b спецификациясы қолжетімдіктің тек жоғары жылдамдығын қоса отырып, тек қана физикалық деңгейді қозғайды.
802.11 құрылғының екі типін анықтайды - сымсыз желілік интерфейсті картамен (Network Interface Card, NIC) жинақталған, әдетте компьютерді көрсететін клиент, және сымсыз және сымды желілер арасында көпір рөлін атқаратын қолжетімділік нүктесі. Қолжетімділік нүктесі әдетте өзінде қабылдау таратқыш, сымды желінің интерфейсін (802.3), сонымен бірге ақпаратты өңдеумен айналысатын бағдарламалық қамтамасыз етуді сақтайды. Сымсыз станциясы ретінде ISA, PCI немесе 802.11 стандарттағы PC Card желілік картасы бола алады, немесе салынған шешімдер, мысалы, 802.11 телефондық гарнитура.
Сурет 1.1 – ISO/OSI модельдің деңгейлері және олардың IEEE 802.11 стандартына сәйкестігі
IEEE 802.11 стандарты желі жұмысының екі режимін анықтайды - "Ad-hoc" режимі және клиент/сервер (немесе infrastructure mode – инфрақұрылым режимі). Клиент/сервер режимінде (сурет 1.2) сымсыз желі сымды желіге қосылған кемінде қолжетімділіктің бір нүктесінен және сымсыз соңғы станциялардың кейбір терулерінен құрылады. Сондай сырт пішін базалық қызмет терулер (Basic Service Set, BSS) атауын иеленеді. Бірлескен шағын желісін құратын екі немесе одан да көп BSS қызметтің кеңейген турулерін (Extended Service Set, ESS) құрайды. Сымсыз станциялардың көбіне файлдық серверлерге, принтерлерге, сымды локалды желіде қолжетімді Интернетке қолжетімдікті алу керек болғандықтан, олар клиент/сервер режимінде жұмыс істейтін болады.
"Ad-hoc" режимі (сондай ақ нүкте-нүкте, немесе тәуелсіз базалық қызметтердің теруі, IBSS деп аталады) - арнайы қолжетімділік нүктесінің қолдануынсыз саны көп станциялардың арасындағы байланысы тура орнатылатын қарапайым желі (сурет 1.3). Осындай режим сымсыз желінің инфрақұрылымы ұйымдастырылмаған болса (мысалы, қонақүй, көрме залы, аэропорт), немесе қандай да бір себептермен ұйымдастырылуы мүмкін емес болған жағдайда пайдалы болуы мүмкін.
Сурет 1.2 – "клиент/сервер" желісінің архитектурасы
Сурет 1.3 –"Ad-hoc" желісінің архитектурасы
