
- •Емдеу–профилактикалық мекемелердің түрлері және ондағы медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы
- •4. Жұмыс орнында рұқсат етілмейді:
- •Санитарлы–эпидемияға қарсы тәртіппен қамтамасыз ету. Дезинфекция туралы түсінік, дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.
- •Процедураның аяқталуы
- •Гигиеналық ванна
- •Гигиеналық душ
- •Науқасты ауыстырғандағы носилкалар мен төсектердің орналасуы
- •Ауыр жарақат алған адамды қалай тасымалдауға болады
- •Шараның аяқталуы
- •Шараны орындау
- •Көйлектi ауыстыру
- •Шараға дайындық
- •Бiр медбикеге
- •Науқас адамды қалай күтуге болады
- •Науқас адамды күту оны емдеудің аса маңызды бөлігі болып табылады.
- •Науқас адамға тыныштық қажет
- •3. Жеке гигиена
- •Қанжылым су
- •Өте ауыр науқасқа айрықша күтім қажет
- •3. Тазалық
- •4. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту
- •5. Өзгерістерді қадағалау
- •Науқасты асқазанға мұрын немесе ауыз жолы арқылы өткізілген зонд көмегімен тамақтандыру
- •Науқасты зонд көмегі арқылы асқазанға енгізілген гастростоманың (түтіктің) көмегімен тамақтандыру
- •Мазмұны:
Процедураның аяқталуы
Салфетка қолданып кранды жабу (шынтақ кранды шынтақ қозғалысымен жабу)
Қолды құрғақ, таза орамалмен немесе кептiргiшпен кептiру.
Қол өңдеудiң гигиеналық деңгейi
Қол өңдеудiң нәтижелi әдiсi – гигиеналық әдiс
Мақсаты: Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын қамтамасыз ету.
Көрсеткiштер:
перчатка кию алдында және шешкеннен кейiн.
биологиялық сұйықтықтармен және ағзамен қатынаста болғаннан кейiн микробпен залалдану мүмкiндiгi болғаннан кейiн, иммунитетi әлсiреген науқасты күтудiң алдында
Жабдықтану: кiр сабын, секундті тiлi бар сағат, жылы ағынды су, стерильдi пинцет, мақта шариктерi, салфеткалар. Дезертiндiсi бар сауыт.
Қажеттi шарт: қолда зақымдалған терi болмау керек.
Кезеңдер |
Ескертулер |
Шараға дайындық |
|
1.Қол саусақтарынан сақиналарды шешу. Қолдың керектi бетiн өңдеуге дайындау |
|
2.Бiлектiң 2/3-не дейiн халат жеңiн қайыру, сағатты шешу |
Медбикенiң инфекционды қауіпсіздiгiн қамтамасыз ету. |
3.Кранды ашу |
Ағынды су қолданылады. |
Кезеңдер |
Ескерту |
Шараны орындау |
|
1. 10секунд iшiнде бiлектiң 2/3-не дейiн қолды сабындап ағынды сумен жуу, фалангалар мен саусақаралық кеңiстiктерге көңiл аудару қажет. |
Қолсаусақтарының максимальды деконтаминациясын қамтамасыз ету, тазадан кiрге жүру принципiн сақтау. |
2. Сабынды көпiрменi кетiру үшiн қолды ағынды сумен шаю қажет |
|
3. Әрбiр қолды жууды 5-6рет қайталау |
|
Шараны аяқтау |
|
1.салфеткамен қолды кептiру |
инфекционды қауіпсіздiктi қамтамасыз ету. |
2. салфетканы дезертiндiсi бар сауытқа тастау. |
|
3. стерильдi салфетканы қолданып кранды жабу. |
|
Ескерту: Егер қолды гигиеналық өңдеуге жағдайлар болмаса, онда қолды 2 минут iшiнде 3-5 мл антисептик көмегiмен өңдеуге болады.
Қолды хирургиялық деңгейде өңдеу
Хлоргексидин биглюконатының 0,5%-ттi спирт ерiтiндiсiмен қолды өңдеу әдiсi
Мақсаты: Медбике қолының стерильдiгiне жету.
Көрсеткiштер:
стерильдi столды дайындау қажеттiлiгi;
операцияға, пункцияға қатысу;
босандыруға қатысу
Қарсы көрсеткiштер:
қолда және денеде iрiңшелердiң болуы.
терiнiң жарылуы және жарақаттардың болуы.
терi аурулары
Жабдықтану:
бiр ретке қолданатын кiр сабын.
1 минут, 3 минуттық құм-сағат.
20-30мл хлоргексин биглюканатының 0,5%-ттi спирттi ертiндiсi;
корнцанг бар стерильдi лоток;
стерильдi столды жабуға арналған төсеніші бар стерильдi бикс.
Қажеттi шарт: жұмыс қатаң және ерекше стерильдi аймақтарда жүзеге асырылады. Процедура бикстегi стерильдi жабдықтарды берiп тұратын көмекшi көмегiмен іске асырылады. Асептика ережелерi сақталу қажет.
Кезеңдер |
|
1.Қолды қарапайым әдiспен жуу
|
Инфекционды қауіпсіздiктi қамтамасыз ету |
2.Таза киiмi бар стерильдi бикстi қою, оны орнату, түрiне қарап маркировін және стерильдiгiн тексеру |
Инфекционды бақылауды қамтамасыз ету |
3.Басқыш немесе көмекшi көмегiмен бикстi ашу |
Инфекционды қауіпсіздiгiн сақтау. |
4.Стерильдiлiк индикаторларын шығару, олардың жағдайын бағалау |
стерилизация сапалығын бақылау. |
5. Корнцанг көмегiмен бикстен реттiлiкпен бас орамалын, масканы шығару, оларды кию. |
стерильдiктi сақтау |
6. Корнцангты лотокқа салу |
Инфекционды қауіпсіздiктi қамтамасыз ету |
Шараны орындау |
|
Шынтақ бүгiндiсiне дейiн қолды сабынмен жуу |
Қол өңдеудiң гигиеналық деңгейi жүзеге асырылады. |
1 минут iшiнде фалангалар мен саусақаралық кеңiстiктерді сабындау |
құм-сағатқа қарап отыру. |
2. сабынды кетiру үшiн тырнақ фалангаларынан шынтақ бүгiндiсiне дейiн қолды ағынды сумен шаю |
|
3.стерильдi орамалмен қолды кептiру. |
|
4.хлоргексидиннiң 0,5%-ттi спирттi ертiндiсiне матырылған стерильдi салфеткамен тырнақ фалангаларынан шынтақ бүгiндiсiне дейiн әрбiр қолды өңдеу. |
қолды өңдеудiң хирургиялық деңгейi жүзеге асырылады. Сағатқа қарап отыру. |
Шараның аяқталуы |
|
1. стерильдi киiмдi, перчатканы кию. |
Асептиканы сақтау |
Стерильдi перчатканы кию ережелерi:
Стерильдi перчаткасы бар пакеттi алу, оны ашу.
Перчатканың iшкi бетiне қолды тигiзбейтiндей етіп, оң қолдың перчаткасының терiс аударылған шетiн алу.
Оң қолдың саусақтарын жұму, оларды перчаткаға енгiзу.
Оң қолдың саусақтарын жазбай перчатканы кию.
Перчатканың iшкi бетiне қолды тигiзбейтiндей оң қолдың екiншi, үшiншi, төртiншi саусақтарымен сол қолдың перчаткасының терiс аударылған шетiн алу.
Сол қолдың саусақтарын жұму, оларды перчаткаға енгiзу.
Одан кейiн оң перчатканың аударылған шетiн халат жеңiне тартып кигізу.
Стерильдi перчатка шешудiң ережелерi:
Перчаткадағы оң қолдың саусақтарымен сол жақ перчатканың аудармасын оның сырт бетiне тигiзбей тарту.
Перчаткадағы сол қолдың саусақтарымен оң жақ перчатканың аудармасын оның сырт бетiне тигiзбей тартып аудару.
Сол жақ қолдың перчаткасын терiс аударып шешу және оны шетiне оң қолмен ұстау.
Сол қолмен оң қол перчаткасының iшкi бетiнiң шетiнен алу, сол қол перчаткасын терiс аударып шешу (сол перчатка оң перчатканың iшiнде қалады)
Екi перчатканы дезертiндiсi бар сауытқа салу.
Ескерту: Бiр рет қолданатын перчаткалар дезинфекциядан кейiн жойылуы қажет, ал көп рет қолданылатын перчаткалар медициналық бұйымдар сияқты өңделедi.
Қорытынды бiлiм деңгейiн, практикалық дағдылануларды бақылау; тесттер.
Дезинфекция бұл-адамды қоршаған ортада патогендi және шартты патогендi микроағзаларды жою. Дезинфекция кезiнде микроағзалардың тек вегетативті түрлерi өледi.
Микроағзаларды физикалық факторлар және химиялық заттар әсер ету арқылы жоюға болады. Микроағзалардың жойылуы дезинфицирлеушi заттардың әсер ету ұзақтығы (экспозиция) мен интенсивтiлiгiне (концентрация) байланысты болады.
Стерилизация барлық микроағзалардың вегетирлеушi түрлерiмен қоса олардың спораларын да жою. Соңғысы қоршаған ортаның әсерiне аса тұрақты.
Дезинфекция түрлерi.
Профилактикалық және ошақты дезинфекцияны ажыратады.
Профилактикалық дезинфекция ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу мақсатымен жүргiзiледi.
Ошақты дезинфекция күнделiктi ошақты дезинфекцияға және ошақты қорытынды дезинфекцияға бөлiнедi. Ошақты күнделiктi дезинфекция инфекция ошағында, инфекционды науқастың төсек маңында көп рет жүргiзiледi. Ошақты қорытынды дезинфекция инфекционды ошақтағы ауру қоздырғышын толық тазалау мақсатымен бiр рет науқасты жекелегеннен кейiн, инфекционды бөлмеге госпитализацияланғаннан кейiн, сауығуы немесе өлiмiнен кейiн жүргiзiледi. ЕАМ-де дезинфекциялық шараларды негiзiнен орташа медициналық персонал жасайды. Олар келесi нұсқау-әдiстемелiк құжаттармен қолдану қажет, инфекционды аурулардың жеке түрлерiндегi дезинфекциялық шаралар жүргiзудiң әдiстемелiк нұсқаулары, нақтылы заттар және дезинфекция әдiстерiн қолдану бойынша әдiстемелiк нұсқаулар.
Дезинфекция әдiстерi:
Механикалық, физикалық және аралас дезинфекция әдiстерiн ажыратады.
Дезинфекцияның механикалық әдiстерi, оған жататындар:
Бөлме iшiндегi жиһазды жуу.
Киiмдi, төсек орынды, төсек заттарын қағу.
Шаңсорғыш көмегiмен бөлмелердi шаңнан тазарту, бөлмелердi сылау және бояу.
Қол жуу.
Дезинфекцияның физикалық (термиялық) әдiстерi. Дезинфекцияның физикалық әдiсiне келесi әдiстер жатады:
Күн сәулесiн қолдану.
Бөлмедегi ауаны және бөлменi ультракүлгiнмен сәулелендiру.
Ыстық үтiкпен үтiктеу, күйдiру, қыздыру.
Бағалы емес заттарды, қоқысты өртеу.
Қайнаған сумен өңдеу немесе қайнату.
Пастеризация.
Гиндализация (600С-да 6-7 тәулiк iшiнде бөлшектеп пастеризациялау, экспозиция-1 сағат).
30 минут дистилденген суда қайнату, жеке ыдыстарды органикалық кiрден тазартады, эпидемияға қарсы қорғау шараларын сақтап шаяды, шайынды суды дезинфекциялап канализацияға төгедi. Қайнау уақытын су қайнап бара жатқан уақыттан бастап есептейдi.
Дезинфекцияның ауалы әдiсi (ораусыз, құрғақ-ыстық шкафында t0-1200С, экспозиция берiлген температураға жеткеннен кейiн 45 минут) қолданылады, егер бұйымдар шыныдан, металдан, резинадан, латекстан, термотұрақты полимерлi металдан жасалған болса және олар органикалық зақымданбаса.
Булап қолданылатын әдiстi айтылған бұйымдарды алдын-ала тазартусыз жүргiзедi. Дезинфицирлеушi агент: 0,5 атм.-ден жоғары қысымды су буы. Дезинфекция режимi температура-1100С, экспозиция-20 минут, стерилизацияланған бикс-коробкаларда, дезкамераларда, автоклавта сирек қолданылады.
Физикалық әдiс-персонал үшiн ең қауiпсiз және қолайлы әдiс. Егер жабдықтар, бұйымдар номенклатурасы сияқты жағдайлар болса, бұл әдiстi қолданған жөн.
Дезинфекцияның химиялық әдiсi.
ЕАМ-де толық батыру әдiсiмен дезинфекциялаудың химиялық әдiсi кең қолданылады. Науқастар мен жанаспайтын бұйымдарды және олардың бөлшектерiн дезинфекциялық ерiтiндiге батырылған марлядан дайындалған салфеткамен екi рет сүртедi.
Дезинфекцияға қолдануға болмайды: сайдекс, формамен, глутарал, бианол, дезоксон-1 және басқаларды, себебi олардың адам ағзасына көрсететiн токсикалық әсерi жоғары.
Дезинфекцияның химиялық әдiстерiне жатады:
Шаю (орошение).
Сүрту.
Толығымен батыру.
Себу (распыление).
Дезинфекцияның комбинирленген әдiстерi: комбинирленген әдiсте дезинфекция арнайы дезинфекциялық камераларда жүргiзiледi.
Бу-ауалы әдiс ылғалданған ауамен, t-1100С температурасында, 0,5 атм. қысымда, 20 минуттық экспозицияда жүргiзiледi.
Бу-формалиндi әдiс: 0,5 атм. режимда, t-900С, экспозиция 30 минут.
Камералы дезинфекцияның негiзiнде камерадағы заттарды аса жоғары қысымда және белгiлi температурадағы ыстық ауамен қыздыру жатады. Егер бу әсерiнен күшейту үшiн камераға формальдегидтi (формалин) қосымша енгiзедi.
Негiзгi дезинфекциялық заттардың сипаттамасы. Негiзгi дезинфекциялық заттарға құрамында хлоры бар, оттегiсi бар заттар, беткей-белсендi заттар, гуанидтер, құрамында альдегид, фенолы бар заттар, спирттер жатады.
Хлорлы iзбестің ақ түстi ұнтағы, реакциясы сiлтiлi, өткiр тiтiркендiретiн иiсi бар. Хлорлы iзбестiң сапасы белсендi хлор бойынша 25% мөлшердегi белсендi хлордың (С1) болуымен байланысты. Хлордың белсендiлiгi 15% дейiн төмендегенде хлорлы iзбес қолдануға жарамсыз. 0,5-10% ерiтiндiсi және құрғақ түрiнде суды, ыдыстарды, бөлмелердi, науқастың бөлiнiстерiн, әжетханаларды және басқаларды заласыздандыру үшiн қолданылады. 1:5 қатынасындай (1л биологиялық сұйықтықтарға 200г құрғақ iзбес) құрғақ хлорлы iзбеспен науқастың бөлiнiстерiне, тағам қалдықтарына себедi.
Хлорамин-Б. С1-бойынша белсендiгi 26% хлорамин-Б дайындау үшiн бастапқы өнiм болып бензол (хлорамин-Г-толуол) табылады. Хлорамин-Б суда еридi, оның ерiтiндiлерi маталарды бүлдiрмейдi және түссiздендiрмейдi. Ыстық ерiтiндiлердiң (50-600С) және хлораминнiң белсендiрiлген ерiтiндiлердiң өте жоғары заласыздандыратын әсерi бар.
Бейтарап кальций гипохлоридi. С1-бойынша белсендiлiгi 52%. Емдiк мекемелерде ақ түстi ұнтақ тәрiздi кальций гипохлоридi қолданылады. Әлсiз майлы ерiтiндi түзiледi, оны дайындағаннан кейiн 30 минут өткен соң қолданылады. Сақтағанда тұрақты, аз гигроскопиялы және ауада Cl1-бойынша белсендiгiн сақтайды.
Натрий гипохлоридi 1-3% белсендi хлоры бар концентрленген негiзгi ерiтiндiлер түрiнде қолданылады. Электрохимиялық әдiспен (ЭЛМ-1, ЭМУ-1, ЭЛИСА, УДР-01 құрылғылары) алынады.
0,5% концентрациялы жұмыс ерiтiндiлерiн шыныдан, пластмассадан (ПХР), силиконды резинадан жасалған бұйымдарды толық батырылған күйiнде экспозициясы 60 минут вирусты инфекцияда қолданылады.
0,25% концентрациялы жұмыс ерiтiндiлерi бактериальды инфекцияда (туберкулезден басқа) қолданылады, экспозициясы 15 минут, толық батырылған күйiнде. Ал 0,3% концентрациялы ерiтiндiлер дерматофитияда 15 минут iшiнде қолданылады. Адамдар бар бөлмелердi дезинфекциялау үшiн 0,125% концентрат ерiтiндiсiн 0,5% концентрациядағы ''Лотос'', ''Прогресс'', ''Астра'' сияқты жуғыш заттармен бiрге қолдануға болады. Бөлмелер дезинфекциясы кезiнде 0,125% концентарциялы ерiтiндiлердi шығындау нормалары-1м2-қа 200мл.
Хлоргексидин биглюконаты мөлдiр, иiссiз 20% ерiтiндi. Сақтау үшiн арнайы шарттар қажет етпейдi. Беткей-белсендi деп аталатын заттар класына жатады. Суда, спиртте жақсы еридi, ұзақ сақтағанда өзiнiң қасиеттерiн жоғалтпайды, ұзақ антимикробты әсерi бар, медициналық құралдар қысқа уақыт (2-3 минут) ерiтiндiде болған жағдайда металдың анық коррозиясын шақырмайды.
Протейға, қышқылға төзiмдi таяқшаларға, вирустар мен спораларға препарат әсер етпейдi.
Хирургиялық бұйымдарды, хирург, медбике, акушерлер қолдарын заласыздандыруға арналған. Емдiк, антисептикалық зат ретiнде және күнделiктi, қорытынды дезинфекция үшiн қолданылады.
Сутектiң асқын тотығы (Н2О2) тотықтырғыштар тобына жатады. Өндiрiстен 29-30% концентрациялы су ерiтiндiсi түрiнде пергидроль атауымен шығарылады. Иiссiз, түссiз зат, тұтқыр ашты дәмi бар. Жоғары бактерицидтi қасиетi бар. Мөлшерi 0,5-6% концентрациядағы сутектiң асқын тотығының ерiтiндiлерi бұйымдарды бүлдiрмейдi, металдарды коррозияға ұшыратпайды, токсикалығы аз. Экспозициясы 80-нен 180 минутқа дейiн 3-4% концентрацияда жуғыш заттармен (''Прогресс'' және басқа) бiрге қоданылады. Химиялық заласыздандыру қанды жуғаннан кейiн механикалық тазалаумен бiрiктiруге мүмкiндiк бередi, оның нәтижесiнде дезинфицирлеушi әсер күшейедi, 0,5% концентрацияда 0,5% жуғыш ерiтiндiсiмен стерилизациялық өңдеу алдында 45-500С температурада, 15 минут экспозицияда қолданылады.
Сутектiң асқын тотығының ерiтiндiлерi қараңғы салқын жерде сақталады. Пергидролi бар сауыттардың капшығы болу керек. Абайлап тасымалдауы қажет.
Аламинол (''Ниопик'', Ресей) беткей-белсендi заттар (ББЗ) тобына жатады. Бактерияға, вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы жоғары антимикробты әсерi бар. Жуғыш қасиеттерi бар. Бөлмелердегi беткейлердi, науқастарды бұйымдарды дезинфекциялау үшiн, инструменттердi стерилизация алдында және басқа медицинада қолданатын заттарды (стоматологиялық, жұмсақ және қатты эндоскоптар) тазарту үшiн қолданылады. Дезинфекция және стерилизация алдындағы тазартуда 3-8% жұмыс ерiтiндiсi түрiнде вирусты инфекцияға қарсы бiрiктiрiлген процесте қолданылады, экспозициясы 60 минут, бөлме температурасында. Одан кейiн шыныдан, резинадан, металдан жасалған бұйымдар, соның iшiнде стоматологиялық инструменттер 0,5-1 минут iшiнде сол ерiтiндiде жуылады және 3 минут ағынды сумен шайылады.
Бактериальды инфекцияда, сонымен бiрге туберкулезде, кандидозда, дерматофитияда 5%-концентрациялы жұмыс ерiтiндiсi қолданылады. Өңдеу этаптары өзгермейдi.
Септабик (''Абик'' Израиль) ББЗ тобына жатады. Бактерияға, вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы жоғары антимикробты әсерi бар. Жуғыш қасиетi бар. Концентрат және ұнтақ түрiнде шығарылады. Дезинфекция және стерилизация алдындағы тазартуда 1% жұмыс ерiтiндiсi түрiнде вирусты, бактериальды инфекцияда, кандидоздарда, дерматофитияда қолданылады, экспозиция 60-120 минут (прибор конструкциясына байланысты), бөлме температурасында. Туберкулез кезiнде шыныдан, резинадан, пластмассадан, металдан жасалған бұйымдарды, стоматологиялық инструменттердi, эндоскоптарды 3% септабин ерiтiндiсiмен 60 минут iшiнде өңдейдi, бұйымдар толық батырылуы керек. Одан кейiн сол ерiтiндiде 0,5-1 минут iшiнде жуылады және 3 минут iшiнде ағынды сумен шайылады.
Дезинфекциялаушы заттардың жарамсыздығын бақылау түрлерi:
Визуальды бақылауды дез.станцияның қызметкерi (лаборант, дәрiгер) жүргiзедi.
Бактериологиялық бақылауды дез.станцияның қызметкерi лаборант жүргiзедi (шприцтер, инелер және т.б санынан 1% мөлшерде шайындыларды алу).
Химиялық бақылауда құрғақ заттар және дезинфицирлеушi ерiтiндiлер пробаларын таңдап алады және дез.лабораторияға жiбередi. Онда пробалардағы белсендi С1-анықтайды және оның дұрыс дайындалуы жайлы қорытынды бередi (пробалар жеткiзiлуiн бөлiмнiң аға медбикесi бақылайды).
Дезинфекциялық шараларда жүргiзу үшiн тек тағайындалған жағдаймен рұқсат етiлген бұйымдар (жуғыш машиналар, эмальданған ыдыстар, пластмасс контейнерлер, стерилизаторлар) қолданылады.
Дезинфекция жүргiзiлетiн бұйымдарға қойылатын сауал:
Сауыттардың қақпақтары болу керек.
Сауыттар мен қақпақтардың маркирі, заттың атауы, оның концентрациясы, тағайындаулары, дайындалған күнi болу керек. Көп ретке қолданылатын ерiтiндiлер үшiн заттың қолданылатын уақытын және сағатын көрсетедi.
Қымбат бұйымдарды (эндоскоптар, жұмсақ эндоскоптарға инструменттер) қосымша инструкциялы-әдiстемелiк құжаттар бойынша дезинфекциялайды.
Дезинфекция үшiн жабдықтарды таңдау бұйымдар ерекшелiгi мен оның тағайындалуымен байланысты.
Дезинфекциялық шараларды жүргiзу үшiн келесi жабдықтар болу керек:
гидропульт (чехолмен);
эмальденген шелектер немесе 1,5 және 10л деген жазуы бар ыдыстар;
дезинфекциялаушы камераға заттарды тасымалдау үшiн кленкалы қаптар;
дезинфекцияланатын затқа арналған үлкен ыдыс;
таза заласызданған ветошь;
қолданылған ветошьтар және қолданылған арнайы киiм комплектерiнiң кленкалы қаптары;
сортировкасы жасалған дезинфекциялық заттар;
арнайы киiм: халаттар, қалпақтар, респираторлар, қорғайтын көзiлдiрiк, резиналы перчаткалар;
Дезинфицирлеушi заттармен жұмыс iстегенде еңбектi қорғау ережелерi:
Химиялық дезинфицирлеушi заттарды сақтау ережелерiн сақтаңыздар.
Дезинфекциялы зат бар ыдыстар атауы, тағайындалуы, дайындалу күнi және мерзiмi көрсетiлген паспорты болу керек.
Дезинфекциялайтын ерiтiндiлердi дайындағанда жеке бастың гигиенасын сақтаңыздар (арнайы халаттар, бас орамалдар, респираторлар, қорғайтын көзiлдiрiк, резиналы перчаткалар, ауыстыратын аяқ киiм).
Дезинфекциялы ерiтiндiлердi ауасын тартатын шкафта немесе арнайы вентиляциясы бар бөлмелерде дайындалады және сұрыптау жүргiзiледi.
Дезинфекциялық заттар терiге тигенде оларды сумен лезде жуып шаю керек.
Көзге түссе-2% сода ерiтiндiсiмен шаю керек, 30% альбуцид тамызу, ауырсыну басылмаса-2% новокаины бар көз тамшыларын тамызу.
Тыныс алу жолдары тiтiркенгенде-лезде басқа желдетiлетiн бөлмеге немесе таза ауаға шығуы керек, содасы бар жылы сүттi iшу, 2% сода ерiтiндiсiмен ауызды шаю керек, қажет болса жүрек препаратын, тыныштандыратын және жөтелге қарсы заттарды қабылдау керек.
Дезинфицирлеуші хлорлы жұмыс қоспаларын дайындау ережелері:
ашық хлорлы әк қоспасын әзірлеу үшін: 1 кг ұнтақ хлорлы әкті 10 л (шелек) суық суға араластырады;
қоспаны тәулік бойы тұндырады;
алынған қоспаны күңгірт шыныға құйып, тығынмен жабады (10 % хлорлы әк қоспасын алатын болғандықтан 5-7 күн қараңғы жерде сақтайды);
хлорлы әктің жұмыс қоспасын дайындау:
0,1 % - 100 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,9 л суға;
0,2 % - 200 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,8 л суға;
0,5 % - 500 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,5 л суға;
1 % - 1 л 10 % хлорлы әк қоспасын 9 л суға;
2 % - 2 л 10 % хлорлы әк қоспасын 8 л суға;
хлорамин қоспасын қолдану алдында ғана дайындайды:
0,2 % - 2 г хлорламин 1 л суға;
1 % - 10 г хлорламин 990 мл суға;
2 % - 20 г хлорламин 980 мл суға;
5 % - 50 г хлорламин 950 мл суға;
Емдеу мекемелерінде жүргізілетін тазалық шаралардың түрлері. Инвентарды өңдеуден өткізу
Барлық бөлмелер, құралдар, медициналық және басқа да инвентарлар таза болуы тиіс. Бөлмелерді ылғалды тазалау (едендерді жуу, жиһаздарды, құралдарды, терезенің алдарын, есіктерді және т.б. сүрту) жуушы және дезинфицирлеуші заттарды қолдану арқылы тәулігіне екі реттен кем болмауы керек (қажет жағдайда жиірек).
Терезе әйнектерін ішкі жағынан кем дегенде айына бір рет, ал сыртқы жағын кірлеуіне байланысты кем дегенде төрт – алты айда бір рет сүрту керек. Ылғалды тазалық үшін сұйық жуғыш заттар қолданылады.
Барлық тазалық инвентарларының (шелектер, тегенелер, щеткалар, еден жуғыштар және т.б.) бөлменің және тазалық жұмыстарының түрі көрсетілген нақтылы белгілеулері (мысалы, процедуралық бөлменің еденін жууға арналған) болуы және көрсетілуі бойынша қолданылуы, әрі бөлек сақталуы қатаң қадағалануы керек.
Палаталардың және де басқа функционалдық палаталар мен кабинеттердің генералдық тазалығы: қабырғаларды, бүкіл құралдарды жақсылап мұқият жуу, сонымен қатар жиһаздарды, шамдарды, қорғаныш жалюздерін және т.с.с шаңын сүрту, бекітілген кесте бойынша орындалуы айына бір реттен кем болмауы керек.
Процедуралық, таңу бөлмелерінің тазалығы (жуу және дезинфекциялау) аптасына бір рет бөлмені құралдар, жиһаздар және басқа инвентарлардан босату арқылы жүргізіледі.
Қоқыстарды және қалдықтарды жинау үшін коридорларда, әжетханаларда және басқа қосымша бөлмелерде урналар, ал процедуралықта – аяқ басқышты шелектер қойылуы керек.
Асептикалық және антисептикалық (операциялық, таңу, процедуралық және басқа да) ерекше стерильдік режимді талап ететін бөлмелерді тазалаудан кейін стационарлы ультракүлгін немесе қозғалмалы бактерицидті лампалармен бөлменің 1 м3 ауданына лампаның 1 Вт қуаты сәйкес деген есеппен 2 сағат бойы лампамен адамдар жоқ кезде сәулелендіру қажет.
Палаталардың және бөлмелердің ауасын форточкалар, створкаларды ашу арқылы тазарту тәулігіне төрт реттен кем болмауы керек.
Жылына бір рет барлық бөлмелердің қысқа даярлығы жүргізіледі (жылу жүйесін, ауа тазартқыштарын тексеру және жөндеу, терезелерді шынылау, жабу, есіктерді жылылау және т.б.).
Аурухананың басшылығы жататын бөлмелерді жәндіктерден және кеміргіштерден тазартудың алдын алу шараларын үнемі дезқызметпен келісім шарт жасау арқылы жүргізіп отырады.
Инвентарды өңдеуден өткізу
Медициналық сынап термометрлерi.
2% хлорамин ерiтiндiсінде-15 минутқа толық батыру, содан кейiн шаю, құрғақ күйде сақтау.
Металл шпательдер.
Дестилденген суда 30 минут қайнату немесе 1200С температурада 45 минут құрғақ ауамен өңдеу (дезинфекция режимінде).
t-1800С температурада 60 минутта құрғақ ауамен өңдеу.
Қайшылар.
30 минут дистилденген суда немесе 15 минут 2% сода ерiтiндiсiнде қайнатылады.
Науқастарды жууға арналған жеке жөкелер.
30 минут дистилденген суда қайнату, кептiру.
Ванна.
3% хлорлы iзбес ерiтiндiсiмен дезинфекциялау, екi рет сүрту.
100кв.см-ге ½ г қатынасындай жуғыш дезинфицирлеушi немесе тазалау- дезинфицирлеушi зат пен ветошь көмегiмен ысқылау.
Суық сумен шаю.
Душ бөлмесiнде резина кiлемшесi.
5% хлорамин ерiтiндiде 30 минутқа толық батыру немесе ысқылау қажет, бiрақ толық кепкенге дейiн шаймау.
Квачтар.
Әжетханада квачтар үшiн 2 горшок болу керек (3% ашық хлорлы iзбес ерiтiндiсiнде екi квачтан кем болмау керек), тәулiгiне екi рет және қажет болса бірнеше рет өңделеді.
Клизмаға арналған бас-ұштары (наконечники), катетерлер:
3% хлорамин ерiтiндiсi-60 минут.
450С температурада 0,5% жуғыш ерiтiндiсiнде 15 минут немесе 2% сода ерiтiндiсiнде қайнату-15 минут, одан кейiн жуу.
Автоклавқа салу.
Мензуркалар.
1% хлорамин ерiтiндiсiне 60 минут салу, шаю немесе 30 минут қайнату.
Іш-киiмді өңдеу.
15 минут iшiнде жуу бөлмесiнде 2% сода ерiтiндiсiнде жуып қайнату.
Перчаткалар.
3% хлорамин ерiтiндiсiнде-60 минутқа толық батырылады, содан соң автоклавта стерилизацияланады.
Көз пипеткалары.
30 минут дистилденген суда қайнатылады, автоклавтың аялауыш режимынде жиналмаған түрiнде стерилизацияланады.
Кушеткалар.
Кушетка толығымен кленкамен жабылу керек.
Хлораминнiң 1% ерiтiндiсiмен, екi рет сүртедi егерде қан және оның компоненттерiмен немесе басқа биологиялық сұйықтықтармен былғанса хлораминнің 3% ерітіндісімен екі рет сүртеді.
Ыдыстар.
Жуу-залалсыздандыру (10л суға 200г сода 0,5% жуғыш зат қосылып ерітінді тағайындалады бiрге).
Жуу-дезинфекция 0,5% хлорамин ерiтiндiсiнде-1сағ 30 минут, 0,5% хлорлы iзбес ерiтiндiсiнде-30 минут немесе 0,1% сульфохлорметил, 1% дихлор-1 ерiтiндiлерде 30 минут қайнату. Қасықтар, шанышқылар 30 минут қайнатылады. Ыстық ағынды суда жуып-шаю, кептiру.
Судналар, зәр-қабылдағыштар.
1 сағат-3% ашық хлорлы iзбес ерiтiндiсiнде толық батыру, шаю, құрғақ күйде кептiру.
Ыдысқа арналған ветошь.
15 минут 2% содада қайнату, одан кейiн ағару үшiн 1 сағатқа 0,5% хлорлы iзбес ерiтiндiсiне салу, жуу, кептiру.
Арбалар (каталка).
1% хлорамин ерiтiндiсiмен, толық кепкенше екi рет сүртіледі.
Аяқ киiм.
25% формалин ерiтiндiсiнде немесе 40% сiрке қышқылы ерiтiндiсiнде 3 сағатқа полиэтилен пакетiне салып өңдеу, бар иiсi кеткенше желдету.
Жылытқыштарды, мұздатқыштарды (пузыри), резиналы кружкаларды өңдеу.
1% хлорамин ерiтiндiсiмен екi рет сүрту.
Ыстық сабынды сумен жуу, шаю, кептiру, құрғақ жерде сақтау.
Қолды өңдеу.
Спирт 80%, 0,5% хлорамин ерiтiндiсi немесе 0,5% хлоргексидиннiң спирттi ерiтiндiсi, ''перламутр-С-4'' протокол бойынша ''қол өңдеудiң хирургиялық деңгейi'' бойынша өңделеді.
Ескерту: микроағзалардың тұрақты түрлерiнiң пайда болуының алдын-алу үшiн дезинфицирлеушi ерiтiндiлердi басқа регламенттегi ерiтiндiлерге ауыстырып отыру қажет.
Пациенттi күтуге арналған заттарды дезинфекциялау: (кленка, мұзға арналған қапшық, жылытқыштар (грелка), судно, зәр қабылдағыш және басқа).
Жабдықтану: арнайы киiм, қолданылған күтуге арналған зат, 1% (немесе 3%) хлорамин ерiтiндiсi, ветошь-саны-2, дезинфекция үшiн қақпағы мен маркирі бар сауыт.
Болуға тиiстi шарт: күтуге арналған заттар қолданылғаннан кейiн бiрден өңделедi.
Шараға дайындық:
Арнайы киiм, перчатка кию.
Жабдықтарды дайындау.
Қажет концентрацияда дезинфицирлеушi ерiтiндiнi ыдысқа құю.
Күтуге арналған затты қолданып шараны орындау.
Толық батыру әдiсiмен дезинфекцияны жүргiзу:
1% хлорамин ерiтiндiсiне (немесе 3% хлорамин ерiтiндiсiне, не басқа дезинфицирлеушi ерiтiндiге) күтуге арналған заттарды батыру.
Перчаткаларды шешу.
Дезинфекция басталған уақытты белгiлеу.
60 минут тосу (немесе осы дезинфицирлеушi заттарды өңдеуге қажет уақытты).
Перчатка кию.
Жуғыш заттарды қолданып күтуге арналған заттарды жуу, кептiру.
Шараның аяқталуы:
Дезинфицирлеушi ерiтiндiнi қолжуғышқа (канализацияға) төгу.
Күтуге арналған заттарды арнайы бөлiнген жерде сақтау.
Арнайы киiмдi шешу, қолды жуып кептiру.
Екi рет сүрту әдiсi:
15 минут интервалымен күтуге арналған затты екi рет кезекпен 1% хлорамин ерiтiндiсiмен (немесе 3% хлорамин ерiтiндiсiмен, не басқа дезинфицирлеушi ерiтiндiсiмен) сүрту. (''Дезинфицирлеушi затты қолдану жайлы әдiстемелiк нұсқауды қара). Күтуге арналған заттың өңделмеген жерлерi қалмауын бақылап отыру керек.
Құрғату.
Жуғыш заттарды қолданып күтуге арналған заттарды жуу, кептiру.
Шараның аяқтауы:
Дезинфицирлеушi ерiтiндiнi қолжуғышқа (канализацияға) төгу.
Күтуге арналған заттарды арнайы бөлiнген жерде сақтау.
Арнайы киiмдi шешу, қолды жуып кептiру.
Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу
Қабылдау бөлiмi арқылы науқастар стационардың түрлi бөлiмдерiне бағытталады. Қабылдау бөлiмiнде науқастар тiркеледi, дәрiгерлiк қараудан, санитарлық өңдеуден өтедi.
Қабылдау бөлiмiнiң құрылымы: кiреберiс, тосып күту бөлмесi, гардероб және тiркеу бөлiмi мен сұрау бөлiмiмен бiрге, қарап тексеру бөлмелері, изоляторлар (бокстар), диагностикалық палаталар мен санитарлы өткiзу бөлiмi. Қабылдау бөлiмiнiң жұмысы осы кезектiлiкке сәйкес. Санитарлы өткiзу бөлiмi 3 бөлмеден тұрады: науқасты шешiндiру бөлмесiнен, ванна – душ және науқасты киiндiру бөлмелерi. Қабылдау бөлiмiнде егу кабинетi, кiшi операциялық бөлме, таңу бөлмесi, рентген – кабинеті, лаборатория, кезекшi дәрiгер кабинетi, әжетхана және қабылдау бөлiмiнiң тәулiк бойы жұмысын қамтамасыз ететiн бөлмелер бар.
Қабылдау бөлiмiнде науқастар жедел және жоспарлы кезекте түседi. Жедел медициналық көмектi қажет ететiн науқастар жедел кезекте қабылданады. Оларды жедел медициналық көмек машинасымен жеткiзедi, не басқа емдеу мекемелерiнен ауыстырады немесе стационарға бағыттама парағынсыз қабылдайды. Науқас жағдайының ауырлығына байланысты сырқатнаманы толтыруға қажеттi ақпаратты науқастың өзiнен, ал егер ол ессiз болса, жанындағы адамдардан не туысқандардан алады.
Егер науқас құжатсыз түссе және жанында адамдар болмаса, онда милиция бөлiмдерiне ‘белгiсiз адам’ түскенi жайлы хабар беру қажет.
Егер науқас үйден тыс жерде ауырып жедел көмек машинасымен жеткiзiлген болса, онда қабылдау бөлiмiнiң қызметкерлерi бұл жайында науқастың туысқандарына хабарлау қажет.
Жоспарлы науқастар аймақтық поликлиника дәрігерiнiң бағыттауымен түседi.
Тiркеуден кейiн науқас дәрiгер қарауынан өту үшiн және диагнозы қойылу үшiн қарау-кабинетiне бағытталады. Егер диагноз анық қойылмаса, дәрiгер қосымша зерттеулердi (лабораторлы, эндаскопиялық, УДЗ) немесе басқа дәрiгердiң консультациясын тағайындайды. Кезекшi дәрiгер науқас қай бөлiмге бағытталатынын шешедi. Егер диагноз әлi анық болмаса науқасты санитарлық өңдеуден кейiн қабылдау бөлiмiнiң диагностикалық палатасына орналастырады. Онда науқасты тексередi, бақылайды және диагностика жүргiзедi. Содан кейiн ғана сәйкес бөлiмге бағыттайды. Стационарлық емдi қажет етпейтiн науқастарға көмек көрсетiлгеннен кейiн, оларды мекен-жайы бойынша емханаға бағыттайды. Қарау, зерттеу нәтижелерi дәрiгердiң тағайындаулары және санитарлы өңдеу сипаты, науқасты тасымалдау жолы сырқатнамаға дәрiгермен жазылады. Науқас дәрiгердiң қарауынан кейiн және оның жағдайы бағаланғаннан кейiн, науқасқа басқа санитарлы өңдеу жүргiзiледi: педикулезғе бастың шашты бөлiгiн қарау, терiде iрiңдi бөртпе бар-жоғын, аяқтарында саңырауқұлақ аурулары бар-жоғын тексеру. Науқастың жағдайына байланысты гигиеналық ванна, душ және сүртiнудi тағайындайды. Онымен қоса функционалды жаңдайды бағалау үшiн және ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу үшiн дене температурасының антропометриялық өлшемдерi тексерiледi.
Науқастың жағдайына байланысты санитарлық өңдеу толық не жартылай болу мүмкiн санитарлы өңдеу сипатын дәрiгер анықтайды. Толық санитарлық өңдеуге ванна мен душ жатады. Жартылайға – шайыну, сүртiну. Педикулездi анықтау үшiн санитарлы өңдеу алдында қабылдау бөлiмiнiң медбикесi науқас денесiнiң шашты бөлiктерiн қарау керек.
Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу.
Мақсаты: Бастың шашты бөлiгiнде биттер мен сiркелердi жою (бөртпе сүзегiнің алдын алу)
Жабдықтану:
Бикстегi қорғаушы киiм жинағы- медициналық халат, бас орамалы, маска, клеенкалы алжапқыш, перчаткалар. Екi полиэтилен бас орамалдары, клеенкалы жайалық, екi қол-орамалы, мақта тампондары, өзек (стержень), шампунь, 6% уксус ертiндiсi (30С қыздырылған), клеенкалы қап, қайшы, таза тарақ.
Шашты өртеу үшiн леген (таз), сiрiңке.
Кез-келген дезинсекциялы ертiндi (педикулездi):
а) 20% бензилбензоат немесе ниттифор эмульсияларының ертiндiсi
б) бiрдей көлемде 0,5% метилацетафос ертiндiсi мен 6% сiрке қышқылы ертiндiсi
в) 0,25% дикрезил ертiндiсi
Бұлардан басқа таза iшкi- киiмдер болу керек, сырқатнама немесе амбулаторлы карта және педикулезға қарауға арналған журнал, инфекциялық ауру жайлы жедел хабарлама үлгісі.
Қажеттi шарт: Қарсы көрсеткiштердi ескерту. Оларға бас терiсiнiң аурулары бар, жүктi, босанған және омыраумен қоректендiретiн әйелдер, бес жасқа дейiнгi балалар жатады.
Өңдеудi арнайы, жақсы желдетiлетiн бөлмеде жүргiзу.
Науқастың құқығын, инфекционды қауіпсіздігін, конфеденциалдылықты сақтау.
Шараға дайындық:
Науқасқа онда педикулез бар екенiн хабарлап, өңдеудi өткiзуге рұқсат алу.
Қосымша халатты, бас орамалын, аяқ-киiмдер, перчаткаларды, маска, алжапқышты кию.
Науқасты клеенкамен жабылған кушеткаға отырғызу.
Науқастың иықтарын клеенкамен жайылықпен жабу.
Шараны орындау:
инструкцияға сәйкес дезинсекциялы ерiтiндiнiң бiрiмен шашты өңдеу.
науқастың шашын полиэтиленді байлауышымен жауып, орамалмен орау (20мин)
шашты алдымен жылы сумен жуу, содан кейiн жуғыш ерiтiндiмен, орамалмен құрғату.
науқастың жылытылған 6% ас сiрке ерiтiндiсiмен өңдеу.
шашты полиэтиленмен байлаушымен жауып, 20 минутқа орамалмен орау.
шашты жылы ағынды сумен жуып, орамалмен құрғату.
басты ақ қағаз бетiне еңкейтiп, жиi тiстi тарақпен тарау.
науқастың шашын қайтадан қарау, биттер мен сiркелердiң жоқтығына көз жеткiзу.
Шараның аяқталуы:
қағазды өртеу.
науқастың киiмiн және iш киiмiн, медбикенiң арнайы киiмiн шешiп клеенкалы қапқа салу.
қапты дезкамераға жiберу, тарақты 70% спиртпен сүрту немесе қайнаған сумен шаю, бөлменi инсектицидтi затпен өңдеу.
сырқатнаманың сыртқы бетiнде, амбулаторлы картада, не педикулезге тексеру журналында анықталған педикулез жайлы белгi қою (Р).
МОСЭБ-ға инфекционды ауру жайлы жедел хабарлама жiберу, науқастың мекен-жайы бойынша педикулездiң анықталуын тiркеу.
жетi күннен кейiн науқас басының шашты бөлiгiн қайтадан тексеру. Керек болса санитарлы өңдеу жүргiзу.
Ескерту: Егер шашты қию қажет болса, астына елеуiш қойып қияды және қиылған шашты өртейдi.
Педикулезде бастың шашты бөлiгiн механикалық әдiспен өңдеу.
Мақсаты: Бастерiсiнiң аурулары бар жүктi, босанған және омыраумен қоректендiретiн әйелдер, бес жасқа дейiнгi балалар басының шашты бөлiгiнде биттер мен сiркелердi жою (бөртпе сүзегiн алдын алу)
Жабдықтану:
1 Бикстегi қорғаушы киiм жинағы- медициналық халат, бас орамалы, маска, клеенкалы алжапқыш, перчаткалар. Екi полиэтилен бас орамалдары, клеенкалы жайалық, екi қол-орамалы, мақта тампондары, өзек (стержень), шампунь, 6% уксус ерiтiндiсi (30С қыздырылған), клеенкалы қап, қайшы, таза тарақ, мақта тампондары немесе жiктерi.
Шашты өртеу үшiн леген (таз), сiріңке.
Дезинсекциялы (педикулидтi) ерiтiндiлердiң бiрi:
а) 20% бензилбензоат немесе ниттифит эмульсияларының ерiтiндiсi;
б) бiрдей көлемдегi 0,5% метилацитофос ерiтiндiсiмен 6% сiрке қышқылы ертiндiсi.
в) 0,25% дикрезил ертiндiсi
Таза iшкi киiм.
Сырқатнама немесе амбулаторлы карта және педикулезді қарауға арналған журнал
Инфекционды ауру жайлы жедел хабарлама.
Қажеттi шарт:
өңдеудi арнайы, жақсы желдетiлетiн бөлмеде жүргiзу
науқастың құқығын, инфекционды қауіпсіздiгiн, конфеденциалдықты сақтау
Шараға дайындық:
науқасқа онда педикулез бар екенiн хабарлап, өңдеу өткiзуге рұқсат алу
қосымша халат, бас орамал, аяқ-киiм, перчатка, маска, алжапқыш кию.
науқасты клеенкамен жабылған кушеткаға отырғызу.
науқастың иықтарын клеенкалы жайалықпен жабу.
Шараны орындау:
1 Бастың терiсiн емес, шаштарды жылы ас сiрке қышқылымен өңдеп, механикалық жолмен биттiң тiрiлерiн алып жою.
Ескерту: Сiрке қышқылы науқастың көзiне түспеуiн бақылау, ал шаштар бiркелкi сулану керек.
Науқастың шашын полиэтилен байлаушымен жауып, орамалмен 20 минутқа орау.
Сiрке қышқылында матырылған тарақтың тiстерiнiң арасына мақта талшықтарын немесе жiптi өткiзу және сiрке қышқылына сулау.
Шашты алдымен жылы сумен жуу, содан кейiн жуғыш ерiтiндiмен, орамалмен құрғату.
Басты ақ қағаз бетiне еңкейтiп, жиi тiстi тарақпен тарау. Тарақты 70% спиртпен сүрту немесе қайнаған сумен шаю, бөлменi инсектицидтi затпен өңдеу.
Шашты жылы ағынды сумен жуып, орамалмен құрғату.
Шараның аяқталуы:
науқастың киiмiн және iш киiмiн шешiп клеенкалы қапқа салу.
науқастың киiмiн және iш киiмiн медбике арнайы киiмiн шешiп клеенкалы қапқа салу
қапты дезкамераға жiберу, тарақты 70С спиртпен сүрту немесе қайнаған сумен шаю, бөлменi инсектицидтi затпен өңдеу.
сырқатнаманын сыртқы бетiнде, амбулаторлы картада педикулез жайлы белгi қою (Р)
МОСЭБ-ға инфекционды ауру жайлы жедел хабарлама жiберу, науқастың мекен-жайы бойынша педикулездың анықталуын тiркеу.
жетi күннен кейiн науқас басының шашты бөлiгiн қайтадан тексеру керек болса санитарлы өңдеу жүргiзу
Ескерту: Егер шашты қию қажет болса, астына елеуiш қойып қияды және қиылған шашты өртейдi.