Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникаға кириспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать

Бiр медбикеге

  1. Науқастың иығы мен басын көтеру, отыруына көмектесу (қажет болса отырған күйiнде ұстау)

Екiншi медбикеге:

  1. Көйлектi арқасы жағынан жиырып, басынан өткiзiп шешу (егер науқас қолын көтере алмаса).

  2. Көйлек жеңiн алдымен сау қолынан, содан кейiн зақымдалған қолдан шешу.

  3. Кiр көйлектi кiр киiмге арналған қапқа салу.

  4. Таза көйлектi алдымен зақымдалған қолына, содан кейiн сау қолына кигiзу.

  5. Науқастың басын еңкейтiп, көйлектi кию.

Төмендегi киiмдi ауыстыру (шалбарды)

  1. Науқасты сау қолымен белдiкті және түймелердi ағытуды өтiну (егер науқас өзi iстей алса) немесе өзiңiз ағытыңыз.

  2. Арқасымен жатқан науқасты жамбасын көтерудi өтiну немесе науқасты бүйiрiмен жатқызу.

  3. Бос жағынан шалбарды түсiру.

  4. Науқасты басқа бүйiрiне жатқызып, шалбарды төмен түсiру.

  5. Науқасты арқасына жатқызу

  6. Науқастың шалбар киюiне болысу: науқасты бүйiрiне жатқызу, шалбарды бiр санына және бiр бөксесiне кидiрiп басқа саны мен бөксесiне кигiзу.

  7. Науқасты арқасымен жайлы жатқызу, жайалықты алу.

Шараның аяқталуы

1 Перчаткаларды шешiп, оларды дезинфекциялау үшiн ыдысқа салу; қолды жуып кептiру.

  1. Науқастың жайлы жатқанын тексеру.

Науқастарды күту: ДӘРЕТ АЛУЫНА КӨМЕКТЕСУ

Дәретқабылдағышты (судно) қою

Жабдықтану: судно, ''судноға арналған’’ және ‘’астына жаятын клеенка’’ белгiлерi бар екi клеенка, ширма, әжетхана қағазы, 2 жұп перчаткалар, ыдыстардағы регламенттегi дезинфекциялық ертiндi, ыдыстардың ‘перчаткалар дезинфекциясы үшiн’, ‘клеенка дезинфекциясы үшiн’, ‘судно дезинфекциясы үшiн’ деген белгiлерi бар.

Шараны орындау

  1. Науқастың сұрауы бойынша төсекте жайлы жатуын қамтамасыз ету.

  2. Клеенкамен жайалықты науқас жамбасы астына жаю.

  3. Судноны жылы сумен жуып, iшiнде аз мөлшерде су қалдыру.

  4. Науқасты пердемен қалқаландыру

  5. Перчатка кию.

  6. Судноны жамбас астына клеенкаға қою (жайалықты шапаралығына жымсыту)

  7. Судномен жанасатын терi құрғақ болу керек

  8. Перчаткаларды шешiп, дезерітiндiге тастау.

  9. Баланс әдiстерi жайлы науқаспен сұқпаттасу.

  10. Төсектi жөндеп, науқасты көрпемен жабу.

  11. Науқас шақырған кезде бару.

  12. Перчатка кию.

  13. Судноны алып, клеенкамен бетiн жабу, арнайы бөлiнген жерге қою (төсек маңына)

  14. Клеенкамен жайалықты алып, төсек орынды жаю.

  15. Науқасты жайлы жатқызып, көрпемен жабу.

  16. Клеенкамен судноны шығару, суднодағыны канализацияға төгiп, iшiн шайып, дезертiндiге батыру (бөлек ыдыстарға)

  17. Перчаткаларды шешiп, дезерітiндiге тастау.

  18. Науқастың қолын жуып, кептiру.

  19. Медбике қолын жуып, кептiру.

Судно дезинфекциясы:

Терапия – 3% шық хлорлы iзбесi –1сағат

Толық батыру, шаю, құрғақ күйде сақтау.

Науқастың терiсiнің күтiмi және ылғалды сүртiну

Мақсаты: Терi тазалығын, қалыпты қызметiн сақтау.

Жабдықтану: клеенка, жайалық, бүйрек тәрiздi лоток, жылы су, 6% ас сiрке қышқылы немесе спиртi, үлкен салфетка немесе орамал, ауыстырылатын iш-киiм және төсек орын, қайшы, перчаткалар.

Кезеңдер

Ескерту

Шараға дайындық

1 Күнделiктi таңертеңгiлiк және кешкi тазалықты жүргiзу.

Тамақ алдында және әжетханадан кейiн жуыну, дәрет алу, қол жуу.

2 Баздану (опрелость) пайда болған жерлерді күнделiктi жуып, құрғату.

Базданушылық пайда болатын жерлерге жатады: қолтық асты және шап аймақтары, омырау астындағы терi қатпарлары, семiз адамдарда iште және басқа қатпарлар.

3 Жұмасына 1 реттен кем емес ванна немесе душ алу (толық жуыну).

Егер науқас қозғалыссыз жатса немесе қарсы көрсеткiштер болса, ылғалдап сүрту қажет.

4 Науқастың астына клеенкамен жайалықты ылғалды сүртiну үшiн жаю.

5 Лотокқа жылы су құю

1литр суға бiр ас қасық сiрке қышқылын немесе спирттi қосу.

Шараны орындау

1 Науқас денесiнiң жоғары бөлiгiн жалаңаштандыру.

2 Ылғалды салфетканы немесе орамалды аздап сығу.

3 Науқасты келесi кезектiлiкте сүрту: бетiн, мойнын, қолын, арқасын, кеудесiн.

4 Орамалдың құрғақ шетiмен айтылған кезектiлiктегiдей денесiн сүрту, жайалықпен жабу.

5 Осылайша iшiн, санын, аяғын сүрту.

Шараның аяқталуы

1 Iш киiмiн және төсек орнын ауыстыру

Кiрлесе

2 Науқастың жайлы жатқанын тексеру

3 Қолданған заттарды дезинфекциялау.

Қолданылатын бұйрыққа сәйкес.

Ауыр науқастың дәретiн алғаннан кейін астын жуу

Мақсаты: Науқастың жеке тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының жоғары өрмелеген инфекциясының алдын-алу.

Жабдықтану: стерильдi лоток, корнцанг, салфеткалар, клеенка, жайалық, сабын, судно, суы бар Эсмарх тостағаны (су температурасы 35-38С), перчаткалар

Әйел адамның дәретін алғаннан кейін астын жуу

Кезеңдер

Ескерту

Шараға дайындық

1 Науқаспен конфиденциальды, жақсы қарым-қатынас орнату.

Егер науқас шараны өзi орындай алатын жағдайда болса, өзiн жалғыз қалдыру.

2 Клеенка мен жайалықты науқастың жамбас астына жаю, судноны клеенкаға оның құйымшағы астына қою.

Жайалықты оның бiр шетi кеудеге, екiншi шетi денесiн жабатындай етiп жаю.

3 Аяқтарын тiзе буынында бүгу және бүйiр жақтарға керу

4 Науқастың оң жағынан тұру

Кiр сабынды ұнтақтап, суды көптiру

5 Сабынды ертiндiнi дайындау.

6 Эсмарх тостағаның резина түтiгiн сол қолға, ал сабынды ерiтiндiге матырылған марля салфеткасы мен корнцангты оң қолға алу.

Шараны орындау

1 Сыртқы жыныс мүшелерiн және шапаралықты келесi кезектiлiкте жуу; шап аймағы, сыртқы жыныс мүшелерi, шапаралықты, анус тесiгi аймағы.

Салфеткаларды әр аймақтарды жуып отырғанда ауыстырып отыру керек. Қайталап жууға салфетканы қолдануға болмайды. Қолданылған салфеткаларды дезинфекция үшiн лотокқа лақтыру.

2 Бiр қолмен жыныс ерiндерiн ашу және бiр жыныс ернін жуу, салфетканы ауыстыру.

3 Шапаралықты шаптан анус тесiгi бағытында жуу.

4 Науқастың шапаралығын жуғандағы кезектiлiктегі сияқты шаю.

Айтылған кезектiлiкте және бағытта сияқты терiнi құрғатып сүрту, салфеткаларды ауыстырып отыру.

5 Науқастың шапаралығын және анус тесiгi аймағын жуу, шаю және құрғату.

Ер адамның дәретiн алғаннан кейін астын жуу

Кезеңдер

Ескерту

Шараға дайындық әйелдердегiдей

Шараны орындау

1 Бiр қолмен жыныс мүшесiн алып, шеткi мүшесiн тарту.

Егер адам сүндетке отырғызылмаса

2 Жыныс мүшесiнiң басын шеңбер бойы қозғалысымен зәр шығару каналынан шап аймағы бағытында жуу, құрғату

Салфеткаларды әйелдерде сияқты ауыстыру. Салфеткалар орына мақта тампондарын қолданған ыңғайлы

3 Шеткi мүшенi табиғи жағдайға қайтару.

4 Жыныс мүшенiң қалған бөлiгiн, ұма, анус тесiктiң терiсiн құрғату.

Анус тесiгi аймағын жуу науқас сол жай бүйiрде тiзесiн бүгiп жатқанда ыңғайлы.

Шараның аяқталуы әйелдерде сияқты

Ауыр науқастарды күту