
- •1 Бар желінің анализі
- •1.1 Екібастұз қаласындағы гут желісінің қысқыша сипаттамасы
- •1.2 Технологияны таңдаудың негіздемесі
- •1.3 802.11 Физикалық деңгейі
- •1.4 802.11 Арналық (Data Link) деңгей
- •1.5 Байланыстың сымсыз хаттамаларының сипаттамасы
- •1.6 Тапсырмаларды қою
- •2 Ieee 802.16 кеңжолақты қолжетімділіктің стандарты
- •2.1 WiMax жобасының даму тарихы
- •2.2 WiMax тапсырмалары, мақсаттары, артықшылықтары
- •2.3 WiMax жұмыс істеу принципі
- •2.4 Ieee 802.16 стандарттың физикалық деңгейі
- •2.5 Ieee 802.16 стандарттың арналық деңгейі
- •2.6 Ieee 802.16-2004 стандарты
- •2.7 WirelessMan-ofdm режимі
- •2.9 Ieee 802.16e-2005 стандарты
- •2.10 WiMax жұмыс режимдері
- •2.11 Байланысты қорғау
- •3.1 WiMax құрылғының негізінде сымсыз қолжетімділікті ұйымдастыру
- •3.2 Базалық станцияның құрылғылары
- •3.3 Абоненттік құрылғы
- •4.1 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінен көшірме
- •4.2 Адам организміне иондалған сәулеленудің әсері
- •4.3 Желілерді өндіру кезінде қауіпсіздіктің талаптары
- •4.4 Өрт сөндірудің автоматты құралдары
- •4.5 Өндірістік бөлмеде жасанды жарықтың есебі
- •5 Жобаның техникалық – экономикалық негіздемесі
- •5.1 Жобаның мақсаты
- •5.2 Жобаның техникалық сипаттамасы
- •5.3 Даму жоспары
- •5.4 Капиталдық салымның есебі
- •5.5 Табыс
- •5.6 Экономикалық тиімділіктің есебі
- •5.7 Алынған нәтижелердің анализі
3.2 Базалық станцияның құрылғылары
Базалық станциялардың екі типі шығарылады: Macro Base Station және Micro Base Station. Екі типі де OFDM және OFDMA технологиясын қолдайды, масштабталған архитектураны қолданады және модульді технология бойынша құрылған. Әрбір типтің базалық станциясының бір секторы 15 км радиустағы территорияда абоненттердің қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді және ақпараттық сыйымдылығы 4,5-тен 72-ге дейін Мбит/с болатын сымсыз арна арқылы ақпараттық қызметтерді береді. Әрбір сектор үшін радиожиілік жолағы 1,75 МГц немесе 3,5 МГц орнатылуы мүмкін. Радиоканалдың тар жолағы кезінде едәуір өнімділік жүйенің жоғары спектралды тиімділігінің арқасында жетеді.
Macro Base Station өзімен биіктігі 8U болатын модульді блокты білдіреді, ол 19" немесе ETSI тіреуіне орнатылады, және бірнеше сыртқы радиомодульдерге қосылады. Құрылғы сенімділіктің және резервілеудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұнда адаптивті қабылдау техникасының қолдауы, кеңістіктік-уақыттық кодтау (STC) және поляризациялық бөлудің механизмі іске асырылған. Аталған сигналды өңдеу әдістері қолданушылармен орнатылған антенналарды дәлдемесіз абоненттік құрылғыларды өздігінен қолдануға мүмкіндік береді.
Micro Base Station абоненттердің аз тығыздығы желілер үшін ыңғайлы және тиімді шешім болып табылады. Мұнда құрылғыда WiMAX жүйенің негізгі функциялары жүзеге асырылған. Micro Base Station ішкі монтаждың 1U модулінен тұрады, ол Macro Base Station-да қолданылатын дәл сондай типті радиомодульге қосылады. Бар сыртқы радиомодульдердің сақталуы кезінде базалық станциялар типтерінің таңдауындағы икемділігі қамтамасыз етіледі.
BS-SH базалық станцияның модулі − BS-AU қолжетімділіктің, құрылғының жетіге дейін (біреуі артық) модульдерінің орнатылуына мүкіндік бермейтін 19-дюймдік шасси. BS-AU құрылғылары қолжетімді жеке спектрдің қолайлы қолданылуын кепілдеу мақсатымен синхрондалған болуы мүмкін.
AU-A-BS қолжетімділік құрылғылары интегралданған жоспарлық антенналы радиоблоктары бар, ішкі модульден BS-AU және сыртқы модульден AU-RA тұрады. AU-E-BS қолжетміділік, құрылғысы жеке сыртқы антеннаны (антенна жеке жеткізіледі) қосу үшін арналған радиожиілікті ажыратқышты радиоблогы бар ішкі модульден BS-AU және сыртқы модульден AU-RE тұрады. AU-A-BS и AU-E-BS қолжетімділік құрылғылардың антенналық портта 26 dBm шығыс қуаты бар. Сыртқы және ішкі модульдер коаксиалды кабельмен қосылады, олар мәліметтерді тарату үшін қызмет етеді, сондай-ақ электр тұтынуды беру үшін және ішкі модульден сыртқы модульге дейін басқаратын сигналдардың берілуі үшін арналған. Желіге қосылу ішкі модульде стандартты Ethernet 10Base-T (разъем RJ-45) интерфейсі арқылы жүзеге асады.
Кесте 3.1 – Негізгі сипаттамалар
Типі |
FH-CDMA радиоқолжетімділік технологиясын қолдайтын базалық станцияның құрылғылары |
Ақпараттық жылдамдық, Мбит/с |
1, 2 және 3 |
Жиіліктік диапазон, ГГц |
2,551-2,593; 3,400-3,500; 3,295-4,015 (сериядан тәуелді) |
Арна ені, МГц |
2 |
Бір ұяшықтың максималды радиусы, км |
15 |
Желілік интерфейстер |
Ethernet 10Base-T (ішкі модульдер), разъем TNC (ішкі және сыртқы модульдер) |
Модуляция |
Көп деңгейлі GFSK |
Антенна портында шығыс қуаты |
28 dBm |