Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алибеков.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.04 Mб
Скачать

Тарау 5 облигатты жасуша ішілік паразиттер

Кіріспе. Облигатты жасуша ішілік паразиттерге барлық вирустар мен қайсы-бір бактериялар (Chlamydiales және Rickettsiales реттіліктерінің өкілдері) және де патогенді қарапаймдылардың бірқатар түрлері (Toxoplasma, Plasmodium т.б.) жатады. Вирустар өз алдына Vira патшалығына бөлінген. Вирустарда жасушалық құрылым, меншікті метаболизм болмайды, нуклейн қышқылының бір ғана типі ДНҚ немесе РНҚ болады. Бинарлы бөліну арқылы көбеймейді және бейорганикалық заттар түрінде кристалдана алады. Олар бытыраңқы түрде көбейетін облигатты жасушаішілік паразит болып табылады. Вирустың жасушадан тыс өмірсуруші формасы "вирион" деп аталады. Жасушалық құрылымы бар микроорганизмдермен салыстырғанда вирустар өлі мен тірі материя арасынан орын алады. Вирустарды мынадай белгілері бойнша жіктейді:

▪ вирустық нуклеин қышықылының типі бойынша – ДНҚ-ды және РНҚ-ды.

▪ капсидтерінің симметрия типі бойынша – изометриялық (кубтық), спиральдік немесе аралас.

▪ суперкапсидінің болу-болмауы бойынша – қарапайым немесе күрделі.

▪ иелік типі бойынша – адам мен жануарлар, өсімдіктер, бактериялар (бактериофагтар) вирустары.

Тақырып 5.1. ВИРУСТАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ.

ВИРУСОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Кіріспе. Вирион жүрекшеден (жүрекше ақуыздары кешеніндегі нуклеин қышқылы) мен қабықшадан (капсидтерден) тұрады. Вириондардың өлшемдері 15-20 нм (0,015-0,002 мкм)-ден 300-500 нм (0,3-05,мкм) аралығында болады.

Вириондар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапаймдылары тек капсидпен қамтамасыз етілген. Қарапайым құрылымды вирустардың пішіні оның капсидінің симметрия типімен анықталады: изометриялы немесе спиральді. Капсид симметриясы изомертриялы типтегі вирустар капсидтерінің жекеленген морфологиялық субірліктері (капсомерлері) көпқырлы симметрияның, мысалы икосаэдрдің (он екі қырлық) біліктерінде орналасады. Мұндайда вирион сфералы пішінге ие болады. Спиральді симметриялы типтегі вирустарда капсомерлер нуклеин қышқылының айналасындағы спираль бойымен орналасқан. Мұнда вирион таяқша тәрізді пішінге ие болады

Күрделі вириондарда капсидтің сыртынан қаптап тұратын қосымша сыртқы қабықша – суперкапсид болады. Суперкапсид қожайн жасушасының модификацияланған мембранасы (цитоплазмалық, ядролық тб.) ретінде болады. Күрделі вирустардың пішіндері, әдетте, сфералыққа жақын, оларға плеоморфизм тән. № 5.1.1. суретте вирустардың пішіні мен құрылымы бойынша жасалған класификациясы берілеген.

Бактериялардың вирустары (бактериофагтар) сперматозойд немесе жіпше тәрізді пішінге ие. Сперматозойдты пішінді бактериофагтар ішінде нуклеин қышқылы бар бастан және өсіндіден тұрады. Фагтар басының капсиді симметрияның изометриялық типі бойынша, өсіндісі спиральді типі бойынша орналасқан. Кейбір фагтарда өсінді өте қысқа болуы немесе мүлдем болмауы мүмкін.

Вирустардың морфологиясын электронды микроскоппен пайымдайды. Сканирлеуші электронды микроскопия әдісі вирустық бөлшектердің беткейлік сипаты мен пішінін зерттеуге мүмкіндік береді. Вирустардың ультрақұрылымын зерттеуде жарық өткізуші электронды микроскопия қолданылады.

Сурет 5.1.1.