
- •Емдеу–профилактикалық мекемелердің түрлері және ондағы медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы
- •4. Жұмыс орнында рұқсат етілмейді:
- •Санитарлы–эпидемияға қарсы тәртіппен қамтамасыз ету. Дезинфекция туралы түсінік, дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.
- •Процедураның аяқталуы
- •Гигиеналық ванна
- •Гигиеналық душ
- •Науқасты ауыстырғандағы носилкалар мен төсектердің орналасуы
- •Ауыр жарақат алған адамды қалай тасымалдауға болады
- •Шараның аяқталуы
- •Шараны орындау
- •Көйлектi ауыстыру
- •Шараға дайындық
- •Бiр медбикеге
- •Науқас адамды қалай күтуге болады
- •Науқас адамды күту оны емдеудің аса маңызды бөлігі болып табылады.
- •Науқас адамға тыныштық қажет
- •3. Жеке гигиена
- •Қанжылым су
- •Өте ауыр науқасқа айрықша күтім қажет
- •3. Тазалық
- •4. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту
- •5. Өзгерістерді қадағалау
- •Науқасты асқазанға мұрын немесе ауыз жолы арқылы өткізілген зонд көмегімен тамақтандыру
- •Науқасты зонд көмегі арқылы асқазанға енгізілген гастростоманың (түтіктің) көмегімен тамақтандыру
- •Мазмұны:
3. Тазалық
Жеке гигиена ауыр науқастар үшін қажет-ақ. Оны күн сайын жылы сумен жуындыру керек.
Төсегін және кірлеген, ылғалданған, қан тиген сайын киімін алмастырып отыру қажет. Жұқпалы аурумен ауыратын науқастың төсегі мен киімін байқап ұстап-тұтқан жөн. Микробтарды өлтіру үшін барлығын да хлор қосылған ыстық, сабынды сумен жуыңыз.
4. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту
Өте әлсіз және өзі аударылып жата алмайтын адамды, күніне бірнеше рет аударып жатқызу керек. Бұл ойықты болдырмайды.
Көптен ауыратын баланы анасы жиі-жиі қолына алып отырғаны жөн.
Науқастың жатқан қалпының жиі өзгеруі өкпе қабынуының болмауына көмектеседі — бұл ұдайы төсекте жататын әлсіз және ауыр науқастарға үнемі қауіпті. Егер науқастың температурасы көтеріліп, жөтеліп және дем алысы жиілей бастаса, онда өкпесі қабынған болуы мүмкін.
5. Өзгерістерді қадағалау
Сіз науқастың жағдайындағы кез келген өзгерістерді қадағалап отырыңыз, бұл өзгерістер оның жағдайының жақсарғанын немесе нашарлағанын білдіреді. Оның өмірлік мәні бар белгілерін және мыналарды күніне 4 рет жазып қойыңыз:
температурасы тамыр соғуы дем алысы
(градустерге сәйкес) (минутына соғуы) (минутына дем алысы)
Сондай-ақ науқастың қанша сұйық ішкенін және күніне неше рет кіші және үлкен дәретке отырғанын жазып қойыңыз. Бұл мәліметтерді денсаулық сақтау қызметкерлері мен дәрігерлер үшін сақтап қойыңыз.
Науқастың ауруы елеулі немесе қауіпті екендігі жөнінде сізді хабардар ете алатындай белгілерді қадағалап отыру өте маңызды.
Ауыз қуысын тазалау
Мақсаты: Ауыз қуысында қабыну және шiру процестерiнің алдын алу
Жабдықтану: стерильдi: лотоктар, 2 пинцет, салфеткалар, 2 шпатель, алмұрт тәрiздi кiшi баллон немесе Жане шприці, мензурка, вазелин, антисептикалық ерітiндiсi бар флакон (1:5000 фурацилин ерітiндiсi), 1% бриллиант көгi ерітiндiсi, орамал, стакандағы су, қолданылған материал үшiн лоток, дезинфекциялық ерітiндiсi бар ыдыс.
|
Ескерту |
Шараға дайындық |
|
Егер науқас есiнде, бiрақ әлсiз болса:
|
Науқас шараны орындағанда белсендiлiк көрсету керек.
Науқастың басы медбикеге қарай бұрылу керек. Науқас лотокты ұстап жатады.
Егер тiс протездерi болса, оларды шешу. Өңдеудi сол жақ тұрақты тiстерден күрек тiстерге қарай бастау, одан кейiн оң жағынан сол кезектiлiкте марля домалақтарын ауыстырып өңдеу.
Сол кезектiлiкте марля домалақтарын ауыстырып өңдеу.
Тiлдi тiс щеткасымен тазартуға болады. |
10 Науқастың аузын шаю |
|
11 Салфеткамен стерильдi пинцеттi алу. |
|
12 Таңдайды, ұртың iшкi беттерiн, қызыл иектi, тiл асты аймағын өңдеу. |
Салфетка шырышпен немесе жабысқақ сiлекеймен жабылған кезде, оны ауыстыру керек. |
13. Пинцеттi лотокқа тастау. |
Қолданылған материалға арналған лоток. |
14. Науқас аузын шаяды немесе алмұрт тәрiздi кiшi балонмен аузын шаю: шпателмен тіл ұшын ығыстыру және кезекпен сол жақтың, одан кейiн оң жақ ұрт кеңiстiгiн аз қысымдағы ерiтiндi ағынымен жуу. |
Ағында науқастың иегi алдында ұстау, қажет болса иектi құрғатып сүрту.
|
1. Ауыз айналасындағы терiнi құрғақ салфеткамен сүрту, тубыларға вазелиндi жағу. |
Жарылулар болса 1% бриллиант көгiмен өңдеу. |
2.Тiс протездерi болса, оларды тазалау және оларды қайтадан кигiзу. Инструменттер мен салфеткаларды дезинфекциялау, перчаткаларды шешiп және дезинфекция ерiтiндiсi бар ыдысқа салу. |
Тiс протездерiн қол жуғыш үстiнде ұстап тiс щеткасымен тазалау. Тiс протездерiн стаканға толық батырған күйде сақтау. Дезинфекция қолданылатын бұйрыққа сәйкес жүргiзiледi. |
Салынатын тiс протездерiн тазалау
Мақсаты: тiс протездерiн қолданғанда қызыл иекпен ауыз қуысының шырышты қабаттарының қабынуының алдын-алу.
Жабдықтану: ауыз қуысын тазалағандай және арнайы протездердi шешу үшiн салфеткалар, үлкен салфеткалар, протездер үшiн тостаған, тiс щеткасы, паста, бүйрек тәрiздi лоток, қағаз салфетка, перчаткаларды дезинфекциялау үшiн ыдыс.
Қажеттi шарт: шара ауыз қуысын әрбiр тазалауында жүргiзiледi.
Шараға дайындық:
Науқас протездерiн шешiп арнайы тостағанға салу.
Ескерту: Егер науқас протездерiн өзi шеше алмаса, салфетка көмегiмен үлкен және сұқ саусақтарымен тiс протезiн ұстап, тербелмелi қозғалыспен протездердi абайлап шешу, тостағанға салу.
Шараны орындау:
Тостағандағы тiс протезiн, тiс щетканы, пастаны, үлкен салфетканы, орамалды қолжуғышқа әкелу.
Үлкен салфетканы қолжуғыш түбiне салу.
Қағаз салфетканы қолданып, су құбыры кранды ашу.
Салқын сумен тiс щеткасын сулау, үстiне тiс пастасын жағу, тiс протездерiн щеткамен ысу.
Ағынды сумен протездердi шаю.
Тiс протездерiне арналған тостағанды шаю.
Протездердi тостағанға салу.
Ескерту: түнгi уақытта протездер тостағанда сақталады.
Шараның аяқталуы
Қағаз салфетканы қолданып су құбыры кранын жабу.
Науқастың тiс протездерiн киюге болысу.
Ескерту: Егер науқас қазiргi уақытта протездердi кигiсi келмесе, оларды тостағанға салып, үстiне протездердi толық жабылатындай су құю.
Көздердi күту
Көрсеткiштер: Науқастың ауыр жағдайы.
Жабдықтану (стерильдi): лоток, пинцет, марля домалақтарын, ундинкалар (көздердi жууға арналған белгiлi пiшiндi банкалар), 1:2000 фурацилин ерiтiндiсi, вазелин майы, мензуркалар, физиологиялық ерiтiндi, пипеткалар, перчаткалар, дезинфекциялық ерiтiндiсi бар ыдыстар.
Кезеңдер |
Ескерту |
Шараға дайындық |
|
1. Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату (немесе оның туысқандарымен). |
|
2. Науқасқа шара мақсатын түсiндiрiп, рұқсат алу (немесе оның туысқандарынан), орындалу кезектiлiгiн түсiндiру. |
|
3. Көзiн қарау, жағдайын бағалау. |
|
4. Қолды жуу, перчаткалар кию. |
Инфекциялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету. |
5. Жабдықтарды дайындау. |
Жұмыста нақтылықты қамтамасыз ету үшiн, |
6. Бiр мензуркаға стерильдi вазелин майын, екiншiсiне фурацилин құю. |
Асептика сақталады. |
7. Пинцет көмегiмен домалақты вазелин майына матыру, мензурка қабырғаларына аздап сығу. |
|
Шараны орындау |
|
1. Бiр домалақты оң қолға алып, бiр қабақты көздiң сыртқы бұрышынан iшкi бұрышқа қарай сүрту. |
Iрiңдi қабыршықтар жұмсарып түседi. |
2. Қасты құрғақ домалақпен сол бағытта сүрту. |
Қабыршақтарды түсiредi. |
3. Домалақты фурацилин ерiтiндiсiнде суландырып, айтылғандай бағытта сүртудi қайталау. |
Көздi антисептикалық заттармен өңдеу қамтамасыз етiледi. |
4. Сүртудi 4-5 рет әр түрлi домалақтармен қайталау. |
Инфекциялық қауiпсiздiк қамтамасыз етiледi. |
Егер көз бұрыштарында iрiң тәрiздi бөлiнiстер болса: а) сол қолдың сұқ және үлкен саусақтарымен қабақтарды ашып, коньюнктива қуысын физиологиялық ерiтiндiмен жуу, ал оң қолмен пипетка көмегiмен қапшығын шаю; б) қабақты құрғақ домалақпен айтылған бағытта сүрту; в) екiншi көздi осылай өңдеу. |
Коньюнктивалды қуыс өңделедi. |
Шараның аяқталуы. |
|
1. Қолданылған домалақтарды, пинцеттi, мензурканы, пипеткаларды дезинфекциялық ерiтiндiсi бар ыдысқа салу. |
Инфекциялық қауiпсiздiк қамтамасыз етiледi. |
2. Перчаткаларды шешiп, дезинфекциялық ерiтiндiсi бар ыдысқа салу. |
|
3. Қолды жуып, құрғату. |
Мұрын тазалау
Ауыр жағдайдағы науқастар мұрынының шырышты қабатында көп мөлшерде шырышпен шаң жиналады, бұл науқастың тынысын тарылтып, жағдайын нашарлатады. Әлсiреген науқастар мұрын жолдарын өздерi тазалай алмайды, медбике күнделiктi пайда болған қыртыстарды алып отыру керек.
Мақсаты: мұрынмен тыныс алудың бұзылуының алдын-алу.
Көрсеткiштер: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысынан бөлiнiстердiң болуы.
Жабдықтану (стерильдi): лоток, мензурка, пинцет, вазелин майы, мақта турундалары, перчаткалар, лоток, дезинфекциялық ерiтiндiсi бар лоток.
Қажеттi шарт: үшкiр заттарды қолдануға болмайды.
Кезеңдер |
Ескерту |
Шараға дайындық |
|
1. Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату (немесе оның туыстарымен) |
Бiрлескен жұмысты қамтамасыз ету.
|
2. Шараның мақсатын түсiндiру, рұқсат алу, орындау барысын түсiндiру. |
Науқастың ақпарат алу құқығын сақтау, бiрлескен жұмысқа саналы қатысу. |
3. Қолды жуып, құрғату, перчатка кию. |
Медбикенiң жеке тазалығын сақтау. |
4. Мензуркаға стерильдi вазелин майын құю. |
Мұрын жолдарындағы қыртыстарды жұмсарту үшiн. |
5. Пинцетпен турунданы алу, вазелин майына матыру, аздап сығу. |
Инфекциялық қауiпсiздiк сақталады. |
Шараны орындау |
|
1. Сол қолмен науқастың мұрын ұшын көтермелеп, турунданы оң қолға ауыстырып, айналмалы қозғалыстармен мұрын жолына 1-3 минутқа кiргiзу. |
Мұрын жолдарында қыртыстардың жұмсаруын қамтамасыз етедi. |
2. Турунданы айналмалы қозғалыстармен мұрын жолынан шығару. |
Мұрын жолдарынан қыртыстардың алынуы қамтамасыз етiледi. |
3. Басқа мұрын жолын осылайша тазарту. |
|
Шараның аяқталуы |
|
1. Қолданылған турундаларды, пинцеттi, мензурканы дезинфекциялық ерiтiндiсi бар ыдысқа салу. |
|
2. Перчаткаларды шешiп, дезинфекциялау. |
|
3. Қолды жуып, құрғату. |
Құлақтарды тазалау
Сыртқы есту жолында сары-қоңыр түстi зат-құлық бөлiнедi. Оның жиналуы құлық тығындардың пайда болып, естудiң төмендеуiне әкеледi. Сау құлақтарды күту-оларды реттi түрде сабынды жылы сумен жуу. Сыртқы есту жолын еш уақытта үшкiр заттармен тазалауға болмайды. Себебi дабыл жарғағын немесе есту жолының қабырғасын зақымдап алуға болады. Егер құлық тығыны пайда болса, оны алып тазалайды.
Мақсаты: Құлық жиналуы салдарынан естудiң төмендеуiнің алдын-алу.
Көрсеткiштер: төсек режимiндегi ауыр жағдайдағы науқас.
Қарсы көрсеткiштер: құлақ қалқанындағы, сыртқы есту жолындағы қабыну процестерi.
Жабдықтану (стерильдi): лоток, пинцет, мензурка, мақта турундалары, перчаткалар, 3% сутектiң асқын тотығы ерiтiндiсi, дезинфекциялық ерiтiндiсi бар ыдыс.
Кезеңдер |
Ескерту |
Шараға дайындық |
|
1. Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату (немесе оның туыстарымен) |
|
2. Шараның мақсатын түсiндiру, рұқсат алу, орындау барысын айту. |
|
3. Қолды жуып, құрғату. |
Қол жуудың гигиеналық деңгейi. |
4. Стерильдi мензуркаға 3% сутектiң асқын тотығының ерiтiндiсiн құю. |
|
5. Сабынды ерiтiндiсi бар ыдысты дайындау. |
|
6. Қолды жуу, құрғату, перчатка кию. |
Инфекциялық қауiпсiздiк сақталады. |
Шараны орындау |
|
1. Сабынды ерiтiндiде салфетканы сулап, құлақ қалқанын сүрту, құрғақ салфеткамен кептiру. |
Құлақ қалқанының тазалығы қамтамасыз етiледi. |
2. Пинцетпен, мақта турундасын алып, 3% сутектiң асқын тотығы ерiтiндiсiнде сулау. |
Есту жолында құлықтың жұмсаруы қамтамасыз етiледi. |
3. Турунданы оң қолға ауыстыру. |
|
4. Есту жолын түзету үшiн, сол қолмен құлақ қалқанын тарту. |
Сыртқы есту жолына оңай кiру үшiн. |
5. Турунданы айналмалы қозғалыстармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдiкке 2-3 минутқа енгiзедi. |
Шараның шарты. |
6. Турунданы айналмалы қозғалыстармен сыртқы есту жолынан шығару. |
Есту жолынан бөлiнiстермен құлықтың алынуы қамтамасыз етiледi. |
7. Осылайша екiншi есту жолын тазалау. |
|
Шараның аяқталуы |
|
1. Қолданылған турундаларды, пинцеттi, мензурканы, дезинфекциялық ерiтiндiсi бар ыдысқа салу. |
|
2. Перчаткаларды шешiп, дезинфекциялау. |
|
3. Қолды жуу, құрғату. |
Шаштың күтiмi
Ұзақ уақыт төсекте жататын науқастар шаштың күтiмiн қажет етедi. Ерлердiң шашын қысқартып қияды және жұмасына бiр рет гигиеналық ванна алып жатқанда басын жуады. Ваннада жуынуға болмайтын науқастар басын төсекте жуады. Шашы ұзын әйелдердiң бас тазалығын сақтау қиын. Шаңмен қайызғақты кетiру үшiн шашты күнделiктi тарау керек, ол үшiн жиi тiстi тарақты пайдаланады. Қысқа шашты түбiрiнен ұштарына қарай тарайды, ал ұзын шашты бөлiп, ұштарынан түбiрiне қарай асықпай тарайды. Сiрке қышқылына матырылған тарақ шашты қайызғақ пен шаңнан тазарады. Басты жуу, тырнақты қиып алу 7 күнде бiр рет жасалады.
Төсектегi ауыр жағдайдағы науқастың аяғын жуу.
Жабдықтану: кленка, жылы суы бар леген, жеке сабын, жөке, орамал, қайшы, перчаткалар.
Науқаспен конфиденциальды, жақсы қарым-қатынас орнату.
Қолды жуып, құрғату.
Перчатка кию.
Науқастың тiзе астына матрацты орап салу.
Кленка жаю, торға суы бар легендi қою.
Жеке жөке, сабын көмегiмен науқастың аяғын легенге салып жуу.
Аяғын жеке орамалмен сүрту.
Тырнағын қию.
Iш-киiмiн және төсек орнын аыустыру (7-10 күнде 1 рет және қажет жағдайда).
Қайшыны дезинфекциялау.
Аяқты жууға арналған барлық заттарды алып тастау.
Перчаткаларды шешiп, қол жуу, құрғату.
Ойылудың (пролежень) алдын алу
Ойылу – бұл ұзақ жаншылу салдарынан терi және жұмсақ тiндердiң терең зақымдалуы, өлiеттенуiне дейiн. Бейiмделушi факторларға жергiлiктi қан айналым, иннервация және тiндердiң қоректенуiнiң бұзылуы жатады. Ойылулар сүйек шығындылары бар барлық жерде пайда болуы мүмкiн. Науқас арқасымен жатқанда ойылулар құйымшақта, өкше, жауырындар, шүйде және шынтақ аймақтарында пайда болады. Отырған жағдайда отырғыш төмпектерi, табан, жауырын аймақтарында iшiмен жатқанда қабырға, тiзе, аяқ саусақтары, мықын сүйектiң қырқалары аймағында.
Ойылулардың пайда болуын үш негiзгi фактор шақырады: қысым, қиюшы күш және үйкелiс.
Қысым- өз денесiнiң қысымы әсерiнен тiндердiң қысылуы болады, тiндер басылғанда тамырлар диаметрi кiшiрейедi, ишемия салдарынан тiндер қоректенуi бұзылады. Толық қысылғанда екi сағат iшiнде некроз пайда болады. Сезiмтал тiндердiң қысылуы ауыр төсек орын, тығыз таңғыштар, киiм салдарынан күшейедi.
''Қиюшы күш''- тiндердiң бұзылуы және механикалық зақымдалуы тiкелей емес қысым салдарынан болады. Ол тiндердiң тiреуiш бетiне қатысты ығысуынан дамиды. Төменгi тiндерде микроциркуляция бұзылады, тiн оттегi тапшылығынан некрозданады. Ығысу науқас төсектен төмен жылжығанда немесе төсек басынан қарай көтерiлгенде пайда болады.
Үйкелу – ''қиюшы '' керi компонентi, терiнiң мүйiздi қабатының түсiп, оның бетiнiң жаралануына әкеледi. Үйкелiс терi ылғалданғанда күшейедi.
Бұндай жағдайда зәрiн ұстай алмайтын науқастар, көп терлейтiн, ылғалды сiңiрмейтiн және iш киiмдегi науқастар жатады.
Ойылудың белгiсiне ағарған терi ошағының пайда болуы жатады, одан кейiн ол көгередi, шеттерi тегiс емес, эпидермис жұқарады, көпiршiктер пайда болады. Соңымен тiндер некрозы дамиды, ол тiндер тереңiне және жан жағына тарайды. Ем тiндердiң зақымдану дәрежесiне сәйкес жүргiзiледi.
I дәреже - эпидермальды және терi қабаттарымен шектелген. Терi бетi бұзылмаған көгерген-қызыл дақпен гиперемия тұрақты болады, қысым әсер етпеген кезде де жоғалмайды. Ем- консервативтi.
II дәреже - терi жабындыларының бүтiндiгiнiң терең емес беткей бұзылыстары, бұзылыстар терi асты май қабатына да тараған көгерген - қызыл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермистiң ажырауы болады. Ем-консервативтi.
III дәреже - терi жабындыларының бүкiл тереңдiгiнен бұлшық ет қабатына дейiн толық бұзылуы, бұзылыс бұлшық еттiң өзiне де өтедi.
IV дәреже - барлық жұмсақ тiндердiң зақымдалуы төмендегi тiндердiң бұзылысымен қуыстың пайда болуы (сiңiрлер, сүйектерге дейiн)
Үшiншi және төртiншi дәрежелер дәрiгер – хирург емiн қажет етедi.
Күтiм және ойылулар алдын алу.
Мақсаты: ойылулардың пайда болуының алдын алу.
Жабдықтану: стерильдi. лоток, салфеткалар, мақта тампондары, пинцеттер; 10% камфора спиртi ерiтiндiсiне немесе 40% этил спиртi ертiндiсiне арналған шыны банка, iш-киiм және төсек орын, жастық тысындағы поролон шеңберлерi, поролонды мақта-марлялы сақиналар.
Кезеңдер |
Ескерту |
1. Төсектi, матрацты, қосымша заттарды, тамақты ұйымдастыру. |
Науқастың физиологиялық қажеттiлiктерiн ғана емес социальды, психоэмоционалды қажеттiлiктерiн ескерту. |
2 Терi жабындыларын күнделiктi тексеру, тәулiгiне 1реттен кем емес (таңертең) |
|
3 Науқастың төсектегi қалпын төсектi көтерiп, оң жақ, сол жақ бүйiрлерiне, iшiне жатқызып әрбiр екi сағат сайын өзгерту; |
Науқас қалпының түрлерi және оларды өзгерту сырқаттың жағдайына байланысты және олар дәрiгермен тағайындылады. |
4 Ойылу пайда болатын мүмкiн жерлерді күнделiктi қарау; құйымшақ, табан, тобық, жауырын, шынтақ, шүйде, тiзе буынының iшкi бетi аймақтарын. |
Бозарған және қызарған терi ошақтары анықталған жағдайда дәрiгердi шақырып, емдiк шараларын бастау керек. |
5 Ойылулар пайда болуы мүмкiн жерлердi күнделiктi бейтарап сабынмен, жылы сумен тәулiгiне 2 рет жуып отыру (таңертең және кешке); орамалмен құрғатып сүрту. жылы камфора спиртiне немесе этил спиртiне (40С) матырылған салфеткамен өңдеу; қорғаушы крем жағу |
|
Кезеңдер |
Ескерту |
- Ойылу пайда болу мүмкiн жерлердiң жұмсақ тiндерiн массаж әдiстерiмен уқалау. |
Массажды шығып тұрған сүйектер аймағында жасамайды. |
6.Тамақтанғаннан кейiн жайалықтан тамақ қалдықтарын түсiрiп отыру. |
|
7. Төсек орындағы және iш киiмдегi кедiр-бұдырлықты және қатпарларды тегiстеу |
Бұны әрбiр 2 сағат сайын жасау керек. |
8. Жеген тамақтың санын және сапасын анықтау |
Тамақта белок мөлшерi 1 граммнан кем болмау керек |
9. Сұйықтық мөлшерiн тәулiк бойы дұрыс қолдану, 1,5л кем емес |
9.00-13.00-700 мл сұйықтық; 13.00-18.00-500мл; 18.00-20.00-300мл; |
10. Жастық тысындағы поролон шеңберлерiн науқастың құйымшағы астына, ал поролон шеңберлерiн шынтақ және өкше астына салу. Ойылуға қарсы матрацты пайдалану. |
Олар терiге қысым көрсетпейдi |
11. Түрлi заттарды пайдаланып науқастың төсектегi жағдайын өзгерту |
|
12. Зәр ұстамаушылықта памперстердi әрбiр 4сағат сайын ауыстыру. |
Ерлер үшiн зәр қабылдағыштарды қолдану. |
13. Нәжiсiн ұстай алмағанда, памперстердi ауыстырып шаю |
|
14. Егер науқас жүре алса, оны жүргiзу |
|
15.Кез-келген шараны орындағанда перчатка қолдану. |
Бұл инфекциялық қауіпсiздiктi қамтамасыз етедi. |
Дене қызуы көтерілген науқастарды күту
Денi сау адамдардың дене температурасы 370С-дан аспайды. Температураның тұрақты болуы жылу өндiру және жылу шығаруды реттеу жолдарымен жүзеге асады.
Организмдегi жылу бұлшықеттердегi және iшкi мүшелердегi тотығу процесстерiнiң нәтижесiнде пайда болады. Неғұрлым алмасу процесстерi қарқынды болса, соғұрлым көп жылу өндiрiледi.
Дене температурасы терiнiң және iшкi мүшелердiң нейрогуморалды реттелуiмен қамтамасыз етiледi. Жылу өндiру, жылу сәулелену және булану жолдарымен шығарылуы мүмкiн. Жылу шығару сонымен қатар қан тамырларға байланысты организмде жылу өндiру жеткiлiксiз болса, қан тамырлар рефлекторлы тарылып, жылу шығарылу азаяды. Бұл кезде терi салқын, құрғақ болады, қалтырау байқалады. Керiсiнше, жылу көп болғанда, қан тамырлар рефлекторы кеңейедi, терiнiң қанмен қамтамасыздануы жоғарылап, организмдегi жылу сыртқа шығарылады. Егер бұл жеткiлiксiз болса, жылу термен бiрге сыртқа шығады.
Сонымен жылу өндiру мен жылу шығару процесстерiнiң қарым-қатынасы организмнiң температурасын тұрақтандырып мүшелер мен тiндердiң қалыпты қызметiн қамтамасыз етедi. Бұл қарым-қатынастың бұзылуы дене температурасының төмендеуiне немесе жоғарлауына әкеледi.
Дене температурасын медициналық термометрмен өлшейдi.
Науқастың дене температурасын тәулiгiне 2 рет өлшейдi: таңертең аш қарынға (7-ден 9 сағ дейiн) және кешке соңғы ас қабылдау алдында (17сағаттан 19 сағ дейiн). Басқа жағдайларда дене температурасын әрбiр 2-3 сағатта өлшейдi.
Темометрді көбiнесе қолтық астына қояды, балаларда - кейде шап аймағына. Қолтық астындағы температура қалыптыда 36-370С.
Тәулiк iшiнде дене температурасы физиологиялық өзгеруi мүмкiн: таңертеңгiлiк пен кешкi температуралар айырмашылығы 0,3-0,50С.
Қарт адамдар температурасы орта жастағыларға қарағанда төмендеу болады. Балаларда дене температурасы тәулiк бойы өзгерiп отырады, тұрақсыз болады.
Орындалу кезектiлiгi:
1) термометрдi құрғатып сүрту;
2) сынап резервуардың ең төмен шкала көрсеткiштерiне түсу керек (350С төмен);
3) науқастың қолтық асты аймағын құрғатып сүрту
4) қолтық асты аймағын қараңыз: гиперемия, жергiлiктi қабынуда температураны өлшеуге болмайды;
5) термометр резервуары қолтықасты ойығына салынады, ол терiмен жанасу керек;
6)10 мин кейiн термометрдi алып, оның көрсеткiшiн анықтайды;
7) термометр көрсеткiшiн жалпы температуралық бетке тiркейдi;
8) термометрдi сiлкiп, оны дезинфицирлеушi ертiндiге салады.
Посттық температуралық бетте науқастардың фамилиясы, температураны өлшеу күнi және уақыты көрсетiледi (күндiз, кешке).
Температураны өлшеу көрсеткiштерiн посттық температуралық беттен жеке ‘’температуралық бетке’’ көшiредi. Температуралық бетте температурадан басқа пульс жиiлiгi (‘’П’’ шкаласы) және артериялық қысым (‘’АҚ’’ шкаласы) көрсеткiштер тiркеледi.Температуралық беттiң төменгi бөлiгiне 1мин-ғы тынысалу жиiлiгi көрсеткiштерi, тәулiк бойы iшкен сұйықтық көлемi, тәулiктiк зәр мөлшерi көрсетiледi. Санитарлы өңдеудiң жүргiзiлуi туралы мәлiметтер ‘’+’’ белгiсiмен көрсетiледi.
Температуралық беттегi ‘’Т’’ шкаласындағы бiр бөлiндi 0,20 С көрсетедi. ‘’Стационарда болған күнi’’ бағанасы екiге бөлiнедi: ‘’Т’’ (таңертең) және ‘’К’’ (кешке)
Таңертеңгiлiк температура ‘’Т’’ бағанасында нүктемен белгiленедi, кешкi температура ‘’К’’ бағанасында нүктелердi қосқанда температуралық қисық түзiледi (температураның өзгеру графигi).
Термометрлер дезинфекциясы:
-2% хлорамин ертiндiсi –15мин. Толық батыру, сумен шаю, құрғақ күйiнде сақтау.
Науқастарды тамақтандыру
Тамақтану ағзаның өмірлік қажеттілігі болып табылады. Ол адамды энергиямен, сумен, жасушаның құрылыс материалымен және ағзаның ауруларға қарсы тұруымен қамтамасыз етеді. Тамақтанудың рационалды болуы маңызды. Тамақтанумен, яғни қоршаған ортадан әртүрлі қоректік заттарды алумен, үш өмірлік функциялар атқарылады:
1. Пластикалық – жасушалардың және тіндердің үзіліссіз жаңаруын және дамуын қамтамасыз етуі.
2. Энергетикалық – ағзаның тыныштықтағы және кез келген (жұмыстағы) энергошығынын толықтыруға қажет энергияның келуі.
3. Реттеуші – ағзаға ферменттерді, гормондарды және басқа да алмасу процестерін реттейтін түзуші заттарды жеткізуі.
Тамақтың негізгі құраушылары – ақуыздар, майлар, көміртектер, минералдық заттар, дәрумендер және су.
Тағамды және тумбаны тексерген кездегі мейірбикенің этикалық-деонтологиялық салалары
Ең алдымен дәрігер тағайындаған диета ерекшеліктері туралы науқаспен әңгіме жүргізу керек. Әсіресе, науқастың диетаға ерекше назар аударуы, қандай тағамдарды пайдалануға болмайтынын, диетаны сақтамағанда қандай жағдайлар тууы мүмкін, бұл кеңестерді және қандай тағамдарды пайдалану керектігін үйретеді. Бұл ұсынысты бергенде емделушінің қаржы мүмкіндігін ескеру қажет. Осындай әңгімені емделушінің туыстарымен де жүргізу керек. Науқасқа әкеліп берген тағамдарды және тумбаны бақылаудан бұрын емделушімен алдын-ала келісіп алу керек, осы жағдай еріккеннен емес, диеталық тәртіпті сақтау қажеті үшін істелінетінін айтып түсіндіру керек. Егер мейірбике уақыты өткен тағамдарды тапса, пайдалалануға болмайтынын дұрыстап түсіндіруі керек. Осындай ақыл бергенде шыдамды, сыпайы және әдепті болу керек.
Теориялық бөлім
Емдік тамақтандыруды кең қолдану жалпы терапия кешенінің ең маңызды жағы. "Диета" сөзі грекше - "тамақтану тәртібі" деген түсінікті береді, науқас адамның немесе сау адамның дұрыс тамақтануы мен тамақ құрамын, сапасы мен мөлшерін, қабылдау уақытын қадағалау. Адам ағзасындағы үздіксіз өзгерістер қабылдаған тағам құрамына тікелей байланысты. Тағам ағзасына берілетін энергия, ақуыз, май, көміртегі, минералды тұздардың қайнар көзі болып табылады. Олар ағзадағы жасушалар мен ұлпалардың түзілуіне және қалыптасуына, жаңартуына басты қызмет атқарады.
Тағамның тотығуынан пайда болған заттар энергия көзі (калория). Ол тағамның масса бірлігі болып килоджоульмен (КДЖ) есептеледі. 1 г ақуыздың ыдырауынан 17 КДЖ энергия бөлінеді. Бұл көрсеткішті табу мақсатында, көміртегі бөлінетіні есептеліп шығарылған.
Ақуыздар
Жасуша және оның маңайындағылар негізі болады. Ақуыздар (грекше «протос» - бірінші бастамшы) - негізгі өміртасушылар. Адам ағзасындағы 85% кепкен заттар ақуыздарға жатады. Ақуыздың бұзылған бөлшектерін құру үшін және жаңа жасуша жасау үшін адам ылғи ақуызға зар болады. Адам ағзасына олар азоттың жалғыз қайнар көзі болады. Фермент, гормондар ақуыздан құралған, тұқымқуалаушылық ақпаратты беруіне, жасушаның тыныс алуына, бұлшық еттің жұмысына қатынасады, оттегі тасымалдаушы, ағзаны микроб пен вирустардан қорғайды. Ақуыздар көбінесе 20 аминоқышқылдардан тұрады. Соның ішінде 8-і ағзада жасалынбайтын, айырбасталмайтындар, сондықтан олар тағамдар арқылы түсуі мүмкін.
Қалған ақуыздар адам ағзасында азот алмасу процесі кезінде жасалынады. Әр түрлі тағамдардың да ақуыздар аминоқышқыл құрамы әр түрлі болады. Сондықтан ағзаны түрлі аминоқышқылдармен жетістіру үшін тағамдардың кең ассортиментін қолдану жөн.
Сол арқылы ағза ақуызды қажетсінуін жануарлардан алынған өнімдерден толтырады. Тағамдардың ақуыз құрамын білгеннен кейін әр түрлі комбинацияны қолданып, адамға қалыпты аминоқышқылдар жеткізуге болады (сүтті ботқа, тары ботқа, көкөністермен). Ақуыздардың тағамда жетіспеуі, ағзадағы тапшылық әр түрлі патологиялық процесс тудырады. Артық ақуыздар ағзаны қалжыратады, алмасу процесін бұзады, ішектегі шіріту процесін тездетеді, бауыр мен бүйрек жұмысының қуатын арттырады.
Орта жастағы адамдардың ақуыз нормасы - тәулік бойынша 1-1,5 дене мөлшеріне тең. Қарт адамдарға ақуыздың қажеттілігі 1 г аздау болады. Ақуыздың қажеттілігі физикалық, жүйкемен көңіл-күй жағдайы ауырлағанда, тоңғанда, қызғанда көбеюі мүмкін.
Липидтер (майлар)
Энергия қайнар көзі болып саналады.
Адам өмірінде майлардың физиологиялық рөлі зор. Олар жасуша құрамына кіреді, жасушаны қалыпты өмір сүруіне қатынасады, жартылай қор бойынша май деполарында жатады: тері астындағы клетчаткада, шарбыда (сальник), жұмсақ қосылысқан ұлпаларда, ішкі ағзада қорланады. Тері астындағы май қабаты адам денесін механикалық әрекетінен, тоңудан сақтайды, ішкі ағзаларды қоршап дұрыс қозғалыста болуын, соғып алудан, шайқалудан қорғайды. Егер ағзада көмірсулар жетіспесе немесе оның калориясы төмен болғанда, май қоры ең бірінші жоғары энергетикалық зат болып жұмсалынады.
Майлар (май ертінділер, дәрумендер, витамин Д) ақуызды сіңіруін, қалқанша безінің жұмысын белсенді етеді, ішек-қарын перистальтикасын, өт бөлуін, тамақтың дәмін, тойынған сезімді шақырады. Төмен температурада еритін майлар (өсімдік майлары, балық майы, т. б.) жоғарғы температурада еритін майларға (ірі қара майы, қой, шошқа, т.б.) қарағанда, эмульгацияланған майлар (сүт, сүт майы, т.б.) жақсы сіңеді. Майлар қаныққан және қанықпаған болып екі топқа бөлінеді. Өсімдік майлары (күнбағыс, жүгері, соя) көбінесе қанықпаған майлардан құралған, ал жануарлар майлары (ірі қара мал, шошқа, қой) - көбі қаныққан майлар. Майлардың ағза үшін биологиялық құндылығы көбінесе майлы қышқылдардың жоғары қаныққан емес мөлшерде болуымен анықталады, олар үшеу. Олар ағзада түзілмейді, сондықтан тамақтанудың таптырмас факторы болып табылады. Жоғары қаныққан майлар тотықты-жасанды процеске қатысады, қантамыр қабықшасының эластикалығын азайтады, холестеринді майлы қышқылға ыдыратқыштығын белсендіреді, өт бөлуін, ішек перестальтикасын жүйелейді. Қанықпаған майлар негізгі жеткізуші өсімдік майлар, кейбір жануарларда (құс, балық майы, сүйек миы майы) болады. Майларға 28-30 % калориялық тәулік рационы жатады. Қарт адамдарда майдың қолданылуы тәулік барысында азаяды. Суық климатта май қажеті өседі, ал ыстық климатта азаяды. Тәулік бойына 30% өсімдік, 70% жануар майларын пайдаланған жөн. Тамақтануда майдың көптілігі де, аздығы да адамға әсер етеді. Майды қолдануды азайтқанда дене салмағы жеңілдейді, қорғаныс күші төмендейді, өсуі тоқтайды. Майларды көп қолдану жағымсыз әсерін тигізеді - алмасу процесі бұзылады, түрлі аурулар туады (атеросклероз, диабет, т.б.).
Көмірсулар
Бұл көмірден, оттегіден және су оттегінен жасалған органикалық заттар. Көмір суларды қарапайым (моносахаридтер) және күрделі (дисахаридтер және полисахарид) деп бөледі. Ең көп жайылған моносахаридтерге глюкоза (жүзім қанты), фруктозалар жатады. Дисахариттерге: сахароза (қызылша қанты), лактоза (сүт қанты) жатады. Крахмал, гликоген, клетчатка, пектин заттары полисахаридтерге жатады. Моно және дисахаридтер полисахаридтерге қарағанда, дәмдері тәтті және суда жақсы еритін болады.
Көмірсулар - ағзаның негізгі энергетикалық заты болып саналады. Зат алмасу процесі жақсы өту үшін көмірсу болуы керек - адам ағзасында көмірсу толы болса, майлар жақсы тотығады (майлар көмірсу отында тезірек жанып кетеді). Көмірсулар бөлген энергия бойынша әр түрлі жүйе мен мүше қызметі жақсарады.
Адам ағзасында жақсы сіңетін көмірсулар қандағы қантты біркелкі сақтайды. Адам ағзасы көмірсуға жақсы толғанда глюкоза, гликоген түрінде бауыр жасушасында, бұлшық етте тұрып қалады. Гликоген - көмірсу қорының көз қайнары. Гликоген қажетіне орай ыдырап, ағзаның қалыпты есепті глюкозаға толтырады, олар қанға сіңіп бүкіл ұлпаларға тарайды. Көмірсу қантты жақсы сіңіреді, оларды кәдімгі тамақтануда кең қолдануға болады. Адам ағзасына негізгі көмірсудың көз қайнары өсімдік тағамдары болып саналады. Глюкоза мен фруктоза тәтті сортты жеміс-жидектерде болады, көп фруктоза балда болады. Жармалар, нан, макарон тағамдар, картоп, бұршақтар крахмалға бай болады. Қызылшада, сәбізде қантта сахароза көп болады. Көмірсулы лактозалар жануарлар өнімдерінде - сүтте, сүт тағамдарында болады.
Клетчатка жасушаның қабықша құрамына енеді, өсімдіктер ұлпаның тірегі болады. Ол өт шығаруын белсенділікте, ішек бездердің секреттерін, ағзадан холестерин шығаруын реттейді, ішектердің қозғалу қызметі, оның босауын, тоңу сезімін де тудырады. Ішек-қарында бактериялар мен клетчатканың ыдырауы ақуызды пайдаланумен байланысты, шіру процесіне қарсы болатын қышқыл өнімдерінің пайда болуына себеп болады.
Нан, шалған, орамжапырақ, шалқан, қызылша, бидай және сұлы жармалары көмірсуларға бай болады.
Көкөніс пен жемістерде пектин заттары болады. Әсіресе, ұрық ұлпалары (алма, қызылша, крыжовник) пектин заттарға өте бай. Пектин заттары шектің кілегейлі қабықшасын қоршап тұрады, химиялық, механикалық әсерлерден қорғайды. Патогенді және шірітетін микрофлора ағзаға қауіпті химиялық заттар (жез) пектинмен байланысын ағзада шығарылады.
Көмірсулардың негізгі саны ағзаға тасымал түрінде түсуі мүмкін, соған бай өсімдіктер тағамдарымен (жарма, нан тағамдары, картоп) ептеп ыдырап сіңеді.
Көмірсулар көбінесе ащы шекте моносахарид түрінде сіңеді. Сондықтан, күрделі көмірсулар (ди- және полисахаридтер) алдымен сілекей, ұйқы безі, жіңішке ішек, ферменттермен ыдырайды.
Пектин заттары және клетчатка ерекше - олар өз бойында ішек микрофлорасы арқылы ыдырайды да, аш және тоқ ішектердің төменгі бөлімдерінде, тәжірибе көрсеткендей, олар ағзаға сіңбейді, сол арқылы нәжіс жасалынады.
Көмірсуларды артық қолдану, шайқалу аппаратының жұмыс артуын зат алмасуын бұзады. Көмірсулардың артуы семіруді дамытады, атеросклероз, т.б. ауруларға әкеп соқтырады. Клетчаткалы тағамдарды көп қолданғанда шекте ашу процесі белсенді түрде ақуыз бен майлардың сіңуін азайтады.
Дәрумендер
Дәрумендерге әр түрлі құрамы жоғары химиялық-биологиялық белсенділігі бар заттар жатады. Олар өмір сүру процесіне ағзада айырбасталмайтын және өте аз түрімен үлкен рөл ойнайды. Бүкіл ағзаның қорғаныс күші дәрумендер мен ферменттердің тығыз байланысуымен көтеріледі, жұмыс қуаты, денсаулығы сақталынады.
Ағза дәрумендерді қажет етеді, оны түрлі тағамдармен толықтырады, тамақтың дәруменге толы болатындығы оны дайындаумен байланысты. Адам ағзасына дәрумендер жақсы сіңуі үшін оларды ең алдымен ерітіп алу керек. Бұл белгісі бойынша дәрумендерді былай деп бөледі: суға еритіндер мен майға еритіндер. Суға еритін дәрумендер: С, В тобы, PP. Майға еритіндер -А, Д, Е, К дәрумендері.
Минералды заттар
Адам ағзасының өмір сүру процесін реттеуші - минералды заттар, олар - макроэлемент, микроэлементтер деп бөлінеді.
Макроэлементтерге - ағзада биік концентрацияда болушы (натрий, кальций, магний, фосфор, хлор, күкірт) жатады. Микроэлементтер ағзада өте аз кездесіп жатады. Жақсы зерттелген адамда қажеттісі көп микроэлементтер: темір, мыс, марганец, цинк, кобальт, йод, фтор жатады. Макроэлементтердің қажеттілігі грамм өлшемімен есептеледі, ал микроэлементтер мұқтаждығы милиграммен және микрограммен өлшенеді. Ағзаға минералды заттар тағам, сұйықтық түрінде түседі.
Су
Орта жастағы адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Әсіресе, су жас ағзада көп болады. Қартайған сайын ағза мен ұлпада су азаяды. Ағзаның өмір сүруінде су басты рөлді ойнайды. Заттар қалыпты өмір сүру үшін ұлпа мен ағзаға керек, олар суда еріп, ағзаның жан-жағына таралады.
Су - қоректі орта, ол биохимиялық және биофизикалық реакция жүретін, зат алмасу процесімен байланысқан, өмір сүруге керекті зат тасымалдау жүйесінің жұмысын атқарады (тағам заттарды тасымалдайды). Су арқылы ағзадан зат алмасу процесінің заттары шығарылады, термикалық (біркелкі мөлшерін) сақтайды. Ағзаның қызуы қоршаған ортаға су буы дене ішінен өкпе арқылы шығарылады. Секрет бөлінуіне, ұлпа мен жасуша аралығындағы қысым күшінің байланысының күйіне, нәжістің сұйықталуына су қажет. Қалыпты жағдайда адамның су жоғалтуы бір тәулікте орташа есеппен 2300-2800 мл (зәрмен 1500 мл, тері және бумен 400-700 мл, тыныс алумен 300-400 мл, нәжіспен 70-200 мл). Осыған байланысты адамға (1 кг дененің кесек өлшеміне 34-45 мл) судың орташа көлемі керек. Ауыр жұмыс істегенде және сыртқы ортаның температурасы жоғары болғанда су қажеттілігі көбейеді. Қалыпты жағдайда су тамақ арқылы түседі. Сондықтан, ағзаның суға қанағат болуы үшін қосымша 1200-1500 мл шамалы бос сұйықты (су, сүт, сорпа, шырын) қолдану қажет.
Адамға судың қажеттілігі шөл сезімін тудыртады, ол қан қысымына байланысты болады. Негізінен, судың сіңуі ішекте болады, қанға ол 20 минуттан кейін ғана түседі, су ішкеннен кейін бірден шөл қанбайды. Физиология бойынша шөлдегенде суды шамалап ұрттап, 5-10 минут бойы ішу жөн болады. Ағзада судың тоқтап қалуы натрий тұздарына, артық тамақтанғанда, тағамның көмірсу мен ақуыз байлығына байланысты. Оларға қарсы калий, кальций тұздарын сұйықтықпен ағзадан шығаруға итермелейді. Көп сұйықтықты қолдану қан тамыр-жүрек жүйесінің жұмысына әсер етеді, ақуызды ыдыратады, ағзадан минералдық тұздарды жуып жібереді. Сұйықты аздап қолданғанда циркуляциядағы жүрген қан өлшемі азайып, қоюланады. Ағзада тағамның болмауымен салыстырғанда, су болмаса адам ағзасына ауыр әсер етеді.
Тамақтандыру тәртібі
Тәуліктік тамақтану құрамын ағзаның күнделікті энергетикалық шығынына, оның қажеттілігіне байланысты (қанша ақуыз, май және т.б.) құру керек. Тәуліктік тамақтандырудың құндылығы ағзаның қажеттілігіне сәйкес келуі. Ағзаның жалпы энергетикалық шығыны негізгі алмасу мен қосымша алмасудан тұрады.
Негізгі энергиялық шығын алмасуы барлық ішкі ағзаны және ағзаның бұлшық ет жұмысын психологиялық тыныштықта 12-16 сағаттан соң 18-20° С температурада қалыпты жағдайда ұстап тұра алады. Зат алмасу ағза иесінің жынысына, жасына тәуелді болады. Ер адамда зат алмасу әйелдерден гөрі 10-15 есе көп, егде адамдарда төмен.
Қосымша зат алмасу энергияның жұмсауымен белгілі бір жұмыс түрін анықтайды. Ағзаның энергетикалық шығыны килокалориямен (ккал) есептеледі.
Тағамның құрамы, азық-түліктің калориялығы арнайы кестемен белгіленген.
Тағам құрамындағы калорияны ағзаның физиологиялық қажеттілігіне сай құру қажет. Тағам құрамының калориялығына қарамастан, тағам мөлшері оны қабылдаған кезде асқазанды қанағаттандырып, тойымдылық сезімін тудыру керек. Тоқшылық сезімі асқазандағы тағамның ыдырау ұзақтығына байланысты болады. Ең алдымен көмірсулары, одан кейін ақуыздар, ең соңынан майлар ыдырайды. Қорытылған тағамнан кейін тоқшылық сезімі, ұсақталған немесе жаншылған тағамдарға қарағанда ұзаққа созылады.
Асқазанды қатты тітіркендіруші, асқазан сөлін еріксіз бөледі (ащы, дәмдегіштер мен спиртті сусындар).
Кез келген диета тағамның мынандай ерекшелігін негізге ала отырып құрылуы керек:
Калориялығы (құндылығы) мен химиялық құрамы (белгілі бір ақуыз мөлшері, майлар, көмірсулар, минералды заттар, дәрумендер).
Тағамның физикалық қасиеттерін (көлемі, салмағы, температурасы).
Рұқсат етілген тағамдар жеткілікті көлемде кіргізіледі.
Тағамның ерекше өңделген түрі.
Тамақтандыру тәртібі.
Сонымен қатар диетотерапияда басқа тәсілдер кең түрде қолданылады:
"Қорғаншақтау" принципі - азық-түлік құрамындағы кейбір факторларды шектейді, олардың құрамында ағзаның кейбір мүшелеріне тітіркеніш әсер ететін немесе паталогиялық процесті қолдайтын (механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер) болмауы керек. Бұл (асқазан, ішек) ауруында қолданылатын диетотерапияның басты принципі.
"Жаттықтыру" принципі қатаң сақталатын алғашқы диета құрамын кеңейтуден тұрады, бұл біржақты толыққанды емес.
Бұл жеңіл тағамды диетаны қолдану арқылы іске асады. Олар калориялығы шектелген немесе химиялық құрамы қайта түзілген тағамдардан тұрады. Олар (қорғаншақтауды) қамтамасыз етеді, сонымен қатар алмасудағы ауытқушылықты реттейді. Оларды 1 рет 7-10 күн аралығында белгілейді.
"Коррекция" немесе "түзету" принципі - диетадан ауруды өрбітетін кейбір тағамдардың мөлшерін азайту не мүлде алып тастау. Мәселен, қант диабеті. Кейде бір коррекцияның көмегі арқылы қандағы қант құрамының реттелуіне әкеледі.
Емдеу-сауықтыру мекемелері емдеу барысында диетаны пайдаланады, бұл әдіс арнайы Азық-түлік институтында нөмірлі жүйемен белгіленеді.
Тамақтандырудың ең тиімді түрі, күніне 4 рет тамақтану қажет. Тамақтану аралығы 4-5 сағаттан аспауы керек. Ақуызға бай тағам түрлерін белсенді жұмыс кезеңінде таңертең және күндіз қолдану тиімді. Ұйықтар алдында жүйке жүйесіне әсер ететін тағамдарды (ащы тұздықтар, кофе, какао) қабылдамау керек. Кешке асты ұйықтағанға дейін 1-3 сағат бұрын ішкен дұрыс. Ac жақсы сіңу үшін оны қабылдар алдында аздап демалып алған тиімді. Ac қабылдар алдында шөл басып алу керек, өйткені сусызданған ағза асқазанның ас қорыту қабілетіне кедергі жасайды. Тағамды жеңіл ас түрінен бастап (әр түрлі тұздықтар) қабылдаған жөн, олар асқазан сөлінің жеңіл бөлінуіне әсер етеді, ал керісінше майлы ас асқазан безінің сөл бөлуін тежейді. Асты асықпай мұқият шайнап жеген дұрыс.
Сауықтыру тағамдарын ұйымдастыру
Емдік тамақтандыру (диетотерапия) - кешенді терапияның ең маңызды қүралы. Әдетте, ол басқа емдік терапиямен (фармакологиялық препараттармен, физиотерапиямен) қатар жүргізіледі. Кейбір жағдайда, ас қорыту жүйесінен немесе зат алмасу жүйесін емдегенде - емдік тамақтандыру басты емдік терапияға жатады, басқа жағдайда - науқастың тезірек сауығуына жағымды тиімділігін береді.
Тәуліктік емдеу рационы жасалып, оны диета деп атайды. Диеталық тәртіп аурудың ерекшелігіне, өтпелілігіне, сырқаттың жағдайына қарай белгіленеді. М.И. Певзнер ұсынған сауықтыру диетасы жүйеленген 15 түрлі негізгі диетаны қарастырады. Бұдан басқа негізгі бөлімге жататын (1, 4, 5, 7, 8, 9, 10) бөлімдер бірнеше нұсқаларға ие, бұлар орыс алфавиті әріптерімен белгіленеді, оларды негізгі нөмірдің жанынан көреміз (1а, 1б, 5а). Емделушінің сауықтыру тағамы оның ауру тарихына немесе тағайындау қағазында көрсетіледі. Палаталық мейірбике күнделікті тағайындау қағазын тексере отырып, күнара мөлшердегі талап бойынша қанша мөлшерде диеталық тағам керектігін және қай бөлімге екендігін белгілеп отырады. Мөлшер күнара жасалып, аға мейірбикемен келісіліп, бөлім бастығы бекітеді, сонан соң тағам бөліміне жіберіледі. Жаңа түскен науқасқа, қай бөлімге және қай уақытта (кешке не түн мезгілінде) түссе, ол туралы мәліметті қабылдау бөліміндегі мейірбике жазады.
Дәрігердің кеңесі бойынша палаталық мейірбике науқасқа тағайындалған диетаның дұрыс және нақты орындалуын қадағалап, науқасқа диетаның маңызын, дұрыс және уақытылы қабылдануын, науқасқа келушілерден келген тағам түрлерін қадағалап отыруға тиісті.
Ауруханадағы сауықтыру тағамдарын ұйымдастыруды бас дәрігер немесе оның орынбасары жасайды. Аурухананың бөлімшелерінде бұл іспен бөлімше басшысы айналысады. Тамақтандыруды ұйымдастыруда басшылықты диетолог-дәрігер атқарады, ол аурухана асханасын басқарады. Тамақ дайындаудың ең тиімді тәсілі орталық асханада дайындалған тағамды кейін бөлімшелерге арнайы ыстық тағамға арналған ыдыстармен таратады. Әрбір бөлімшеде керекті жағдайда тағамды ысытып беретін плиталар бар. Дайын тағамды буфетші немесе палаталық-мейірбикелер арнайы мөлшер бойынша таратады. Буфетте тағам мәзірі әр тағамның салмағы көрсетілген диеталық мәзір ілулі тұруы керек. Өзіндік жүріп-тұруға жарайтын науқастар ауқатты асханаға барып қабылдай алады. Төсек тартып жатқан науқастарға буфетші немесе палаталық мейірбике тағамды палатаға әкеліп береді. Бөлме жинаушы санитарлар тағам таратуға араласпайды. Ауыр науқастарды палаталық мейірбике өзі тамақтандырады. Науқастар тамақтанып болғаннан кейін, бөлме іші және асхана залалсыздандырылып, ыдыстар мұқият жуылады.
Емдік тамақтанудың негізгі принциптері
Диетолгия – бұл емдік тамақтану туралы ғылым. Ол ауру және сау адамның зат алмасу және ас қорыту ерекшеліктеріне, әр түрлі аурулардың пайда болу себептеріне, механизмдеріне және өту түрлеріне сүйенеді.
Науқасты тамақтандыру арқылы емдеу диетотерапия деп аталады және науқастарды емдеудің жалпы жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Емдік тамақтану – комплекстік терапияның міндетті әдісі.
Диетотерапия диетаның және тамақтану режимінің көмегімен жүргізіледі.
Емдік тамақтану әртүрлі асқынулардың алдын алады және тіпті патологиялық процесті емдейді.
Науқастың сауығу жағдайына байланысты оның диетасы да өзгереді. Бір диетадан екіншіге өтудің екі жолы бар:
Тұрақты – мысалы 1а, 1б, 1 стол асқазанның жара ауруында.
Сатылық – «зигзаг» әдісі.
Тамақтану режимі:
Күні бойғы тамақты қабылдаудың мөлшері
Тамақты қабылдау аралығының ұзақтығы
Тамақты қабылдау уақыты
Тәуліктік рационды жеке тамақ қабылдаулар арасында сандық және сапалық бөлу
Тамақты әрбір 4 сағат сайын қабылдау қажет. Түнгі үзіліс 10-11 сағат, ұйықтардан 2 сағат бұрын тамақты қабылдамаған дұрыс.
Ауыр науқастарды тамақтандыру
Белгілері: төсектен тұрмау, науқастың ауыр жағдайы.
Барлық емдеу процедураларын, палатаны тазалауды, бөлменің ауасын тазартуды аяқтау.
Өз қолын және науқастың қолын жуу (немесе су орамалмен сүрту), кептіру.
Науқастың кеудесін және мойынын салфеткамен немесе орамалмен жабу.
Тумбочкаға немесе төсек жанындағы стөлге жылы тағамды қою (тамағы бар тарелканы науқастың кеудесіне қоюға болмайды).
Науқасты ыңғайлы жағдайға келтіру (егер бұл мүмкін болса) – отырғызу немесе жартылай отырғызу.
Сол қолмен науқастың басын жастығымен қоса көтеру (егер отырғызу мүмкін болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе тағамы бар сұйық ішетін ыдысты ауызға апару.
Науқасты тамақтандыру.
Суланған (ылғалданған) орамалмен науқастың ернін және иегін сүрту, ормалдың құрғақ ұшымен кептіру.
Ыдысты жинау, төсек орнынан тамақтың ұсақтарын қағу, науқасты ыңғайлы етіп жатықызу.
Қолды жуу және кептіру.
Жасанды тамақтандыру
Тамақтану табиғи жолмен мүмкін болмаса, онда тамақты асқазанға немесе ішекке зонд немесе стома арқылы клизмалық түрде енгізеді. Егер бұлай енгізу де мүмкін болмаса, онда қоректік заттарды және суды тік ішекке енгізеді немесе парентеральды жолмен енгізеді.
Жасанды тамақтану кезінде тағамның тәуліктік калориясы 2000 калорияны құрайды, ақуыз – майлар – көміртектер қатынасы: 1:1:4.
Суды науқас су-тұзды қоспалар түрінде тәулігіне орташа 2 л мөлшерінде қабылдайды.
Дәрумендерді тамақ қоспаларына кіргізеді немесе парентералды жолмен енгізеді. Зонд немесе фистула арқылы тек сұйық тағамдарды енгізуге болады: сүт, сорпа, қаймақ, шикі жұмыртқа, ерітілген май, жемістер көжесі, сұйық кисель, жемістер шырындары, шай, кофе.