Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникаға кириспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать

Гигиеналық ванна

Мақсаты: Ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу.

Жабдықтану: су термометрi, қайшы, орамал, сабын және жеке жөке, таза iш-киiм мен төсек орны, клеенкалы алжапқыш.

Қажеттi шарт: жел соғуды (сквозняк) болдырмау, ванна бөлмесiнде ауа температурасы 25С-дан төмен болмау керек, еденде резиналы кiлемше болу керек, су температурасы 35-370С –ден төмен болмау керек.

Шараға дайындық:

  1. науқасқа жасалатын шараның орындалу барысын түсiндiрiп, рұқсат алу

  2. ваннаны ортасына дейiн сумен толтыру, температура 35-37С тең болу керек.

  3. науқасқа болуы мүмкiн жаман сезiнулер жайлы айту (жүрек қағу, ентiгу және т.б) және ол жайлы медбикеге хабарлау.

  4. науқасты шынтағынан ұстап ваннаға отырғызу, аяқтары тақтайшаға тiрелу керек, ал су деңгейi төстiң семсер тәрiздi өсiндiсiне дейiн болу керек.

  5. жағдайы келсе науқас өзi жуынады.

Шараны орындау:

  • алжапқыш кию.

  • келесi кезектiлiкте науқасты жуу (жағдайы келсе өзi жуынады): бас, тұлға, қолдар, аяқтар, шап аймағы, шапаралығы. Жеке жөке және душ қолдану.

  • науқастың ваннадан шығуына көмектесу

  • науқастың қолдарындағы, аяқтарындағы тырнақтарды қию

  • науқастың тарануына, киiм мен аяқ-киiм киюiне болысу.

  • науқасқа таза iш-киiм кигiзу

  • қолданылған заттарды, ваннаны дезинфекциялау.

Ескерту: ванна алу ұзақтығы – 25минуттан аспау керек.

Гигиеналық душ

Мақсаты: ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу.

Жабдықтану: су термометрi, қайшы, орамал, жеке сабын және жөке, таза iш-киiм және төсек орын, клеенкалы алжапқыш, жаялық.

Қажеттi шарт: жел соғуы (сквозняк) болмауы керек, еденде резина кiлемшесi, су температурасы 35-37С.

Шараға дайындық:

  1. науқасқа жасалатын шараның орындалу барысын түсiндiрiп, рұқсат алу.

  2. ваннаның iшiне орындық қойып науқасты отырғызу.

  3. науқастың ваннаға кiруге көмектесу, шынтағынан ұстап орындыққа отырғызу.

  4. науқасты жуынуға ынталандыру. Қажет жағдайда көмек көрсету.

Шараны орындау:

  • алжапқышты киiп, науқастың басын жуу:

  • жайалықпен бiрнеше рет науқастың көзiн жабуға өтiну;

  • душтағы сумен шашын суландыру;

  • науқастың шашына шампуньдi аздап құю;

  • басын екi қолмен жуу

  • сабынды көпiрген сумен шаю;

  • науқастың шашын сүрту.

  • қажет болса науқасқа денесiн гигиеналық ванна қабылдаған кезекте сияқты жууға көмектесу.

  • науқастың орындықтан тұруына көмектесу.

Шараның аяқталуы:

  1. науқастың ваннадан шығуына көмектесу;

  2. дененi сондай кезектiлiкте сүрту;

  3. науқастың тарануына, киiм мен аяқ-киiм киюiне болысу;

  4. науқастың қолдарындағы, аяқтарындағы тырнақтарды қию.

  5. науқастың iш-киiмі мен сырт киiмiн киюiне көмектесу

  6. алжапқышты шешiп, оны су өтпейтiн қапқа салу, қолды жуып кептiру.

  7. орындалған шара және науқас реакциясы жайлы жазу.

Медициналық құжаттардың негiзгi түрлерi:

  1. Амбулаторлы науқастың медициналық картасы (ф-025-У)

  2. Аурухана науқасының медициналық картасы (ф-005-У)

  3. Диспансерлi бақылаудың тексеру картасы (ф-030-У);

  4. Дәрiгердiң қабылдауына берiлетiн талон (ф-025-4У);

  5. Нақтылы диагноздарды тiркеуге арналған статистикалық талон (ф-025-2У);

  6. Стационардан шыққан статистикалық картасы (Ф-066-У);

  7. Төсекте жатқан науқастарды тiркеу кiтабы (Ф-001-У);

  8. Дәрiгер жұмысының күнделiгi (Ф-039-У);

  9. Медбике жұмысының күнделігі (ф-016-У);

  10. Инфекциялық ауру, тағаммен улану, және тағаммен жіті улану жайлы жедел хабарлама (Ф-05-У).

НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ

Ауыр науқасты қарау кезінде мейірбикеге науқастың қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұл науқасты төсекпен, каталкамен, кресло-каталкамен, зембілмен тасымалдау, ал тасымалдау құралдары жоқ жағдайда науқасты бір, екі не үш медициналық жұмыскерлердің көмегімен қолмен көтеріп тасымалдау.

Тасымалдаудың түрін науқастың жағдайына қарай дәрігер анықтайды. Зембілмен тасымалдау кезінде науқастың қауіпсіздігі жайлы естен шығармау және кейбір ережелерді сақтау керек:

  • Науқас болатын жайттың барлығынан хабардар болуы керек;

  • Науқасты құлатып алмастай көлденең күйде ұстап тұрып носилканы абайлап көтеріп қою керек;

  • Науқастың басын алдыға ұстап носилканы теңселтпей қысқа (адыммен) жүру керек;

  • Артта келе жатқан адам науқастың жағдайын бақылап оның жай-күйі жайлы сұрастыруы керек;

  • Сатымен жоғары зембілді бас жағымен алға қарай, төменгі жағын көтере, көлденең қалыпта ұстай отырып шығару керек;

  • Сатымен төмен түсіргенде – аяғымен төмен қарай, зембілдің аяқ жағын көтере отырып тасымалдау керек;

  • Егер медперсоналдың қайсібірі шаршаса, онда ол туралы басқа мейірбикелерге дереу хабарлауы керек, тоқтап жерге зембілді қояды, әйтпесе қолдың шаршаған саусақтары босаңсып зеңбіл құлауы мүмкін.

Каталкамен тасымалдау, тасымалдаудың ыңғайлырақ түрі болып табылады. Науқасты каталкаға ауруының және зақымдануының сипатына қарай ыңғайлылап жатқызады. Бұлай жатқызу дене бұлшықеттерінің толық босаңсуына науқастан қосымша күш талап етпей-ақ мүмкіндік береді және тасымалдауға ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Кресло-каталканы да қолдануға болады. Қауіпсіздік мақсатында науқасқа кресло-каталкаға қалай дұрыс отыру керектігін түсіндіру керек:

  • Кіші мейірбике аяқ тұғырына аяғымен басып кресло-каталканы алдына еңкейтеді;

  • Науқасты аяқ тұғырына тұруға сұраңыз, содан соң науқасты сүйеп креслоға отырғызыңыз;

  • Кресло-каталканы негізгі орынына келтіріңіз;

  • Кресло-каталканың арқасының сыртындағы рамкалардың көмегімен науқасқа қажетті жағдайды (отыру немесе жартылай жату) орнату керек;

  • Тасымалдау кезінде науқастың қолының кресло-каталканың сыртына шығып кетпеуін қадағалаңыз;

  • Науқастың палатадағы төсекке отыруына көмектесіңіз;

  • Кресло-каталканы дезинфицирлеңіз.

Каталкалар және зембілдер сырты клеенкамен қапталған және шытпен тысталған матрацтармен жабдықталуы керек, басына жастық қойылады. Науқасты жыл мезгілдеріне қарай (суық уақытта – көрпемен, жылы уақытта – шытпен) жабу керек.

Науқасты тасымалдаудың ерекшеліктері аурудың түріне және оны жоюдың сипатына байланысты болады.

Мысалы, миына қан кеткен науқастарды зембілге арқасымен жатқызып салып тасымалдайды. Ессіз жатқан науқасты тасымалдағанда, құсқан кездегі құсығы тыныс алу жолдарына түспес үшін оны жанымен жатқызады.

Жүрек қан-тамырлар жетіспеушілігі бар науқастарды қатты ентігуіне байланысты жартылай отырғызып тасымалдайды. Жедел миакард инфаркты бар науқастарды абайлап еппен тасымалдау қажет. Т.с.с.

Ауыр науқастарды каталкадан төсекке тасымалдауды білу қажет. Каталканы төсектің жанына науқасты ыңғайсыз және қажетсіз қозғалыстар арқылы мазаламайтындай етіп қалай дұрыс қою керектігін алдын-ала ойластыру қажет.

Каталканы төсекке каталканың басы төсектің аяғына сәйкес келетіндей етіп параллель орналастырады (схема №1); медперсонал науқасқа қарап зембіл мен төсектің арасына тұрады, екеулеп немесе үшеулеп науқасты көтереді және 1800-қа бұрылып оны төсекке жатқызады.