Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Айжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать

2.10 WiMax жұмыс режимдері

802.16e-2005 стандарты алдында шыққан барлық нұсқаларын қосты, және берілген уақытта келесі режимдерді береді:

- Fixed WiMAX – орнатылған қолжетімділік;

- Nomadic WiMAX – сеансты қолжетімділік;

- Portable WiMAX – ауысу режиміндегі қолжетімділік;

- Mobile WiMAX – мобильді қолжетімділік.

Fixed WiMAX. Орнатылған қолжетімділік кең жолақты сымды технологияларға балама болады. Стандарт 10-66 ГГц жиілікті диапазонды қолданады. Бұл жиілікті диапазон қысқа толқынның күшті басылуы кесірінен сигналдың таратқышы және қабылдағышы арасында тура көрінімді қажет етеді. Басқа жағынан, берілген жиілікті диапазон радиобайланыстың басты мәселелерінің біреуінен құтылуға мүмкіндік береді – сигналдың көп сәулелі таралуы. Осында байланыс арнаның ені осы жиілікті диапазонда үлкен (типті мән - 25 немесе 28 МГц), ол тарату жылдамдығы 120 Мбит/с-ке дейін жетуге мүмкіндік береді.

Сурет 2.19 – Fixed WiMAX

Nomadic WiMAX. Сеанстық (көшетін) қолжетімділік Fixed WiMAX қолжетімділікке сессия түсінігін қосты. Сессиялардың бар болуы клиенттік құрылғыларды сессиялар арасында ерікті ауыстыруға және алдыңғы сессия кезіндегі қолданғаннан гөрі, байланысты басқа WiMAX мұнаралары көмегімен қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Мұндай режим негізінде ноутбук, КПК сияқты портативті құрылғылар үшін өндірілді. Сессиялардың енгізілуі клиенттік құрылғының энергия шығынын азайтуға мүмкіндік береді, ол портативті құрылғылар үшін маңызды.

Portable WiMAX. Portable WiMAX режимі үшін клиентті WiMAX-ң бір базалық станциядан екіншісіне байланысты жоғалтусыз автоматты ауыстыру мүмкіндігі қосылған. Бірақ берілген режим үшін клиенттік құрылғының орын ауыстыру жылдамдығы әлі де шектелген - 40 км/ч. Дегенмен, осындай түрде клиенттік құрылғыны жолда қолдануға болады (автомобильде жылдамдық шектелген жерде қаланың тұрғын аудандарында қозғалу барысында, велосипедте, жаяу қозғалу барысында, т.б.). Берілген режимнің енгізілуі смартфондар мен КПК үшін WiMAX технологияларын қолдануды мақсатты етті.

Mobile WiMAX 802.16e-2005 стандартында өндірілді және клиенттік құрылғының орын ауыстыру жылдамдығын 120 км/ч дейін үлкейтуге мүмкіндік берді.

Сурет 2.20 – Mobile WiMAX

Мобильді режимнің негізгі жетістіктерін төменде келтірілген факторларды есептеуге болады:

Сигналдың көп сәулелі таралуына және жеке кедергіге тұрақтылық;

Арнаның масштабты өткізгіш қабілеті;

Ассиметриялы трафикті тиімді өңдеуге мүмкіндік беретін және канал арасындағы сессиялардың эстафеталық таралуының есебінен антенналардың күрделі жүйелерімен басқаруды жеңілдететін Time Division Duplex (TDD) технологиясы;

Клиенттік құрылғының қозғалу бағытының кенет ауысу кезінде тұрақты байланысты сақтауға мүмкіндік беретін Hybrid-Automatic Repeat Request (H-ARQ) технологиясы;

Жоғары жүктеу кезде бөлінетін жиіліктердің үйлестіруі және субарналардың қолданылуы клиенттік құрылғы сигналының күшін есепке ала отырып мәліметтер таралуын оңтайландыруға мүмкіндік береді;

Энергия үнемдеумен басқару күту және тұрып қалу режимінде портативті құрылғылар байланысының қолдауы үшін энергия шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді;

Клиенттің арна арасындағы ауыстырып қосу уақытын 50 миллисекундке және одан кіші қысқартуға мүмкіндік беретін Network-Optimized Hard Handoff (HHO) технологиясы;

Multicast and Broadcast Service (MBS) технологиясы, DVB-H, MediaFLO және 3GPP E-UTRA функцияларын біріктіреді келесі үшін:

Бір жиілікті желіні қолдана отырып мәліметтерді таратудың жоғары жылдамдығына жету үшін;

Радиожиіліктердің майысқақ үлестіруі;

Портативтік құрылғылармен энергияның төмен тұтыну;

Канал арасында тез ауыстырып қосу.

Smart Antenna технологиясы, субарналарды және арна арасындағы сессияның эстафеталық берілуді қолдайды, ол антенналардың күрделі жүйелерін қолдануға мүмкіндік береді, бағытталу диаграмманың қалыптасуын, кеңістіктік-уақыттық маркирлеуді, кеңістіктік мультиплекстеуді (тығыздау) қоса;

Минималды жоғалусыз жиіліктердің қайта іске қосылуы үшін арналардың салуын/қиылысуын бақылауға мүмкіндік беретін Fractional Frequency Reuse технологиясы;

5 миллисекундтағы фреймнің өлшемі кішкентай пакеттердің қолданылуы есебінен мәліметтер таратудың сенімділігі және пакеттердің санының ұлғаю есебінен (және салдарынан, тақырыптардың) үстеме шығындардың арасында тиімді келісім жасайды.