Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Айжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать

3.3 Абоненттік құрылғы

BreezeMAX абоненттік станциялар бірнеше типке бөлінеді. Broadband Data IDU абонент­тік комплекті желілік құрылғының немесе 10/100 Base-T IP порты арқылы локалды желінің қосылуына рұқсат етеді. Басқа Networking Gateway IDU моделі төртпортты Ethernet-концентраторды және үлкен емес радиусты, мысалы, абоненттің офисінде, WLAN ұйымдастыру үшін Wi-Fi сымсыз қолжетімділік нүктесін қосады. Broadband Voice Gateway CPE IDU абоненттік құрылғылардың келесі типінің орнатылған аналогты POTS телефондық интерфейстері бар. Инсталяцияның оңтайландырылған процедурасына бағытталған және бөлме ішінде орнату үшін арналған BreezeMAX Si абоненттік станциясы ерекше көңілге лайықты. Бұл модель адаптивті антенналық жүйемен жабдықталған және Intel® PRO/Wireless чипсетте құрылған. BreezeMAX Si ронату процесі қосылу процедурасының қарапайымдылығының және SIM-карта негізінде аутентификацияның арқасында бірнеше секунд алады. BreezeMAX Si ерекшелігі FDD/TDD үйрену класстарымен үйлесімділік, сондай-ақ 12 дБи күшейтумен сыртқы адаптивті интегралданған антеннамен бірге қолдану мүмкіндігі болып табылады. IP хаттамалар үшін 10/100 Base-T интегралданған мәліметтер порты мәліметтер тарату желісінен басқа BreezeMAX Si –ге Wi-Fi қолжетімділік құрылғыларын және дыбыстық шлюздерді қосуға мүмкіндік береді.

Абоненттік құрылғылар ішкі блоктан (үстелдік немесе қабырғаға орнатылған) және сыртқы радиомодульден. SU-A моделінде сыртқы SU-RA модулі радиомодульді және орнатылған планарлық антеннаны иеленеді. SU-E моделінде сыртқы SU-RE модуль радиомодуль және жеке сыртқы антенна үшін ажыратқышты иеленеді.

Сыртқы және ішкі модульдер мәліметтер тарату үшін қызмет ететін, сондай-ақ электр тұтынуды беру үшін және ішкі модульден сыртқы модульге басқаратын хабарламаларды беру үшін қызмет ететін коаксиалды кабельмен қосылады. SU-A и SU-E модельдерінде антенналық портта 28 dBm болатын шығыс қуаты бар.

Абоненттік құрылғылар мәліметтер құрылғыларына Ethernet 10Base-T (разъем RJ-45) стандартты интерфейсті қолдана отырып қосылады. Мәліметтерді тарату үшін және телефонияны қолдау үшін арналған құрылғыларға қарапайым телефондық аппараттар стандартты интерфейсті ажыратқыш арқылы қосылады (RJ-11).

3.3.1 Абоненттік құрылғылардың модельдері

SU-A сериясы – ішкі модульмен және интегралданған планарлы антеннасы бар сыртқы радиоблокпен абоненттік құрылғылар.

Орындау нұсқалары:

- SU-A-1D – жалғыз Ethernet құрылғысын қолдайды; - SU-A-8D – сегізге дейін Ethernet құрылғыларын қолдайды; - SU-A-BD – локалды желіні қолдайды (көпір функциясы).

SU-E сериясы – ішкі модульмен және жеке сыртқы антеннасы бар сыртқы радиоблокпен (жеке жеткізіледі) абоненттік құрылғылар.

Орындау нұсқалары:

- SU-E-1D − жалғыз Ethernet құрылғысын қолдайды;

- SU-E-8D − сегізге дейін Ethernet құрылғыларын қолдайды;

- SU-E-BD − локалды желіні қолдайды (көпір функциясы).

SU-A + дауыс сериясы  − ішкі модульмен және интегралданған планарлы антеннасы бар сыртқы радиоблокпен абоненттік құрылғылар. Қарапайым телефондық интерфейспен жабдықталған.

Орындау нұсқалары:

- SU-A-1D1V − жалғыз Ethernet құрылғысын және қарапайым телефондық интерфейсті қолдайды;

- SU-A-8D1V − сегізге дейін Ethernet құрылғыларын және қарапайым телефондық интерфейсті қолдайды;

- SU-A-BD1V − локалды желіні қолдайды (көпір функциясы) қарапайым телефондық интерфейсті қолдайды.

SU-E + дауыс сериясы − ішкі модульмен және жеке сыртқы антеннасы бар сыртқы радиоблокпен (жеке жеткізіледі) абоненттік құрылғылар. Қарапайым телефондық интерфейспен жабдықталған.

Орындау нұсқалары:

- SU-E-1D1V – жалғыз Ethernet құрылғысын және қарапайым телефондық интерфейсті қолдайды;

- SU-E-8D1V − сегізге дейін Ethernet құрылғыларын және қарапайым телефондық интерфейсті қолдайды;

- SU-E-BD1V − локалды желіні қолдайды (көпір функциясы) қарапайым телефондық интерфейсті қолдайды.

Кесте 3.2 – Негізгі сипаттамалар

Типі

FH-CDMA радиоқолжетімділік технологиясын қолдайтын абоненттік құрылғы 

Ақпараттық жылдамдық, Мбит/с

1, 2 және 3

Жиіліктік диапазон, ГГц

2,551-2,593; 3,400-3,500; 3,295-4,015 (сериядан тәуелді)

Канал ені, МГц

2

Желілік интерфейстер 

1 немесе 8 Ethernet 10Base-T (ажыратқыш RJ-45) интерфейстері; 1 қарапайм телефондық интерфейс (ажыратқыш RJ-11; дауыс қолдайтын ғана модельдер үшін)

Модуляция

Көп деңгейлі GFSK

Шығыс қуат

28 Дб антенналық портта

Сурет 3.1 – BreezMAX құрылғысын қолданудың жалпы моделі.

Суретте қолданылатын қысқартулар мен терминдер:

- Subscriber –қолданушы;

- SU –Қолданушы терминал;

- BST shelf –базалық станцияның шассиі;

- 3rd party router – кез келген басқа өндірушінің маршрутизаторы – провайдер магистраліне шлюз;

- TRM – қолданушылардың терминалдары;

- AU – қолжетімділіктің модульдері;

- NPU –басқаратын модуль;

Сыртқы ресурстармен болуы мүмкін – Интернет желісі, дыбыстық шлюздер және т.б.

4 Еңбек қорғау және өмір сүру қауіпсіздігі