
- •1 Бар желінің анализі
- •1.1 Екібастұз қаласындағы гут желісінің қысқыша сипаттамасы
- •1.2 Технологияны таңдаудың негіздемесі
- •1.3 802.11 Физикалық деңгейі
- •1.4 802.11 Арналық (Data Link) деңгей
- •1.5 Байланыстың сымсыз хаттамаларының сипаттамасы
- •1.6 Тапсырмаларды қою
- •2 Ieee 802.16 кеңжолақты қолжетімділіктің стандарты
- •2.1 WiMax жобасының даму тарихы
- •2.2 WiMax тапсырмалары, мақсаттары, артықшылықтары
- •2.3 WiMax жұмыс істеу принципі
- •2.4 Ieee 802.16 стандарттың физикалық деңгейі
- •2.5 Ieee 802.16 стандарттың арналық деңгейі
- •2.6 Ieee 802.16-2004 стандарты
- •2.7 WirelessMan-ofdm режимі
- •2.9 Ieee 802.16e-2005 стандарты
- •2.10 WiMax жұмыс режимдері
- •2.11 Байланысты қорғау
- •3.1 WiMax құрылғының негізінде сымсыз қолжетімділікті ұйымдастыру
- •3.2 Базалық станцияның құрылғылары
- •3.3 Абоненттік құрылғы
- •4.1 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінен көшірме
- •4.2 Адам организміне иондалған сәулеленудің әсері
- •4.3 Желілерді өндіру кезінде қауіпсіздіктің талаптары
- •4.4 Өрт сөндірудің автоматты құралдары
- •4.5 Өндірістік бөлмеде жасанды жарықтың есебі
- •5 Жобаның техникалық – экономикалық негіздемесі
- •5.1 Жобаның мақсаты
- •5.2 Жобаның техникалық сипаттамасы
- •5.3 Даму жоспары
- •5.4 Капиталдық салымның есебі
- •5.5 Табыс
- •5.6 Экономикалық тиімділіктің есебі
- •5.7 Алынған нәтижелердің анализі
Мазмұны
|
Кіріспе |
3 |
1 |
Бар желінің анализі |
4 |
1.1 |
Екібастұз қаласындағы ГУТ желісінің қысқыша сипаттамасы |
4 |
1.2 |
Технология таңдаудың негіздемесі |
5 |
1.3 |
Физикалық деңгей 802.11 |
8 |
1.4 |
Арналық (Data Link) деңгейі 802.11 |
10 |
1.5 1.6 |
Байланыстың сымсыз хаттамаларының сипаттамасы Тапсырмаларды қою |
14 16 |
2 |
IEEE 802.16 кеңжолақты қолжетімділіктің стандарты |
19 |
2.1 |
WiMAX жобасының даму тарихы |
19 |
2.2 |
WiMAX-тың тапсырмалары, мақсаттары, артықшылықтары |
21 |
2.3 2.4 2.5 2.6 2.7 2.8 2.9 2.10 2.11 |
WiMAX-тың жұмыс істеу принципі IEEE 802.16 стандартының физикалық деңгейі IEEE 802.16 стандартының арналық деңгейі IEEE 802.16-2004 стандарты WirelessMAN-OFDM режимі Mesh-желісі IEEE 802.16e-2005 стандарты WiMAX-тың жұмыс істеу режимі Байланысты қорғау |
22 24 30 34 37 45 49 52 55 |
3 |
WiMAX Alvarion BreezeMAX 3000 құрылғысы |
59 |
3.1 |
Wi-MAX құрылғысы базасында сымсыз қолжетімдікті ұйымдастыру |
59 |
3.2 |
Базалық станцияның құрылғылары |
60 |
3.3 |
Абоненттік құрылғы |
62 |
4 |
Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі |
65 |
4.1 |
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінен шығарылым |
65 |
4.2 |
Адам организміне иондалған сәулеленудің әсері |
66 |
4.3 |
Желілерді өндіру кезінде қауіпсіздіктің талаптары |
69 |
4.4 |
Өрт сөндірудің автоматты құрылғылары |
73 |
4.5 |
Өндірістік бөлмелерде жасанды жарықтың есебі |
76 |
5 |
Жобаның техникалық – экономикалық негіздемесі |
81 |
5.1 |
Жобаның мақсаты |
81 |
5.2 |
Жобаның техникалық сипаттамасы |
82 |
5.3 |
Даму жоспары |
85 |
5.4 |
Капиталдық салымның есебі |
85 |
5.5 |
Кіріс |
90 |
5.6 |
Экономикалық тиімділіктің есебі |
91 |
5.7 |
Алынған нәтижелердің анализі |
92 |
|
Қорытынды |
93 |
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
94 |
Кіріспе
Соңғы онжылдықта байланыс облысында сымсыз технологиялардың қарқынды дамуы жүріп жатыр. Олардың қолданылу облысы әртүрлі. Атқаратын қызмет түріне байланысты қамтылатын аймақ жақын орналасқан құрылғылардың (Bluetooth технологиясы) сымсыз байланысы үшін бірлік метрлер немесе сымсыз локалды желілерді (Wi-Fi технологиясы) құру үшін ондаған метрлерді құрайды. GSM, CDМА, WCDMA ұялы жүйелері барлық жер шары бойынша роумингті бір мезгілді қамтамасыз ететін глобалды Интернет желісіне қол жеткізеді.
Intel корпорациясымен өңдірілген және оны іске асыруға ұсыныс жасалған WiMAX технологиясының дүниеге келуін революциялық деп айту тым артық болмас. WiMAX кеңарналы қолжетімділік желілердің сымсыз территориялы бөлінген технологиясы.
WiMAX ол мәліметтер таратудың сымсыз технологиясы. Соңғы жылдарда желілік технологиялардың дамуы тізімнің және мүмкін болатын жеке компьютерлердің желіге бірлесу тәсілдерінің, және глобалды интернет желісіне қосылу түрлерінің кеңеюіне алып келді. Бірақ таңдаудың барлық молдылығында бұрынғыша желілік қосылулар үшін негізгі үш талапты бірмезгілді сақтау қиын: жоғары өткізгіштік қабілет, сенімділік, мобильділік. Осындай тапсырманы WiMAX сымсыз технологиялардың келесі ұрпағы, IEEE 802.16 стандарты, шығара алады.
Осы технологияның стандарттары өңдірілген IEEE 802. I6. IEEE 802. I6е стандарты өңделу деңгейінде. Осы технология жоғары жылдамдықты сымсыз локалды желілердің және Интернет тәріздес глобалды желілердің арасындағы байланыстырушы тармақ болып табылады. IEEE 802.16 стандарты (қаңтар 2003 ж.) алғашқыда үлкен қала территорияларының шегіндегі сымсыз желілер жұмыстарының ұйымдастырылуы үшін өңдірілген. Қала бойынша базалық станциялар (ұялы байланыстың жүйелеріне ұқсас) орнатылады. Әрбір базалық станция 3-6км радиусында сымсыз локалды желілер немесе басқа цифрлік құрылғылар (кез келген міндеті бойынша) орналасқан тұрғын және офистік ғимараттардың көп бөлігіне қызмет көрсете алады. WiMAX желісінің жазылуына қолданылатын мұндай тәсіл “соңғы миля” проблемасының көркем шығарылу жолы болып табылады.
Жалпыәлемдік байланыс жүйесіне технологияның кеңауқымды енуі болып жатыр. Берілген дипломдық жұмыста бүгінгі күнге толық WiMAX жағдайының анализі берілген.
1 Бар желінің анализі
1.1 Екібастұз қаласындағы гут желісінің қысқыша сипаттамасы
Қазіргі уақытта Екібастұз қаласының желісінде координаттық жүйенің аналогтық құрылғысы және Alcatel SEL AG (Германия) фирмасының S-12 типті және Huawei қытай фирмасының C&C08 типті электронды цифрлік құрылғысы жұмыс істеуде.
Бір түйінді ауданның аналогты АТС-тері өз арасында «әрбіреуі әрбірімен» принципі бойынша қосылған, ал әртүрлі ауданның АТС-тері, аналогты АТС үшін УВС және УИС рөлін атқаратын цифрлік АТС арқылы қосылған.
Қала аралық, халықаралық және зонаішілік байланыс S12 типті араласқан АМТС/АТСЭ − 43/44 арқылы жүзеге асады. АМТС-ке қалааралық, халықаралық, зонаішілік каналдары және жергілікті желінің ЗСЛ, СЛМ қосылған..
Аналогтық станциялардың цифрлік станциялармен байланысы салып берілген желісі арқылы ұйымдастырылды.
Қала желісі ЦТО ЛКС ГУТ құрамына кіретін 4 сызықты цехтармен (СЦ) – 7СЦ, 5СЦ, 2СЦ және 3СЦ қызмет етіледі.
Одан басқа, қаланың ПД желісі түпкілікті модернизацияға ұшырайды. Негізгі ядро 10Гбит/с-қа тең өткізгіштік қасиетіне және MPLS технологияның қолдауына ие болады, ол 50 мск шамасында қосылу уақытын қамтамасыз етуіне рұқсат береді. Ол ПД желісінің сенімділігіне бүтіндей оң әсер етеді және ол арқылы шектеусіз дауыс трафигін өткізуге мүмкіндік береді. NGN желісінің ЦБ қосу үшін метрожелінің қолжетімділігінің төрт түйінінің әрбіреуінде бірмодты интерфейсті қолданумен 4 оптикалық порттар қарастырылған. Ол жойылған ЦБ-ні ешқандай кедергісіз қосуға мүмкіндік береді.
Көп бөлігі ВОЛС-тан тұратын барлық негізгі станциялар SDH транспорттық ортамен қамтылған, ал қаланың ірі АТС-тері арасында қосымша талшықты-оптикалық кабельдер жалғанған. Желінің осындай құрылуы келесі ұрпақ желісінің ары қарай құрылуы бойынша тапсырманы жеңілдетеді. 2005 жылы іске қосылған IP/MPLS желісін, яғни кабельдің қара талшықтарын қолдану жолымен NGN желісінің негізін де кеңейтуге және жаңартуға мүмкіндік беретін, барлық ВОЛС 20 талшықты оптикалық кабельді қолданумен құрылған. SDH желісі STM-16 және STM-4 форматты екі негізгі сақинадан, және STM-1 форматты кішкентай сақиналардан тұратын болады. Сондай құрылым болашақта NGN желісінің әрбір бағытта (географиялық) қала ВОЛС-тың әрбір нүктесінде дамуына көмектеседі.
Келесі ұрпақтың желісі Екібастұз қаласының АТС-34 орнатылған SoftSwitch сыртқы бағдарламалық коммутатормен басқарылады. WiMAX жүйесінің жалпы қолданыстағы бар желімен (ТфОП) қосылу үшін АТС-34-те TMG транспорттық медиа шлюзі қарастырылған.
Желінің жалпы орнатылған сыйымдылығы - 133395 номер оның ішінде іске қосылғаны - 125367 номер, бар сыйымдылықтың іске қосылуының 94% құрайды, іске қосылмаған - 8028 номер, 100 тұрғынға телефондардың тығыздығы – 27,93 құрайды. Екібастұз қаласы Қазақстанның орталық өңіріндегі өндірісі дамыған, коммуникациясы қолайлы, 160 мың тұрғын тұратын ең ірі қала. Қала көмір орталығы ретінде және қазіргі құрылыс индустриясының тау көлікқұрылысының қаласы ретінде танымал.
Жыл сайын қалада істің сәтті жүруінің шарты ретінде көрсетілетін қызметтің кең спектріндегі сапалы байланысы қажетті коммерциялық структуралардың саны өсіп келеді. Одан басқа, қоғамның белсенді компьютеризациялануы және ақпараттық технологиялардың дамуының бастауымен бірге телекоммуникация желілері бойынша таралатын тілдік емес ақпараттың көлемі кенет өсе бастады.
Екібастұз қаласы кең спектрдегі телекоммуникациялық қызметтерді қажет етеді, мысалы: қазіргі цифрлік жергілікті қызметтер, халықаралық телефондық байланыс, ұялы, пейджингті-цифрлік және спутниктік байланыс және жер шарының әрбір нүктесінен оперативті хабарлама мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Телекоммуникация қызметтерін АҚ «Қазақтелеком» филиалы, және де «Қазақтелеком» АҚ-ға бәсекелестік ететін басқа да операторлар тізімі көрсетеді. Электрбайланыс қызметтерінің бәсекелестік нарығы жағдайында қолданушы операторды қызметтің сапасын және бағасын бағалай отырып таңдай алады.